Бастауыш сынып мұғалімі
Дусембаева Убираның
қысқа мерзімді сабақ жоспары
03.05.16 Әдебиеттік оқу
4«Д» сыныбы
Сабақтың тақырыбы:
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
Жалпы мақсаты:
1) Оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту, шығарма мазмұнын ұғындыру, білімдерін жинақтап бекіту;
2) Оқушылардың өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту, ой – өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамытуға ықпал жасау;
3) Балаларды мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, қиыншылыққа төзе білуге, қайсарлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Топтық жұмыс кезінде: өзара сұрақ қою арқылы, өз пікірін айта білуге дағдыланады.
2. Оқыту барысында: диологты атқару арқылы сөйлеу мәнерін жетілдіреді.
3. Бір-бірін тыңдап, ой бөлісе алады.
Сілтеме:
1. «Әдебиеттік оқу» пәнінен оқыту әдістемесі (4-сынып).
2. 4-сыныпқа арналған «Әдебиетік оқу» оқулығы. Авторлары:
С. Рахметова, Т.Әбдікәрім, Р.Базарбекова.
3.Мұғалімге арналған нұсқаулық (Үшінші деңгей).
4. «СТО білім үдерісінде» әдістемелік құралы.
5. «Жусан иісі» бейнефильм және С.Мұратбековтың кітабы.
Негізгі идеялар:
Шығармашылық қиялын, ой – өрісін, сабаққа қызығушылығын дамыту, өзіндік ізденіс дағдыларын қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Оқулық, слайд, интерактивті тақта, аудиожазба, А3 қағаз, стикер, маркер, С.Мұратбеков пен Т.Алшынбаевтың портреттері, жетон, бағалау парақшасы «Сабақтағы менің орным», қалпақ (6 түсті), жусан, конверт, көгершін, кесте «Алты ойлы қалпақ»
Оқыту әдістері:
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер(жеке, жұптық, топтық жұмыс)
2.АКТ (слайд, аудиожазба, бейнежазба)
3.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету(«Бононың алты қалпағы», «Топтастыру», «Венн диаграммасы»)
4.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Қызығушылықты ояту (10 мин)
Ұйымдастыру бөлімі
(2 мин)
Топқа бөліну (2 мин)
Тапсырмалар
(6 мин)
Мағынаны тану
(20 мин)
Оқулықпен жұмыс
(8 мин)
Сергіту сәті (2 мин)
Тапсырма
(10 мин)
Психологиялық дайындық.
Әрқашан күн сөнбесін, Қасымда болсын мамам,
Аспанға бұлт төнбесін, Болайын мен де аман.
Оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау.
Түрлі түсті жетонды таңдау арқылы 6 топқа бөлінеді.
Құстар және символдар туралы айту.
Бейбітшілік құсы - ақ көгершіннің конвертке салынған тапсырмаларын №1 орындау.
Үй тапсырмасы: Т.Алшынбаевтың «Жақия» мәтіні.
«Топтастыру»
1.Автор туралы мәлімет 2.Кейіпкерді суреттеу
3 [pic] .Диалог 4. Жоспар құру
5.Қару-жарақты атау. 6. Құрастырған әңгімені оқу
(теңеу сөздер)
Тапсырма №2. Конвертті ашып, жусан шөбін
иіскету. Иісін сезіндіру, ажырату, қандай шөп
екенін айту.
Ой қозғау:
- Жусан деген қандай шөп? (Жусан-полынь- аrtemisia)
- Бұрын жусан туралы естігендерің бар ма?
- Бүгін біз Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесімен танысамыз.(Слайд)
- Мәтіннің авторы С. Мұратбеков туралы мағлұмат беру.(Слайд)
«Болжау»
- «Жусан иісі» әңгімесі не туралы деп ойлайсыңдар?
— Әңгіменің «Жусан иісі» деп аталу себебі неде?
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді тізбектеп оқу.
Аудиожазба «Жусан иісі».
Сөздікпен жұмыс. Түсіндірме сөздіктен жетім сөзіне анықтама беру.
Жетім – бір немесе екі ата-анасы қайтыс болған кәмелетке толмаған бала.
Бейнефильм «Жусан иісі»
Топтық жұмыс: әр топ берілген тапсырмаларды орындайды. Мәтінді талқылау, ақпараттар жинақтау.
Оқушылар өлең жолдарын бірге айтып, көңіл-күйлері туралы айтады.
Оқушылар 6 топқа (ақ, қара, сары, қызыл, жасыл, көк түстерге) бөлінеді.
Әр топтан жеке жауап береді, түсініктеме береді, жауаптарын
салыстырады.
Жусан иісін иіскейді.
Жусан туралы ақпарат алады. Сұрақтарға жауап береді.
Сайын Мұратбеков туралы мағлұматтар жинақтайды.
Балалар өз ойларын айтады.
Мәтінді тізбектеп
оқиды.
Жазбаны тыңдайды.
Дәптерлеріне жазып алады.
Бейнефильмді көріп, пікірлерін айтады.
Ой-толғаныс
(15 мин)
Тапсырма
(12 мин)
Рефлексия
(1 мин)
Бағалау (2 мин)
«Ойлаудың алты қалпағы» (Бононың алты қалпағы)
Топтық жұмыс. Әр топтан бір оқушы тақтада орындаған тапсырмаларын түсіндіреді.
Ақ: Әңгімеде қай кездегі оқиға баяндалады? Автор туралы мәлімет. Аянға мінездеме бер.
Қара: Қаралы қағаз алған Аян не істеді? Аянмен қоштасқан кезде достарының көңіл-күйі қандай болды?
Сары: Қораның ішін сипаттап жаз. Жусан исінің Аян үшін қандай маңызы бар?
Қызыл: Әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған? Мәтіннің ең соңғы бөлігін оқып, осы сұраққа жауап беріп көр. Әңгімені өз ойыңша жалғастыр. Аян бұл күні қайда болуы мүмкін? Аян сендерге қандай әсер қалдырды?
Жасыл: Аянға хат жазу. Бес жолды өлең құрастыру»
Көк: Әңгімеге жоспар жазу. Әңгімелеу.
Бейнефильм «Соғыс және жетімдік» (Интертактивті тақтада әнімен соғыс кезіндегі, қазіргі уақыттағы жетім балалардың суреттері көрсетіледі)
Қорытындылау
Сол кездегі «жетімдік» пен қазіргі кездегі «жетімдіктің» айырмасы бар ма?
Венн диаграммасы
Сол кездегі жетім балалар
1 Жоқшылықтан
2 Соғыс салдарынан жетім қалды
Қазіргі кездегі жетім балалар
1.Тәрбиесіздіктен
2.Ата – анасының құқығынан айырлыған балалар.
Сабақтың басында сіздер өз балалық шақтарыңызды еске түсірдіңіздер. Барлығы да қуанышты, күлкілі болды. Ал бүгінгі әңгімеде Аянның өмірінде ондай қуанышты сәттер мүлде болмаған. Көргені қорлық, жетімдіктің, соғыстың зардабы болды. Сондықтан Аянның тағдырын аямаған, сезінбеген адам болмаған шығар дей отырып сабағымызды қорытындылаймыз
«Бүгінгі сабақтағы менің орным» кері байланыс. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы оқушы ойын білу үшін кері байланыс сұрақтарын береді.
Берілген тапсырманы топ болып орындайды, талқылайды. Бір оқушы түсіндіреді, жауаптарын стикер арқылы желімдейді кестеге.
Өзіндік жұмыстанады, топта талқылап үздік жұмысты сыныпқа ұсынады.
[pic] [pic]
Оқушылар өздерін бағалайды.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазады.
Үй тапсырмасын беру
«Жусанның иісі» мәтінің оқып, мазмұндау(толық нұсқасын оқу)
Үй тапсырмасын орындайды.
Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді ауданының Ақын Сара ауылында тұрады. 1937 жылы дүниеге келген. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер.
Отбасында он бес бала бар. Аян – Науқанның өмірлік қосағы Тыматай апа. Кезінде ауыл балаларын ертегілерімен тамсандарған Аян бүгінде өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр.
Аянның жетім қалу себебі неде?
Қазіргі өмірдегі балалардың жетім қалуына кімдер кінәлі?
Жетім балаларға не жетіспейді?
.