Математика
Сабақтың тақырыбы: Жазбаша көбейту және бөлу 81*6 486:6
Сабақтың мақсаты:
1.Жазбаша көбейту мен бөлу тарауынан алған білімдерін бекіту, тиянақтау.
2.Ауызша есептеу дағдылары,логикалық ойлары ,дүниетанымы кеңиді,математикалық тілдері дамиды .
3.Шапшаңдық, ұйымшылдық тәрбие қалыптасады.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: топтық ,жұптық жұмыс
Сабақтың барысы:
І.Психологиялық ахуал
1.Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде.
Математиканы оқимыз,
Миымызға тоқимыз.
-Барлығыңа сабаққа сәттілік тілеймін.
2.Ауызша есептеу «3000 мысал» орындау.
ІІ.Тірек білімді еске түсіру
-Кез-келген санды 1-ге көбейткенде не шығады?(сол санның өзі шығады)
-Санды сол санның өзіне бөлсе не шығады?(1 шығады)
-2-ге қалдықсыз бөлінетін сандарды қандай сандар дейміз?(жұп сандар)
-0-ді санға бөлгенде не шығады?(0 шығады)
-Санды 0-ге көбейткенде не шығады?(0 шығады)
-Көбейтудің компоненттерін ата
-Бөлудің компоненттерін ата
-Ендеше осы ережелерді қолдана отырып көбейту мен бөлудің жазбаша түрін орындайық.
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Әдемі жазу: 81 486
2.Оқулықпен жұмыс
№1-мысал тақтамен жұмыс
279:3=93 328:4=82 71*8=568 91*8=728
186:3=62 228:4=72 61*9=549 53*3=159
3.Топтық жұмыс (№2-есеп)
І топ:
А)Түске дейін-427
Түстен кейін-?,7 есе кем
Ш:427:7+427=488(н)
Ж:барлығы 488 нан
ІІ топ:
ә)Түстен кейін -61
Түске дейін-?, 7 есе артық
Ш:61*7+61=488(н)
Ж:барлығы 488 нан
ІІІ топ:
Б)Түске дейін-427
Түстен кейін-61
Ш:427+61=488(н)
Ж:барлығы 488 нан
3.«Бәйге» ойыны
Өзіндік жұмыс(№3 қатар бойынша)
537:х=3 х:152=5 5*х=925
х=537:3 х=152*5 х=925:5
х=179 х=760 х=185
537:179=3 760:152=5 5*185=925
179=179 5=5 925=925
4.Сергіту сәті.
Мен сандар атаймын,сендер 2 санына қалдықсыз бөлінетін сандар аталғанда қолды екі рет шапалақтайсындар,қалдық болса үндемейсіңдер.
20,23, 48,200, 65,220,480,125,400,1000,69
5.Ауызша жұмыс.(№4-есеп)
Үлкен бидон – 12л Ш: 12:3+12=16(л)
ІІ бидон – ?,1\3 Ж:барлығы 16 литр
«Білімқұмарлар» қымыз деген не? (дерек)
6.Жұптық жұмыс. «Кім жылдам?»
108*5=648-108 177*4=948-240 309:3=50*2+3
7. «Тездет, бірақ қателеспе!» (№6-жаттығу)
716, 806
Шығармашылық тапсырма: Әкесі балаларын кезек –кезек апарады.
8. «Рейтинг» әдісі бойынша жауаптарын тексеру.
8*3:6*3:4*6:3*9:6*3=27 63:9*3:7*8:4*8:6*4:8=4
ІV.Рефлексия.
-Бүгін не үйрендік?
-Қай тапсырма қиын болды?
«Ойшылдар» ойынын ойнату.
-1 т неше кг? (1000кг)
-81 қай санның квадраты?(9)
-3-тің кубы(27)
-Тәуелсіздік күні қашан?(16 - желтоқсан)
-Тәуелсіздікке биыл неше жыл?(25 жыл)
-Ең нашар баға
-Сенің туған күнің қашан?
-Бесінші класта сен нешеде боласың?
-Бастауышта неше жыл оқисың?
Қабілетті оқушымен жұмыс:
1.Шешесі 41-ге толғанда ,қызы 11-ге толады.Ал қазір шешесі 33 жаста.Сонда қызы нешеде?(қазір қызы 3-те)
2.Шешесі ұлынан 3 есе үлкен.15 жылдан кейін ұлынан 2 есе үлкен болады.Шешесінің жасын тап.(45 жас)
3.Класта 36 оқушы бар.Әрбір 4 қызға 5 ұлдан келеді.Сонда неше қыз бен ұл бар?(20ұл ,16 қыз)
«Кім зерек?»
804 6 840 6 864 4
6 136 6 160 8 216
20 24 6
18 24 4
24 0 24
24 0 24
0 0 0
V.Бағалау.
Үйге тапсырма:№7-мысал .117-бет
Математика-толған тәртіп,
Мағына мен мән.
Математика-толған заңдылық пен сән,
Математика –толып жатқан сыр.
Шетсіз,шексіз дария,-деп сабағымызды аяқтаймыз.