Ашық сабақ Өз Астанам өз ордам 1 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Астана қаласы

32 мектеп-гимназиясының

Бастауыш сынып мұғалімі

Ахметжанова Меруерт Мухтархановна

[pic]

[pic]


Сабақтың тақырыбы: «Өз Астанам – өз ордам» Несіпбек Айтов

Тасымал.
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды еліміздің астанасы Астана қаласымен және тарихымен таныстыру. Оқушының дүниетанымын Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, тілін және ойлау, көру сезіну, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: елжандылыққа, туған жерін сүюге, түсінгенінен нәтиже шығара білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, видеопроектор, слайд, суреттер, сызбалар.

Пән аралық байланыс: Математика,музыка
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық.
Амансың ба, алтын күн

Амансың ба, көк аспан

Амансың ба, достарым

Жалқаулықты тастайық

Сабақты біз бастайық


Қонақтарымызбен амандасып алайық

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз

(Бүгінгі күнді, аптаны айту)


Үй тапсырмасын тексеру

«Бинго» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтаймыз. Ойында қандай сан шығады сол санның тапсырмадағы жұмбақты шешу. Жұмбақтықтың жауабынның бас әріптерін қосып, сөз құрау. АСТАНА сөзі шығады.

Жұмбақтар

1.Түнде жерге жарық береді.

Ал күндіз жоғалып кетеді Ай

2. Сырт-сырт етеді

Құлағыңна өтеді Сағат

3. Тастамайды бір елі

Үйін сүйреп жүреді Тасбақа

4. Қолыма иіріп атқаным не? Асық

5. Күнде жейміз

Тәтті дейміз

Қадыр тұтып

Құрметтейміз Нан

6. Өзі қызыл,өзі тәтті

Татқан жанды таңырқатты Алма

Астана сөзі шығады


Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз:

Тасымал. «Өз Астанам өз ордам» Несіпбек Айтов

Астана туралы сұрақ қою:

  1. Біздің Отаным қай ел?

Қазақстан Республикасы

  1. Отанымыз қандай?

Кең бай тақ, бай, көп ұлтты т.б.

  1. Қазақстан республикасының рәміздерін ата

Ту, елтаңба, әнұран

  1. Әнұранның авторлары кім?

Жұмекен Жәжмеденов, Н. Назарбаев, Шәмшә Қалдаяков

  1. Еліміздің президенті кім?

Н.Ә. Назарбаев

  1. Тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы қай қала?

Астана

  1. Астана қаласында қандай ғимараттар бар?

Бәйтерек, Хан шатыр, Думан, Аружан ойын сауығы, оқу орындар, мектептер, кітапханалар, ауруханалар т.б.

  1. Бәйтеректің биіктігі қанша метр?

97 метр

  1. Астана қаласынан қандай өзен ағып жатыр?

Есіл өзені


Автор туралы мәлімет беру

[pic]

Несіпбек Айтұлы -  [link]
9. Сабақты қорыту
- Бүгін Отанымыздың бас қаласы Астана туралы толық білдік
- Өткен сабағымызда айтқандай өзіміздің туған жеріміз Қазақстаннан артық жер жоқ. Біздің Астанамыз жайқалған жас қаламыз, ұрпақтан ұрпаққа аңыз болып айтылатын ардақты қала болсын!- дей келе сабағымызды аяқтайық.
10. Бағалау
- Бүгінгі сабаққа үй тапсырмасын тиянақты орындап келген және жаңа сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.
11. Үйге тапсырма
- Астана өлеңін мәнерлеп, түсініп оқып келу
- Ал енді балалар сабағымыз аяқталды.