ҚМЖ Математика Санды 3-ке көбейту

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ: Математика

« Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп» КММ

Күні: 03.05.2016.

Мұғалімнің есімі:Тоғызбаева А.Х.

Сынып: 2 «А»

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Санды 3-ке көбейту

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

Санды 3-ке көбейту кестесін құрастыру, оқып үйрену

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

3-ке көбейту кестесін құрастырады, оқиды, тапсырмаларды орындауда қолданады.

3-ке көбейту кестесін құрастырады, жаттауды жалғастырады

Оқушылардың басым бөлігі:

3-ті көбейтуге және 3-ке бөлуге берілген өрнектердің мәнін табады;есептерді талдайды, шығарады.


Кейбір оқушылар:

Қалдықпен бөлуге байланысты іс-әрекеттерді орындайды; Сызба бойынша өрнектер құрастырады; шығармашылық тапсырманы орындайды.

Тілдік мақсат

Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейтіндігін,көбейту мен бөлу өзара кері амалдар екендігін дәлелдейді.

Негізгі сөздер мен тіркестер: : Көбейткіштер, көбейтіндінің мәні, Бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні, кері амалдар,сантиметр, ондықтар,бірліктер

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер... «.... көбейту үшін, санды 2-ге көбейтіп, оған сол санды қосамын», «... мен .... көбейтіндісі.... тең», «ондықтарды көбейту үшін.....», «............. бөліп бергенде, ......артылып қалады»

Жазылым үшін : Есептің шарты, шешуі, жауабы; сантиметр, көбейту\*\ және бөлу\:\ белгілерін дұрыс қою.

Талқылауға арналған тармақтар: -Санды 3-ке көбейтудің жолдарын көрсет.

-Есептің шешу жолы қандай?

-Киіз үйді не үшін қолданған?

-Ұзындық бірліктерін қалай көбейтеміз?

-Неше кітап артылып қалды? Неге артылып қалды?

-көбейтіндінің мәнінен бөлуге қатысты өрнекті қалай шығарамыз?

Жазылым бойынша ұсыныстар : №2 және №3 тапсырмаларда есеп шартын, шешуін, жауабын жазып көрсетеді; №4,№5 тапсырмаларда көбейтінділердің мәнін тауып жазады; №7 тапсырма бойынша сәйкес бөлу амалының екі нұсқасын көрсетеді.

Алдыңғы оқу

Көбейту мен бөлудің компоненттері, 2-ні көбейту кестесі,геометриялық фигуралар, ұзындық бірліктері.


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Психологиялық дайындық.

«Комплимент» ойыны. Шеңбер құрып , бір-бірінің жақсы қасиеттерін кезекпен айтып шығады.

Шағын топтарға біріктіру. Геометриялық фигуралар таңдау арқылы топтасып отырады;

Топ жетекшісін сайлайды.

Бағалау парағы ұсынылады.

3. Топтық жұмыс «Миға шабуыл»

Сіздер таңдаған фигуралар мен цифралар арасында қандай байланыс барын дәлелдеңіз.

Сіздерге берілген фигураның барлық қабырғалары 2 см болса, оның периметрі қанша болады?

Ал, егер 3см болса ше?Онда не істейсіздер?

\ әр фигураның периметрін 3 см деп алып есептейді\

Сұрақ: Бұдан қандай қорытындыға келдіңдер?

Бүгінгі сабақта нені қарастырамыз?

\Оқушылар сабақ мақсатын қояды\







Геометриялық фигуралар

Сабақтың ортасы

25 минут




1.«Ойлан, жұптас, талқыла» №1 тапсырма

\әр топтан бір оқушы тақтада түсіндіріп береді\

1-топ: 3*3=3*2+3=9 9:3=3

2-топ: 4*3=4*2+4=12 12:3=4

3-топ: 5*3=5*2+5=15 15:3=5

4- топ: 6*3=6*2+6=18 18:3=6

2.«ЖИГСО» әдісі- №2, №3, тапсырмаларды орындау

1 топта – 2-тапсырманың а\ бөлігі

2 топта – 2-тапсырманың ә\ бөлігі

3 топта – 3-тапсырманың а\ бөлігі

4 топта - 3-тапсырманың ә\ бөлігі

Топтардың өзара бағалауы: смайликтер арқылы.

Бағалау критерийі:

Қысқа шартының дұрыс жазылуы-1 балл

Сұрақ дұрыс қойылуы-1балл

Шешуінде амалды дұрыс таңдауы-2 балл

3.Сергіту сәті

«Бәйге» ойыны: Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Шеңбер ортасына мәре сызығы белгіленеді де, оқушыларға 2-нің көбейту кестесінен мысалдар айтылады. Дұрыс жауап берген оқушы бір қадам алдыға жылжып отырады.Сөйтіп мәреге бірінші жеткен оқушы бәйгені жеңіп алады.

4.Өздік жұмыс. Дәптерге №4, №5а\ және ә\ бөлігінің 1-2 бағанын орындау.

Жұппен тексеру, критерий бойынша бағалау:

Барлық өрнектің мәні дұрыс болса-10 балл;

1-2 өрнектің мәнін табуда қате болса-7 балл:

3-5 өрнекте қате болса-5 балл

Дәптерге әдемі, таза жазылса-5 балл

Жазуда коллиграфия сақталмаса, бірақ таза жазылса-4 балл;

Коллиграфия және таза жазу сақталмаса -3 балл 14-15балл-«5»

11-13 балл-«4»

9-10 балл- «3»

5.Тәжірибелік жұмыс: №6 –тапсырма бойынша әр топқа әртүрлі заттар тобын беру арқылы 3-ке бөлуде қалдықтың қалуы туралы ұғымдарын қалыптастыру.

1-топқа: 14 қарындашты үш-үштен қанша балаға беруге болады?\ А деңгей\

2-топқа: 16 фишканы үштен неше балаға бересіңдер?Сонда қаншасы артылып қалады? \В деңгей\

3-топқа: 19 кітапты ше? Нешеуі артылып қалады?\ В деңгей\

4- топқа \С деңгей\: Суретте көрсетілгендей, 3 қатарға 4 ағаштан отырғызылды. Неше ағаш отырғызылды?

Неге: 4*3=12 жауабы дұрыс емес?

6.Жұптық жұмыс №7 тапсырманы орындап, қорытынды шығару








Оқулық, тақта, маркер

Оқулық №2,№3, тапсырмалар,







Дәптер, оқулық, қалам

Слайд: тапсырма критерийі

Фишкалар




Слайд: ат жарысы, музыка

Компьютер, проектор,буфер






















Қарындаштар, фишкалар, кітапшалар,сызба\ағаштар\


Сабақтың соңы

10 минут

1.Үйге тапсырма: №4 ә\, №5 3-4 баған,шығармашылық тапсырманы орындау.

2. Бағалау. Топ бағалаушыларын тыңдау. 3.Кері байланыс: Еттартқыш-түсінбеген тапсырмалар, чемодан-мен жақсы түсіндім,корзинка-мен бұл тапсырмаларды бұрыннан білемін.





Еттартқыш, чемодан,корзинка, стикер


Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?





Пән аралық байланыс :

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері:

АКТ мен байланыс : Слайд: киіз үй көрінісі, ат жарысы, музыка


Құндылықтармен байланыс:


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?