Открытый урок Мама - святое слово

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...






[pic]










[pic]






















Cабақтың тақырыбы: «Ана – ардақты ат»


Сабақтың мақсаты: «Ана – ардақты ат» деген тақырыппен жұмыс өткізу, мақалдармен, жұмбақпен жұмыс откізу; түрлі жаттығу жасау; ананы, әжені құрметтеуге, сүйеуге тәрбиелеу.

Жаңа сөздерді, жаңа сөз тіркестерді өзгерту.

Көрнекі кұралдар: таблица, жаңа сөздер.


Сабақтың барысы:


  1. Класс ұйымдастыру.

  2. Үй жүмысын тексеру.

    • Үйге қандай тапсырма берілді?

(Ана туралы, әже туралы, сіңлі туралы әңгіме құрастырып жазуға)

  1. Жаңа тақырыппен жұмыс откізу.

  1. Мен сізге тақпақ оқимын, сіздер сұраққа жауап беріңіз.

«Бүл қай кезде болады?»

Бу ұшады жоғары,

Сайларға су толады.

Дүрілдейді трактор,

Түрленеді қырат-қыр.

Жұпары аңқып даланың

Иісі мұрын жарады.

Бұл қай кезде болады?

(Көктемде)

  • Маған көктем айларын атаңдар! (наурыз, сәуір, мамыр)

  1. Сөздік: көктем, наурыз, мереке, ана, әже.

  • Сегізінші наурызда қандай мереке болады?

Тақтаға жазу: 8-наурыз – халықаралық әйелдер күні.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Ана – ардақты ат»

  1. Таза жазу жұмыс өткізу.

  • Балалар, біздер таза жазу жүмысын осылай өткіземіз.

Тақтада: Құрметті менің анашым! Сізді 8-наурыз – көктем мерекесімен, халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Зор денсаулық, мол бақыт, табыс, ұзақ өмір тілеймін.


Құттықтаушы балаңыз.... қызыңыз...

  1. Мақалдармен жүмыс.

  • Бала тәрбиесі бесіктен.

  • Ағайыналтау,

Ана біреу.

  • Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап қыз өсер.

  • Ананың сүті-бал.

Баланың тілі-бал.

  • Күнің шуағы жылы

Ананың құшағы жылы.

  1. Тақпақты есіңе сақтап жазу (Письмо по памяти)

I қатар:

«Ана»

Ана – біздің күніміз!

Ананың біз – гүліміз!

Бізді, ана, қуантып,

Ұзақ, өмір сүріңіз!


II катар:


«Кім ардақты?»

Ең ақылды Дана,

Ең пейілді – Дала,

Ең қымбатты – Бала,

Ең ардақты – Ана.


  1. Тақпақтарды айту.

«Әже»

Тентек болсам ашынып,

Жақсы іс қылсам асырып,

Маған сақтап жүреді,

Тәттіні де жасырып.

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін, әндерін

Біздің үйде осындай

Әжетайым бар менің!


«Құттықтау»

Қуанышы баланың –

Қуанышы ананың.

Қуанышы ананың –

Қуанышы баланың.

Бізді өсірген, апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсың, апатай,

Құтты болсын, мерекең.


«Әжем келді, алақай!»

Әжем келді, алақай!

Әжеме кел, балақай!

Қолтығанан демейік,

Көрпе төсеп берейік.

Тынығып, әже, сергіңіз.

Ертек айтып беріңіз.

Әже сүйген баламыз,

Сізден тәлім аламыз.


  1. Текстпен жұмыс өткізу.

  • Тексті тындап алыңыз, мазмұнын айтып бересіңдер.

  • Сұрақтарға жауап бересіңіз.


«Ана»

Жер бетіндегі ең асыл сөз – Ана. Адам алғашқы сөзін осыдан бастайды. Ананың қолы ең қасиетті, аялы қол, ол нені болса да істей алады. Ананың жүрегі – ең сенімді және сезімтал жүрек. Оның көзінен еш нәрсе қалтарыс қалмайды.

Сенің жасың мейлі бесте болсын, мейлі елуде болсын, саған әрқашан да ана керек. Оның аясы, мейірімі керек. Сенің сүйіспеншілігің зор болса, анаң шексіз қуанышқа бөленеді.


Жаңа сөздермен танысу:

Ең – самый (-ая, - ое);

Алғаш – впервые;

Сезімтал – чувствительный;

Сенімді – доверчивый, надёжный;

Аясы, мейірімі керек – нужна её нежность, забота;

Жер бетіндегі – на земле;

Аналық жүрегі – сердце матери;

Сүйіспеншілігің – твоя любовь;

Қалтарыс қалмайды – не останется незамеченным;

Шексіз қуаныш – большая радость.


Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Жер бетіндегі ең асыл сөз қандай сөз?

2. Кімнің қолы ең қасиетті, аялы қол?

3. Кімнің жүрегі ең сенімді, сезімтал жүрек?

4. Кімнің көзінен еш нәрсе қалтарыс қалмайды?

5. Кімге ананың аясы мен мейірімі керек?


8. «Ана туралы жыр» деген әнді орындайық.

Ән: «Ана туралы жыр».

1. Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың,

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым,

Өзіңе арнаған.


Қайырмасы:

Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісің,

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Коңіліңді көктемдей,

Көзіңнен танимын.


2. Өтеуге борышым,

Анашым, жан, сырым.

Іздедім сен үшін

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын,

Сыйлар ем, кеш мені,

Сыйлар ем кеш мені,

Қолыма түспеді.

9. Текстпен жұмыс өткізу.

«Өз анаңызды сыйлаңыз»

Бір Егіпет папирусында бұдан үш мың жылдан аса бұрын әкесінің ұлына айтқан өсиеті жазылыпты. Онда балалардың анасын сыйлауы туралы былай делінген екен:

«Анаңа беретін нанды екі есе көбейт, сені ол бір кезде қалай сақтаса, сен де оны солай сақта.

Ол саған көп қамқорлық жасады. Сен туғаннан кейін, ол сені бірнеше ай қолынан түсірмей, көтеріп жүрді. Сен ауырғанда ол қайғырды, сені күтті. Сені тәрбиелеуге өл көп еңбек сіңірді.

Ол сені мектепке дайындады, оқытты. Саған киім кігізді. Мектептен келгенде, тамақ әзірлеп қойды, кірінді жуды.

Сен жігіт болғанда да, үйленгенде де анаңды ұмытпа. Оның сені тауып мәпелеп өсіргенін есіңе ал. Оны еш уақытта да ренжітпейтін бол!...»


Жана сөздермен танысу. Тақтада.

Айтқан өсиет – высказанное поручение, завещание;

Ол қайғырды – она переживала, печалилась;

Оны еш уақытта да ренжітпейтін бол – не огорчай её никогда;

Мәпелеп өсіру – бережно вырастить;

Есіңе ал – вспомни;

Екі есе көбейт – удвой;

Қамқорлық жасау – заботиться;

Көп еңбек сіңірді – вложила много трудов;

Тұғаннан кейін – после твоего рождения.

  • Тексті орыс тілге аударыңыз.

  • Мазмұнын айтып беріңіз.


10. Әдепті бол: ата – анаңды ренжітпе, тіл алғыш бол!

  • Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атыңа ауыр жүк артпа.


11. Тақпақты дәптерге жазу.

Әрқашан күн сөнбесін!

Аспанан бұлт төнбесін!

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман!


12. Текстпен жұмыс өткізу.

«Ана»

Ананың махаббатына, ананың тілегіне еш нәрсе жетпейді. Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол – ана!

Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол-ана! Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол-ана! Міне, анаға деген махаббат туған күніңнен-ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген ардақты ат. Ананы құрметтеп, сыйлай біліңдер!

  • Текстің мазмұнын айтып беріңіз.


IV. Сабақты қорыту.

Қандай тақырыппен жұмыс откіздік? Ана деген қандай ат?

  1. Үй жұмысы: ана туралы, әже туралы тақпақтарды жаттап алыңыз.

  2. Оқушыларды бағаландыру.