Түбір мен қосымша 3 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




 «Оралхан Бөкей атындағы№44 мектеп-лицейі»КММ













Тақырыбы:Түбір мен қосымша









Сыныбы:3 «Д»

Өткізген:Нурланова Н.Н.









Өскемен қаласы

2013-2014 оқы жылы

Тақырыбы: Түбір мен қосымша

Мақсаты: Оқушыларға түбір мен қосымша туралы берілген түсінікті бекітуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен, топпен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Түрі:аралас типі:бекіту

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме, жанкүйерлер!Көңіл-күйлеріңіз қалай?Біз сіздермен бүгін кімге жанкүйер болып отырмыз?

-Ол қай жерде өтіп жатыр?

Ал қане олай болса қай спорт түріне жанкүйер боламыз?

Біздің елімізге әлі медаль алмапты, енді оларға біз көмек көрсетіп жанкүйер боламыз.ол үшін не істейміз?

Біздің спортшылар берген тапсырмаларын орындайық.

Олай болса, сочи олимпиадасынан қысқаша үзінді көрейік.Осы жерде бізде үш топ отыр екен.Топқа бөлу.Топ басшы сайлау

І топ-журналисттер

ІІ топ-әншілер

ІІІ топ спорт коментаторлар

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Біздің елден мәнерлеп сырғанаудан кім қатысушы еді?

-Денис Тен

-Енді біз Денис Тенге жанкүйер болу үшін үй тапсырмасын қайталап жіберейік.

62-жаттығуды тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Ал, енді дәптерлеріңді жинай қойыңдар!дәптерлерін тарату.Ескерту айту

Мақсат қою кезеңі: Сендермен енді қандай спорт түріне жанкүйер болатынымызды білу үшін біраз үзінді көріп алайық

Енді біз сендермен ары қарай қай спорт түріне жанкүйер боламыз?

Биатлон сайысының спортшысы сендерге сөзжұмбақ беріпті?

Сол сөзжұмбақты топ болып шешіп жауабын айта қойыңдар!

І топ-сөз құрамы

ІІ топ-Түбір

ІІІ топ-қосымша

Бүгінгі күнді дәптерге жаздыру.Сынып жұмысы

Көкем жазуға Уу әріпін жазғызу

У әріпінен басталатын сөздер

У әріпіне арналған ережелерді сұрау

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

Келесі біз конькимен 500 метрге жүгірушілерге жанкүйер болайық.

Кітаппен жұмыс 64 жаттығуды орындату

Түбір сөздегі п дыбысының у дыбысына өзгергенін байқату.Сөйлем құрату

Фристайл спортшыларына жанкүйер болу үшін сендер мына суретке мәтін құрай қойыңдар

Шығармашылық тапсырма

І топ-Мәтін

ІІ топ-Бес жол өлең

ІІІ топ-өз ойларынан өлең құрату

Мәтін дегеніміз не?

Мәтін түрлерін ата?

Сноубордшымыз осы Шығыс Қазақстан облысының спортшысына жанкүйер болу үшін

Сөздік терме диктант жазамыз.Үш топқа сөздер айтып тұрамын

І топ-түбір

ІІ топ-жұрнақ

ІІІ топ-жалғау жалғанған сөздерді теріп жазамыз

І топ-алмұрт, мысық,талап

ІІ топ-қалашық, шаңғышы,өнерпаз

ІІІ топ-Мұғалімнің, сүттен,сыныпта

Сергіту жаттығулары

Бір, екі, үш,
Қане, қанат қағамыз.
Бір, екі, үш,
Қарлығаш боп ұшамыз.
Бір, екі, үш,
Жинап алдық күш.
Соз қолыңды оң жаққа,
Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай
Шеңбер жасап тұрғандай

Шорт-трекшілерге жанкүйер болу үшін 67жаттығуды орындайық.

Ауызша орындап, тақтаға сөз құрамына талдайды.

Хоккейшілерге жанкүйер болу үшін сәйкестендір ойынын ойнайық

Оқу, оқушы, оқулық оқуға

Сый, сыйлау,сыйлық, сыйлы

Ек, егін, егіндік, егінші, егінді



Тест

1.Дұрыс жалғанға қосымшаны тап

а)кіпат

ә) кітабы

б)кітапы

2.Жұрнақ жалғанған сөзді тап

а)көлдер

ә) батырлық

б)досым

3.Қосымшаның неше түрі бар?

а)1

ә) 2

б)3

4.Түбірге жұрнақ пен жалғаудың қайсысы бұрын жалғанады?

а)жұрнақ

ә) жалғау

б)қосымша

5.Түбірлес сөздер ішінде артығын тап

Еңбек, еңбекқор, бейнетқор, еңбекші, еңбектен

а) Еңбек

ә) еңбекқор

б) бейнетқор

Қорыту.

Бүгін не жайлы өттік?

Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Үйге тапсырма:

  1. 69-жаттығу

  2. І топ-Мәтін

  3. ІІ топ-мақал-мәтел

  4. ІІІ топ-өлең жолдары

Бағалау