Қазақ тілі .Тақырыбы: Зат есім 2 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Зат есім.


Сабақтың мақсаты: Зат есім туралы түсініктерін кеңейту, сұрақтар қоя білуге үйрету.

Ойлау есте сақтау қабілетін дамыту.

Шапшаңдық пен жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сауатты, көркем жазуғаүйрету.


Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер.


Сабақтың түрі: Өз бетімен жұмыс, топтық жұмыс


Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ


Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.


Қазақ тілі-бал тілім.

Өзің барда шалқыдым.

Тілімнен нәр табармын,

Тіліме кір тағар мін -деп сабағымызды бастаймыз.


II. Үй тапсырмасын тексеру.

-Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?

-Қане, кім айтады?

4-жаттығу.


III. Жаңа сабақ.

Сөз таптары:

1. Зат есім

2. Сын есім

3. Сан есім

4. Етістік


-Зат есім дегеніміз не?

-Зат есім дегеніміз –заттың атын білдіретін сөзді айтамыз.

Сұрақтары: Кім? Кімдер? Не? Нелер?

Мысалы: Айдос ойнады.


1. Жеке жұмыс. Әр оқушы зат есімдерді топтастырады. Зат есімдер тақтаға жазылады.

2. Оқулықпен жұмыс:

1-жаттығу. Өлеңді оқы. Кім? не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бөлек жаз.


Кім? Не?

Іні машина

әпке арба

аға шана


2-жаттығу. Сөздерді оқы. Кім? не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі топқа бөліп, әрқайсысына сөйлемдер құрастырып жаз.

Кім ? Не?

Ата кірпіш

Апа шыны

Ағатай сағат

Інішек қант

тауық

кептер


-Ережені оқиық балалар.

-Зат есім дегеніміз –заттың атын білдіретін сөзді айтамыз.

Сұрақтары: Кім? Кімдер? Не? Нелер?


Сергіту сәті:

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз,

Көзді салып қараңыз

Былай қанат қағамыз.



-Ал .кәнеки ,балалар бойымызды жазсақ ,онда ары қарай жаттығулар орындайық.

3- жаттығу.

Жаңылтпашты жатқа айт. Зат есімдерді тауып сұрақ қой.

Аралда бар аралар,

Қалай бара алар балалар?



5-жаттығу. Дәурен сөздерді төмендегіше топтап жазды. Оның топтауында қате болса, түзетіп оқы. Дәптерге жазайық.


Сабақты бекіту: Тест жұмысы.


1. Зат есімді тап.

А) көмектесу ә) көйлек б) жүз

Дұрыс жауап: ә


2.Зат есімнің сұрақтарын тап.

А) нешінші ? ә) қайда? б) кім?

Дұрыс жауап: б


3. Туынды сөзді тап

А) кітапхана ә) жол б) жаз

Дұрыс жауап:а


4.Түбір сөзді көрсетіңіз.

А)жазғы ә)күз б) ашулы

Дұрыс жауап: с

Сабақты қорытындылау . -Зат есім дегеніміз не?

-Қандай сұраққа жауап береді?

Үйге тапсырма беру: 4-жаттығу жазуға. Ереже жаттау.