Математика 9 санын қосу және азайту

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:

1) білімділік: 9 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру (сандар құрамы туралы білімдеріне, бөліктер бойынша, қосу мен азайту амалдарының өзара байланысы негізінде және қосудың ауыстырымдылық қасиетіне сүйену).

2) дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Логикалық ойлауын, есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділігін арттыру.

3) тәрбиелік: ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі (типі): білімін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру

Сабақтың ұйымдастыру түрі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, практикалық жұмыс, өзіндік жұмыс.

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі: түрлі суреттер, ойындар, сөзжұмбақ.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу

б) психологиялық дайындық

Күндей күлімдеп, айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап, судай мөлдір таза көңілмен математика сабағын бастаймыз.



1. Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

8 санының құрамын жатқа сұрау

7санын 1-ге арттыр

7санын 1-ге кеміт

6 санын 2-ге арттыр

8 санын 2-ге кеміт

ІІІ. Өткен материалды пысықтау.

«Жоғалған санды тап» ойынын ойнату.



Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қайталау.

ІІІ. Жаңа түсініктер мен әрекеттердің қалыптасуы

Сөзжұмбақ шешкізу

1- Қыстың  бірінші  айы        / қаңтар/                2- Кішкене  ғана  бойы  бар,  айналдырып   киген  тоны  бар. /қой/  3- Одан алтаның  сабы жасалады    /ағаш/        4-  Сөз  неге  бөлінеді?    / буын/     5- Оқушы  құралы. /сызғыш/

Оқулықпен жұмыс.

1. Оқушылармен бірлесе отырып 9 санын қосу және азайту кестесі құрастырылады. 9 санын бөліктер бойынша қосу тәсілі көрсетіледі. Содан кейін қосылғыштардың орнын ауыстыру тәсілі түсіндіріледі.

1 10



1+9=10 9+1=10 10-9=1



Ү.Жаңа материалды меңгерту.

Оқулықпен жұмыс.

1. Оқушылармен бірлесе отырып 6 санын қосу және азайту кестесі құрастырылады. 6 санын бөліктер бойынша (2 мен 4, 3 пен 3) қосу тәсілі көрсетіледі. Содан кейін қосылғыштардың орнын ауыстыру тәсілі түсіндіріледі.

1 10





Сурет бойынша түсіндіру.гүлдер.

Дәптермен жұмыс.

1. Бос орындарға тиісті сандарды тауып жазу.

1+9=10 9+1=10 10-9=1

2. Есептің шартын толықтыру. Есепті қысқаша жазу және шығару.

Аққу – 7

Қарақу – ?, 2-еуі артық

Шешуі: 7+2=9 (қ)

Жауабы: 9 қарақу

3. Шарларды тиісті түстермен бояту. Кішкентай шар көк пен қызыл шардың ортасында, ал қызыл шар жасыл шардың жанында тұратындай бояйды.

4. Өрнектердің мәндерін тапқызу.

6+4=10 10-6=4 10-7=3 4+5=9

7-4=3 7+3=10 8-5=3 7+2=9

2+6=8 8-5=3 3+4=7 7-5=2

Сергіту жаттығуы

Кел ойнайық? Ойыны Үлестірме 3 топқа беру.

5. Кеменің жүру жолын жалғастыру.

V. Үй тапсырмасы туралы мәлімет беру кезеңі

9 санын қосудың кестесін жаттау.

4. (136-бет);

V. Сабақты қорытындылау.

«Кім жылдам?» ойыны:Әр топқа хат келді. Хаттың іщіндегі есепті шыққан нәтижесіне қарай жәшікке салу.

Шығармашылық тапсырма:

  1. 3 балапанның неше аяғы бар?

  2. 9 Қойдың неше басы бар?

  3. Аулада жүр 9 тауық кетіп қалды3 тауық.Қалды қанша тауық.?



VІІІ. Үйге тапсырма беру: 9санның кестесін жаттау. 5-тапсырма (122-бет).

VІ. Оқушы білімін бағалау.

Оқушыларға баға қою және сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.