Интеллектуалды сайыс Сиқырлы сандар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...








[pic]











[pic]























[pic]



Математикалық сайыс “Сиқырлы сандар”. 4-сыныптарға арналған.

 «Сиқырлы сандар» математикалық сайыс.

Мақсаты:
1)      Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру.

2)      Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін, ұжымшылдықтарын дамыту.

3)      Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу.

Түрі: жарыс сабақ

Көрнекілігі: қанатты сөздер, сөзжұмбақтар

Барысы: 
1.
Ұйымдастыру

1. Таныстыру.

2. Ой сергіту.

3. «Сандар сыры»

4. «Мергендер»

5. «Кім жылдам?»

6. «Сиқырлы әріптер»

Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері! Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін «Сиқырлы сандар» атты сайысқа жиналып отырмыз. Бұл сайыста екі топ білімдерін сынағалы тұрмыз. Олай болса, сайысымызды бастайық.

Сайысты бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдында дайындалып қойылған. Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу, тәртібімен таныстырайық.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

Әр кезең  5 ұпайлық жүйемен бағаланады.

І. Таныстыру.

Әр топ өздерін таныстырады.

« Әл - Фараби» тобы
Ұраны:». «Қандай болса – дағы беріспе, әрқашанда ұмтыла біл жеңіске»
Амандасуы:
Бастары компьютердей
Бойлары бәрі бірдей.
Жастықты бірге өткізген
Құрбыларға өрімдей – сәлем!

«Әділқазыларға сәлем»:
Достықпенен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін «Әл - Фараби»- дың әділ сына.

Жүргізуші: Келесі кезекте «Әл - Хорезми» тобы
Ұраны: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл

Амандасуы:
Құны бір құрдас,
Жаны бір жан дос.
Тілегі бір, жүрегі бір,
Бірге өскен жолдас,
Сендерге де бір сәлем!

«Әділқазыларға сәлем»:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер

ІІ. Ой сергіту.

Ойынға кіріспес бұрын сергіту сәтін өткізіп жіберейік.

  1. Екі қолда қанша саусақ бар, он колда ше?(10, 50)

  2. 3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3)

  3. 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма? (тең)

  4. Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)

  5. Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)

  6. 1 т мақта ауыр ма, әлде 10 ц темір ауыр ма? (тең)

  7. Бір жанұяның 5 ер баласы, және олардың әрқайсысында қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6)

ІІІ. «Сандар сыры»

Сайысымыз «Сандар сыры» деп аталады. Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады)

1 топ.

  1. 2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.

  2. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.

  3. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.

  4. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

  5. Бір тал кессең, он тал ек.

  6. Бес саусақ бірдей емес.

2 топ.

  1. 100 сомын болғанша, 100 досын болсын.

  2. Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жолға азық ал.

  3. Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.

  4. 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.

  5. Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.

  6. Бір жақсы дос, жүз туыстан артық.

IV. Мергендер.

Жас достарым мұны жақсы ұғайық

Математика ғылымы құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың мәніне,

Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де- төртінші кезең «Мергендер».

Топ сайыскерлері қойылған сұраққа кезектесіп жауап береді. Дұрыс жауап алынған топқа ұпай қосылады. (5 ұпай)

1) Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)

2) “ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне –бірі:

-         Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді.Олар бірін – бірі қалай көреді?
(Қарғалар бір-біріне бетпе-бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.)

V. «Кім жылдам?»

Қадірін білсең егер сен,

Қол ұшын берер ол саған

Есептеп жүрсең бәрін де,

Сүрінбейсің өмірде – келесі сайысымыз «Кім жылдам» деп аталады.

VІ. «Ойлан, тап» анаграммалар «Сиқырлы әріптер»

«Ойлан тап» атты анаграммаларды шешу сайысын басталық. Әріптерді дұрыс орналастыру арқылы математикалық терминнің атауын аласыздар.


Қорытынды. 
Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау.