«Диалог негізінде оқыту және оқу»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Астана қаласы Білім Басқармасы











Тақырыбы:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

«Диалог негізінде оқыту және оқу»

















Автор: Тұртаева Күләзия Тұрғынқызы

32 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі





Астана,2016жыл

[pic]

Шығармашылық тақырыбым:

«Тіл сабақтарында арқылы ауызша , жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру»

Тұртаева Куләзия Тұргынқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Астана қаласы №32 мектеп-гимназия



Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі

жаңадан жаңаны табатын өнер”

Ж.Аймауытов

Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту-бүгінгі күннің басты міндеті. Ең бастысы білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіру,ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындату.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев халқымызға жолдауында

« Қазақтың ел болуы , ұлт тағдыры-оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына келіп тіреледі » - деген еді. Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мекемелерде қазақ тілін ғылыми негізде оқытуға басты назар аударылуда.

Сабағымды «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін көбінесе басшылыққа ала отырып , диалог негізінде оқыту және оқуды таңдап алдым. Метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Менің бұл тақырыпты алу мақсатым «Жеке тұлғаны тәрбиелеу саналы,өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету» .Сондықтан да әр сабақ, дайындықты көп қажет етеді.Сонымен қатар ойлануға көп уақыт берілуді қажет етеді.Осы әдіс тәсілдер арқылы оқушылар топпен, жұппен жұмыс жасауды үйренді. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «қалай оқу керектігін үйренуді» ғана біз көбінесе қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Оқушыларға проблемалық сұрақтар қою арқылы менің байқағаным, қойылған сұрақтарға кейбір балалар толық жүйелі жауап бере алатынын,ал кейбір балалар қысқаша жауап беретінін байқадым.Санжар қысқаша жауап бере салатынын,басқа оқушылардың іс әрекетінен олардың берген жауаптарынан байқадым. Әрбір оқушының іс-әрекетін олардың берген жауабын бақыладым.Сондағы мені таңқалдырғаны балалардың ойы ұшқыр,ойы терең,бірақ сол ойларын жүйелі жеткізе алмайтынына көз жеткіздім.Ал осы диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой- пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін түсіндім. «Қалай оқу керекігін үйрену» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсеткен. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызуғышылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Выготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым - қатынас үдерісінде, яғни анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым - қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын оқушы ретінде суреттейді. Сонымен қатар Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. Александр (2004) білім берудегі әңгімелесуді қарым қатынас жасаудың бірсаранды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжыды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) зерттеуіне әңгімелеу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар деген.Олар: Әңгіме дебат,зерттеушілік әңгіме,топтық әңгіме.

Барлық жылдам оқыту технологияның негізгі тілдік қарым-қатынас тудыру арқылы оқыту болып табылады. Сөйлесу –бұл адамдардың тіл арқылы байланыс жасау процесі. Ақпараттық коммуникативтік біліктілікті қалыптастыруда сөз, сөз тіркесі, сөйлем, бейімделген мәтіннен басқа оқушы мен оқытушы арасында белгілі бір жағдаят немесе тақырыпқа сай іс-әрекеттік білім беру дәрежесіне байланысты болуы керек. Ол үшін көп жұмыс жүргізілу қажет. Сынып оқушыларының көпшілігі орыс тілде сөйлейтін балалар , яғни отбасында олрдың ата аналары орыс тілінде сөйлейді.Осы жағдаяттар менің жұмыс жүргізуіме көп кедергі келтірді.Сол себепті балаларға көбінесе тіл үйретуде ең басты міндет-оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру мен үшін бірінші орынға қойылған мәселе болды. Оқушылар тілдің грамматикасын білу арқылы бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді.Біріншіден сұрақ-жауап әдісі ең тиімді әдіс, оқушылардың көру қабілеттерін ойлау қабілеттермен ұштастыра дамытады. Барлық сабақ барысында диалогтік оқыту арқылы іске асады. Диалог арқылы оқушы өз білімін көрсетеді, диалог арқылы жаңа мәліметті оқушыға жеткізеді. Ал диалог ұғымын тереңірек қарастырсақ - ол екі немесе бірнеше адамның ауызекі тілде сөйлесуі,яғни тілдесуі арқылы іске асады. Яғни, ол сабақ кезінде іске асатын үрдіс. Ол мына жүйе бойынша жүргізіледі:

1.Мұғалімнің үй жұмысы, жаңа сабақты қорытындылау кезеңінде сабақ туралы нақты сұрақтар қойып, білімді қай дәрежеде меңгергенін анықтау барысында іске асырылады;

2. Оқушы бір-біріне сабақ түсіндіру кезінде, мәлімет беру кезінде, өз ойларын айқын жеткізу , айту кезеңінде іске асырылады;

3. Бір ойды жұппен талқылаған кезде, сонымен қатар пікірталас жүргізу кезінде, мұғалімнен білмеген сұрақтарына жауап алу жағдайында диалог қалыптасады.

[Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39-40б]

Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруы- мыз үшін мына сияқты негізгі мәселерді үйретуіміз қажет: белгілі бір тақырыпты оқыта отырып, жаңа сөздер жасайтын баланың сөздік қорын дамыту; сөздерді үйрете отырып жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту барысында оларды байланыстырып, сөз тіркесі мен сөйлем құрауға, сондай-ақ ойларын ауызша сауатты, жүйелі, дұрыс жеткізуге, сөйлеу білуге үйрету. Сонда осы үшеуі (сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау, байланыстырып сөйлеуге үйрету) күнделікті өтетінсауат ашу сабақтарымен байланысты, біртұтас жүргізіліп отырса, ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру жұмысы да біршама жүйелі өткізеді деуге болады. Әдіскер ғалымдардың көзқарас пікірлері негізінде диалогтік оқытудың амал- тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері айқындалған. Диалогтік оқыту амал- тәсілдерінің ең негізгі және кіші бөлшегі – оқыту диалогі. Диалогтік тілдесім барысында оқушылар топ та, топ болып та, ұжым болып та бір- бірімен тілдік қарым- қатынасқа түседі. Бұл- диалогтік сөйлесудің өзіндік белгілері. Диалогтік оқытудың амал- тәсілі оқушыларды сөйлеуге, белсенділікке, өзара пікір алысуға итермелейді. Әрбір диалогтік оқыту технологиясы сөйлеу жағдаяттарын туғызып, оқушылардың ауызекі сөйлесуіне, пікірлесуіне әсер етеді. Диалогтік оқытуда оқушы- оқушы, мұғалім- оқушы, оқушы- мұғалім түрінде диалог құралады. Диалогтік оқытудың ең басты ерекшелігі- мұғалім мен оқушы тең қарым-қатынаста болуы; Бұл модуль өте тиімді, барлық сабақ кезінде ауызша және жазба түрінде қолдануға болады. Қолдану барысында өз-өзімен диалог жүргізу де көп пайдасын тигізеді. Бала өзінің не біліп, нені білмейтінін анықтай алады. Білмегенін басқадан сұрап білуге жол ашады. Сабақ барысында алдын ала оқып келген тапсырма бойынша да сұрақ дайындап, сол бойынша бағалауды пайдалануға, білімдерін кеңейтуге де болады.Оқушылырдың тілін дамыту мақсатында күнделікті тұрмысқа байланысты сұрақ- жауап ретінде жүргіземін. Оқушылар күнделікті көрген білгенін бір бірімен жарыса айта алады. Диалогтарды келесі сабақта тағы бір рет тыңдау арқылы диалогтың мазмұнын және кейбір сөйлемдердің дұрыс айтылуын еске түсіру қажет деп ойлаймын. Бұл әдіс оқушылардың диалогты қайталап айтуына мүмкіндік жасайды. Диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық материалдар оқушылардың сөйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған диалогтар оқушылардың жаңа диалогтар құруының негізі бола алады. Мен өз тәжірибемде оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйрету үшін оқушыларға әр түрлі деңгейдегі сұрақтарды қойдым. Мысалы: Қалай ойлайсың? Кім? Не? Неге? Не? Қалай? Не үшін?Сенің қандай қосып аларың бар? т.с.с.сұрақтар қойып отырамын.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалог негізінде оқыту және оқу әдіс тәсілі бастауыш сынып үшін өте тиімді. Жас ерекшелігіне байланысты 4 сынып оқушыларына нұсқау беріп, нәтиже беру тиімді. Олармен әр тапсырмада диалогтік тәсілдің бірнеше түрін қолдандым. Мысалы «Таулар» тақырыбын өткен кезде ғаламтордан таулардың суретін көрсеттім.

Балалар мынау нелер?

- Таулар

- Қазақстанда қандай тауларды білесіңдер?

- Қаратау,Алатау,Алтай.

- Биік таудың аласа таулардан қандай айырмашылығы бар?

- Тау жыныстарының бұзылуына желден басқа не әсер етеді?

- Үгілу дегеніміз не?...

Егер бірінші сынып болса, балаларға ойын түрінде тапсырма беруге болар еді. Менің сыныбым 4 сынып болғандықтан сабақ барысы сұрақ–жауап арқылы өткізген тиімді болды. Диалогтік тәсілдің бір түрі телефон арқылы сөйлесу. Қазіргі таңда балалардың көпшілігі телефонмен сөйлесуді жетік меңгерген.Осы мақсатта «Телефон» ойынын ойнаттым. Бұл жерде Алтынай мен Абдулла телефонмен сөйлесу диалогы көрініс тапты. Әр топтан бір оқушы екінші топқа барып, қоңырау шалып сөйлесу диалогын көрсетеді. топтағы оқушылармен талқылайды. Осы сыни тұрғыдан ойлану арқылы түйгенім, Медет, Данияр, Дамир өздерін мұғалім ретінде сезініп, ал сабақта үнемі тұйық жүретін Камила сол оқушылардың сөйлеген сөздеріне таң қалып, сабаққа деген қызығушылығы арта түсті. Содан түйгенім мұғалім айтушы, түсіндіруші емес, бағыттаушы деген қағиданы сөз жүзінде емес, өзімнің ісімнен анық көргенімді сенімді айта аламын.

3.Сабақта көбінесе АКТ- ны пайдаланған өте тиімді.

4.Диалог әдісі-бұл әдісті меңгерген оқушы оқытушымен және өзара кері байланысқа түсе алады. Әрине, бұл жағдайда оқушының алдында белгілі бір уақыт ішінде өздігінен ойлануға, түсінуге және ойын еркін жеткізуге мүмкіндік туындайды. Мысалы «Таулар» тақырыбына байланысты оқушыларға әр елден келген өкілдердің бір- бірімен танысу диалогін құрастыруға тапсырма бердім.

Мысалы :Англиядан келген және Бразилиядан келген саяхатшылардың өзара сөйлесуі туралы диалог құру берілді.Сонда Англиядан Медет ал Санжар деген балалар ортаға шықты.Олар пікір алмасу үшін оларға аудармашы қажет болды. Аудармашы болып Наргиз атты қыз шықты. Олар Астана қаласын тамашалауға келгенін,сонымен қатар Астана қаласы өте көрікті екенін тағы да көптеген әдемі ғимараттардың барын т.с.с мақтаулар айтады. Топ көшбасшысы бұл жерде әркімнің рөлін бөле білді, дұрыс бағыт бере алды. Енді негізгі тапсырмаға көшкен кезде бұрыннан бері алған білімінің қаншалықты екенін көруге мүмкіндік туды. Күнделікті сабақта жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолдандым. Осының бәрін әңгіме түрінде іске асырып отырдым. Әңгімелесе білу диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылады. Диалогтік әдісті қолдана отырып оқушылардың сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырдым.Төрт топқа түрлі тапсырмалар берілді.Бірінші топқа Таудың төбе мен қыраттан қандай айырмашылығы барын айтулары керек.Ал,екінші топқа биік таудың аласа таудан қандай айырмашалағы барын айтуы тиіс.Үшінші топ жайлау не үшін пайдаланылады?Төртінші топқа шатқал дегеніміз не? деген сұрақтар мен тапсырмалар берілді.Сонда сол топ

басшылары диалог арқылы жүйелі жауап берді.Сонымен қатар әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамын. Біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен жүргіземін. Оқушылардың ой өрісін дамыту жолында атқарар еңбектерім әлі де алда деп есептеймін. Сурет бойынша мәтін құрауда сыни тұрғыдан ойлау

1.Ой қозғау

2.Сөздер шығару

3.Сөйлем құрау

4.Ой туғызу

Сыни тұрғыдан ойлаудың бес жолды өлең стратегиясын қолдандым. Оқушылармен топтық жұмыста «Менің Қазақстаным» тақырыбына бес жолды тақпақ ауызша құру тапсырылды.Балалар әртүрлі өз ойларынана шығарған өлең жолдарын жарыса қызыға оқып берді. Оқушылар арасында балалар өз өлеңдерін оқу барысында жарыс туындады.Сонда Сандуғаш деген қыз «Менің-Қазақстан» деп шығарған өлеңін оқу барысында жүзінде қуанышты сезім туғанын көрдік.Сабақ барысында глобустан Қазақстан жерін көрсету барысында оқушылар арасында қайда ?қане? т.б.сұрақтар туындап,сұрақтарына жауап беріп жатты.Осы жерде менің ойға түйгенім әрбір сабақта балалар арасында диалогтық оқытуды пайдалану керек екен. Бұл жердеМерсер мен Ходжкинсонның зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып,оқыту барысында диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат еткен.Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретініне дәлелдемелер бар олар:оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді, басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылар түсінулеріне көмектеседі,оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі,мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.Көп жағдайда сыныпағы талқылау тек қана мұғалімнің басқаруымен ғана тақырып төңірегінде ғана жүретін.Ал қазіргі кезде мұғалім тек бағыттаушы,ал балалардың өздері топ басшысы бола отырып,диалог негізінде жұмыс жүргізіледі.Сабақ кезінде осы көріністі көре алдым.Сабақта балалар неге?қашан?қай кезде? Деген сұрақтар қоюда балалардың берген жауаптарынан байқадым.Әңгіме дебат кезінде балалардың әрқайсысының өздерінің пікірлерін ортаға сала отырып,сұрақтарына жауап алады,олардың арасындағы қарым қатынас көбінесе «ия», «жоқ» «олай емес» деген бағытта жүзеге асады.Осы орайда балармен «Сигналь» трненингін жүргізу кезінде балалардың көпшілігі осы «ия», «жоқ», деген жауаптар береді.Атап айтатын болсам Аделя деген қыз қысқаша жауап бергенге үйренген,ал Алтынай болса өз ойын еркін толық жеткізе алатынын байқадым.Ал зерттеушілік әңгімеде жүргізу барысында әркім өздерінің мәліметтерін ортаға салып,әркімнің идеяларын ортаға салды.Сол кезде Дарын атты бала менде солай деп ойлаған едім деген сынды өзінің ойын айтты. Сонымен, қорыта айтқанда, мектепте өз шәкірттеріміздің бойында жоғарғы дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етуіміз керек. Оқушылардың өмірлік жағдаяттарда өздерінің алған білім, біліктілік, дағдыларды дұрыс қолдана алуына жағдай жасау- біздің ұстаздық міндетіміз. Диалог құрастыруда өте жоғары деңгейде болмаса оқушылардың сөз құрауы, ойын еркін жеткізе білуі, ойларын түсінікті жеткізуі, алға қарай ілгерлеудің қадамы деп қабылдадым. Бұл жерде тағы ұнағаны және де балаға ой еркіндігін берудегі мені таңқалдырған жағдай ол, оқушылар екі елдің кейіпкерінің рөліне ене алу қабілетінің бары. Бұл тек мені ғана таңқалдырмай, сыныптастарына да үлкен әсер еткені балалардың жүздерінен көрінді. Осы әдістің тиімділігін дәл осы тұста анық көрдім. Бұдан күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып, диалог сәтті өтті деп айта аламын. Қорыта келе әр оқушының қабылдауы әр түрлі, бірақ сол қабылдауды оқушыларға жеткізуші ұстаз. Ұстаз шеберлігі де осы тұста үлкен рөл атқарады. Сондықтан менің ойымша, білім берудегі оқушыларға дұрыс әрі жүйелі білім алуда мұғалімдердің берері көп. Өйткені қосалқы тілді үйренуде кедергілер жетіп артылады. Осы мәселені шешуде бірден- бір қол жетімділікті берген әдіс диалогтік оқыту. Диалогтік оқыту оқушылардың тілді қабылдауын анғұрлым жеңілдетті. Сөйлеу арқылы сөздік қорын толықтырды, ойларын жүйелі жеткізуге дағдыланды. Мұндағы жеткен биіктік туған жеріне деген сүйіспеншілік әр оқушыда оянды. Диалогтік оқыту бүгінгі күн талабына сай өнімді үрдіс. Болашақта да оқытудың маңыздылығын арттырады деген сенімдемін.