Сабақ жоспары Қимыл -қозғалыс ойындары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ жоспары Пән аты: Өнеге сағаты Сыныбы: Ұзартылған күн тобы Күні, айы, жылы: 14.03.2015 жыл Тоқсан: ІІІ тоқсан Мұғалімі: Бердалина Күнзира Сабақтың тақырыбы:Қимыл-қозғалыс ойындары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға қимыл-қозғалыс туралы және олардың түрлері туралы түсінік беру.Олардың шарттарымен таныстыру.

Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін,салауатты өмір сүруге,танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, еңбексүйгіштікке, ,әдемілікке тәрбиелеу. Сабақтың типі:Жаңа сабақ. Сабақтың түрі:Дәстүрлі. Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап. Көрнекілігі:Мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық.

Жаңа сабақ:

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы:Қимыл-қозғалыс ойындары.Қимыл-қозғалыс ойындары өте көп.Олар:күн мен жаңбыр, аспазшы, отбасы, құрылысшы, мектеп,жолаушылар,дұрыс көзде,пойыз,жапалақ,жапырақ,жануар т.б.

«Қақпан»
Шарты: Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ аз да екінші топ коп. Аз топ қақпан, көбі - тышқандар болады. Қақпандағы балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап жүреді. Тышқандар қашып ұстатпайды. Тәрбиешінің белгісімен қақпандағы балалар қолдарын ұстап тұрады да, тышқандар шеңбер арқылы жүгіріп өтеді. Сонда тәрбиешінің белгісімен «жап» дегенде балалар қақпанды жауып қалады. Осылай тышқандарды ұстап болған соң, орындары ауысады.

«Жануарлар»
Шарты: Алаңда тәрбиешінің белгісімен балалар жан - жаққа жүгіреді. Тәрбиеші «Жануарға айналыңдар» - дегенде балалар тоқтап, бір - бір жануарды көрсетіп тұрады. Тәрбиеші алдын ала балаға өзі жануарды таңдау керектігін ескерту керек. Ойынды 3 - 4 рет қайталауға болады.

Сергіту сәті:

Жалқаулықты тастаймыз, Жаттығуды бастаймыз. Қиындықтан қашпаймыз, Шынығамыз жастай біз, Иілеміз оңға бір, Иіліеміз солға бір. Қимылдайды әр сәтте, Аяқта бір,қолда бір.

«Жапалақ»
Шарты: Бөлменің бұрышында жапалақ (жүргізуші) отырады. Қалған балалар тышқан мен шымшықтар болады. Күндіз бәрі жүгіріп жүреді. Тәрбиеші «Түнде» дегенде олар қозғалмай отыруы керек. Түнде жапалақ аң аулауға шығады. Егер кім қозғалса, соны жапалақ ұстап ұясына тасиды. Келесі жолы басқа жапалақты таңдап, ойын жалғасады.
«Маймыл мен жолбарыс»
Шарты: Бұл ойындары көбінесе сатылары бар спорт бар алаңында ойнатса өте тиімді. Біреуі жолбарыс болып, қалғандары маймыл болып банан теруге ағашқа шығады. Жолбарыс келіп маймылдарды қуалайды, ұстаса өз үңгіріне тасиды.

«Дұрыс көзде»
Шарты: Балалар шеңбер болып турады. Әрқайсысында бір - бір асық. Ортада жәшік тұрады. Бала мен жәшіктің арасы метрден аспауы керек. Берілген сигнал бойынша балалар бірден жәшікке асықтарды лақтырады. Бәрі лақтырып біткен соң, асықты алып қайтадан ойынды қайталауға болады. Егер асық шеңберге түспесе де балалар асықты алып, шеңберге тұрады.

Бекіту:

Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

Қимыл-қозғалыс ойындары,түрлері?