Макеева Бибігүл Жұмабекқызы
Абай Құнанбаев атындағы
№6 мектеп гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі (орыс сыныптарында)
Степногорск қаласы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның тұңғыш Президенті
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы мәлімет беру.
Білімділік: оқушылардың Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен шығармашылығы, атқарылған істері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік. оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кітаптар, слайд, үнтаспа, Елбасымыз - Н. Ә. Назарбаевтың портреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
Өткенді қайталау
- Отан деген не? - Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
- Қазақстанның рәміздерін атаңдар.
-Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген? т.б
ІІ. Тапсырмалармен жұмыс
1-тапсырма. Бейнероликті көріп, түсінгенін айтады
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілдеде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өнімдерін сатып, үйге қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
Сергіту сәті
3-тапсырма. Мәтін бойынша жұмыс
Мәтінді түсініп оқу.
2. Сөз тіркесін мәтіннен теріп жаз.
Құрмет тұту, көмек көрсету, шөпшек теріп деген сөз тіркестерінің жазылу тәртібін есте сақтау. (сөздерді сөздікке жазу)
4-тапсырма. «Полиглот» ойыны.
Жалғасын тауып, жауабын үш тілде айтыңдар.
... сүю, отбасынан басталады. (Отан, Родина, )
Отансыз ... , ормансыз бұлбұл. (адам, человек, )
Отан оттан да ыстық. (оттан, огня, ) (ыстық, жарче)
Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді. (сүйеді, любит, )
Сабақты бекіту.
Қорытындылау.