Тақырыбы: Есептік және реттік сан есім | Мектеп: Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ЖОББ мектебі |
Мерзімі: 22.04.2016 | Мұғалімнің ТАӘ: Зейнуллина Сабира Алтынхановна |
Сынып: 3 | Қатысушылар саны: 15 | Қатыспағандар: 0 |
Оқу мақсаттары | Есептік және реттік сан есім туралы білімдерін кеңейту,айырмашылығын ажырата білу,дәлелді пікір айта білуге үйрету |
Оқу мақсаттары/ Күтілетін нәтиже | Барлығы (А (жоғары), В (жақсы), (орташа): сөз таптарын ажырата алады. Көпшілігі (А, В): сыни тұрғыдан ойлай отырып ,өз ойларын ортаға салады.Сауатты ,көркем жазу дағдысын сақтайды. Кейбіреуі (А): өз ойын нақты дәлелмен айтады. |
Тілдік мақсаттар (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым): | - ынтымақтастық ортаға қалыптасады - өз ойын өмірмен байланыстыра отырып дәлелдейді - берілген тапсырманы түсініп оқуға тырысады. -сауатты ,көркем жазуға қалыптасады. |
Алдыңғы оқу | Сөз таптары. Сан есім |
Жоспар
Кіріспе (2 мин)
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, интербелсенді тақтаға көңіл қою
Алтын ережеге бағынуды ұмытпауын ескерту
Интербелсенді тақтадағы өлең жолдарын барлығы бірге айту.Көңілдерін сабаққа аудару
Мадақтау
АКТ
Алтын ереже
Тұсаукесер
(3 мин)
Мұғалім бағыт –бағдар беріп оқушыларға топқа бөліну үшін қима қағаздар ұсынады.Топқа бөлінудің реті түсіндіріледі.
Топқа бөлу
Оқушылар сөз таптарына байланысты берілген сөздермен бөлінеді .1-топ «Зат есім» дәптер,қалам,бор т.б 2-топ «Сын есім » жасыл,қызыл,әдемі т.б 3-топ «Етістік» жүгірді,ысқырды,биледі т.б
«Жарайсындар!»
Мадақтау
Қима қағаздар
Негізгі бөлім
(35 мин)
І.Өткен білімге шолу
Әр топқа тапсырма беріледі
ІІ жаңа сабаққа қадам
Миға шабуыл
Сөз таптарын ата
Зат есім дегеніміз не?
Етістік дегеніміз не?
Сын еім дегеніміз не
Жаңа сабаққа қадам
«Ой қозғау »
Біз үш қабатты жаңа мектепте оқимыз.Бүгін сыныптан екі оқушы қалалық жарысқа қатысты.Айбар бірінші орынды жеңіп алды.Айсұлу екінші орынға ие болды.
-сан есімдерді тап
-оларға сұрақ қой
-сан есімдерді салыстыр
-өзгешелігі неде?
Көркем жазу
Мен үшінші сныпта оқимын
Дәптермен жұмыс 18-жаттығу
Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз.
Бір қатар-бірінші қатар
Үш орын-үшінші орын
Тоғыз мектеп-тоғызыншы мектеп
Тақтамен жұмыс
19-жаттығу Сөз құрамына талда.
Бірінші,екінші,алтыншы,тоғызыншы.
Сергіту сәті
«Әлқисса»
«Ойлан-бірік-бөліс»
Әр топ берілген 20-жаттығудағы мәтін бойынша жұмыс жасайды.
Қазан туралы мәтін .
Семантикалық карта
Сөз таптары Зат есім
Сын есім
Етістік
Есептік
сан есім
Реттік сан есім
үш
оқыды
алтыншы
қызыл
дәптер
Элективті тест
1.Сан есім дегеніміз не?
А)заттың санын білдіретін сөздер
Ә)Заттың сынын білдіретін сөздер
Б)Заттың атын білдіретін сөздер
2.Сан есім сұрақтары.
А)Қандай?Қанша?
Ә)Қанша? Неше? Нешінші?
Б)не? Нешінші?
3.Көп нүктенің орнына керекті санды жаз
Ер..рет өледі, қорқақ ... рет өледі
А)бір,бесінші
Ә)бір,көп
Б)бір,мың
4.Нешінші? сұрағы қай сан есімге қойылады?
А)есептік
Ә)реттік
Б)екеуі де
5.-ыншы жұрнағы қай сөзге сәйкес келеді ?
А)алты
Ә)үш
Б)он
1-топ сан есімдері бар мақал мәтел айту
2-топ сан есімдері бар жаңылтпаш айту
3-топ сан есімдері бар жұмбақ айту
Оқушылар мысал келтіре отырып, сұраққа жауап береді
Осы тапсырма бойынша топтар жауап береді.
Өзгешелігін айту арқылы тақырып шығады.
Оқушылар дәптерге сауатты әрі көркем етіп жазады
Есептік сан есімді,реттік сан есімге айналдырып дәптерге көркем етіп жазады.
Интербелсенді тақтадағыдай оқушылар би қимылын келтіреді
Топтар постерға
1-топ Мәтіннен сан есімдерді табады.
2-топ Сан есімнің қай түріне жататынын табады.
3-топМәтінге ат қойып қысқаша баяндап береді
Оқушылар семантикалық картаны белгілейді
Барлық оқушылар дұрыс жауапты жылдам көтереді
Мадақтау
«Жарайсындар!»
Мадақтау
Бағдаршам
Бас бармақ
Бағдаршам
Бағдаршам
АКТ
АКТ
Постер
Маркер
Мәтін жазылған А-4қағазы
Қима қағаздар
Жауап әріптері жазылған белгі
Рефлексия
5 мин
«Екі жұлдыз ,бір тілек»
Үйге тапсырма:21-жаттығу Ребусты шешіп,шешуіндегі сөздермен сөйлем құра
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып іледі
Блоб ағашы
Қосымша ақпараттар
Саралау
- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? (Осы сабақ барысында А, В, С оқушыларыңызға жеке, жұпта, топта қандай көмек көрсетесіз...)
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
(жалпылама ақпарат/бағалау идеясы)
Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс (Мектеп, оқушы, мұғалім мәдениетіне негізделеді)
А .деңгейлі оқушыларға қосымша киелі сандар туралы және тайқазан туралы мәлімет жинау алдын ала тапсырдым
В.деңейлі оқушыларға сұрақ ойластырып келу
С.деңгейлі оқушыларға
Қима қағаздармен жекелей тапсырма беру
М/ы 2,3,4 бұлар....?
Мысал келтір ,осы сандарды қатстырып
Бағалау қорытындысында блоб ағашымен бағаланды
Математика пәнімен,дүниетану пәнімен,әдебиеттік оқу пәнімен пәнаралық байланыс болды.Жалпы оқушыларды шапшаңдыққа баулу, ұлттық құндылықтарды сақтай білуге жұмыс жасалды.Адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру.
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ мақсаттары шынайы болды.Оқушылар сын есімнің есептік және реттік болып екіге бөлінетінін және қандай сұрақтарға жауап беретінін білді
Берілген уақыт ішінде үлгердім.Жоспарға еш өзгерту енгізбедім.
Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: «Семантикалық карта»
2: Элективті тест
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:Жоспарлаған стратегияларды тиімді пайдалану
2:Сабақ барысында уақытты дұрыс жоспарлай білу
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы және менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?