Тақырыбы: 2-4 сыныптар арасында өткен «Үздік бастауыш сынып
оқушысы » байқауы
Мақсаты:
1.Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта түсу.
2.Оқушылардың математика , ана тілі пәндеріне деген қызығушылығын молайту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі:Ойын сабақ.
Қолданылатын құралдар: көрнекілік ,плакат,карточкалар.
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу. Бұл сабаққа 2 -4 сынып оқушылары қатысады. .
Барысы:
Ойын 4 турдан тұрады.Әр турдың бөлек- бөлек тапсырмалар беріледі.
ОЙЛАН, ТАП
1.Алдымен танысамыз.
Таныспастан бұрын «менің атым»..... деген сөздерден бастап өзін- өзі таныстырады.
2.Сұрақтарға жауаптар жазу, жауап беру.
Алдымен оқып алады.Сосын жауаптарын кезектесіп айтады.
3- сынып
I тапсырма
1.Отбасына кімдер жатады?
2.Сөйлем неден тұрады?
3.Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
4.1 тоннада неше кг бар?
5.Өз атын атап шақыратын құс?
Жауабы:
Әке,ана,бала,әже,ата.
Сөздерден.
3ке
1000кг.
Көкек.
4сынып
II тапсырма
1.Құрманғазының шәкірті?
2.Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
3.Көбейтудің компаненттері.
4. = км
5.Мысық тектес жануар.
Жауабы:
1.Дина
2. 2-ге
3.Көбейткіш,көбейткіш, көбейтіндінің мәні.
4.1000М= км.
5.Жолбарыс, Сілеусін.
III тапсырма Жұмбақтар оқылады солардың жауаптарын, қазақша және орысша айту керек.
Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды.(Күн -солнце)
2)Қабат – қабат қаптама .
Ақылың болса аттама. (Кітап-книга)
3)Ортасында шегесі,
Жіп-жіңішке денесі.(Қалам-ручка)
4)Ілулі тұр кең дала,
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп.
Сүртем сосын өшіріп.(Тақта-доска)
4)Арқаным бар тым ұзын
Ала алмайсың бір үзім. (Жол-дорога)
5)Сақалы жоқ, шашы бар, бет аузы жоқ , басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш-веник)
6)Ішіне мұз қатқан, өзін – өзі мұздатқан.(Тоңазытқыш-холодильник)
7)Көрінбейді көзіңе, тіл қатпайды өзіңе.
Жығады ол күн сайын, ең күштінің өзінде. (Ұйқы-сон)
Шарықтау шыңы.
Логикалық тапсырмалар.
Парақ қағаздардан фигуралар жасау.
Логикалық сұрақтар.
3 сынып.
Ауылда екі ақ қайың өсіп тұр.
Атам біреуінен 2 шелек алма алды,
Екіншісінен 2 есе артық алды,
Неше шелек екінші қайыңнан алды?
4 сынып .
Аулада он екі аяқ 4 бас жүр.
Аулада бұзаулар мен тауықтар жүр.
Осыларды есептегенде неше бұзау неше тауық .
Ж [pic] [pic] ауабы: Екі бұзау 8 аяқ. 12
Екі тауық 4 аяқ.
3-сынып
Мына берілген кейіпкерлердің аттарын жалғастырып айт.
Күн астындағы....
Ай астындағы.....
Алты жасар.........
Ығай м ен.............
Керқұла атты......
Жауабы: Күнекей, Айсұлу, Алпамыс, Сығай, Кендебай.
4-сынып
орналасқан. Әр қатарда 4 маймыл болған. Екінші
ысқырықтан кейін маймылдар 8 қатарға орналасқан. Осы жағдайда
әр қатарда неше маймыл болған?
Жауабы: әр қатарда 3 маймылдан болған.
Қорытынды: Оқушыларды мадақтау, марапаттау.
«Жүйрік болсаң озып көр»
(Лездік сұрақтар)
1. «Кел,балалар,оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай).
2. Кедейлік үш ағайынды.Тұңғышы-кежірлік,ортаншысы-еріншектік,кенжесі-ұйқы. Осы айтылғандар не? (мақал ма,шешендік сөз ).
3.Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім? (Абай).
4. Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім? (Ыбырай).
5. Жылдан құр қалған жануар не еді? (Түйе).
6. Басты байлық не? (Денсаулық)
7. Абайдың әжесі кім? ( Зере).
8. Түн ұйқысын төрт бөлген кім? (Ана).
9. Орман дәрігері (Тоқылдақ).
10. Қарлығаш әулие атанған кім? (Төле би).
11. Қабанбайдың азан шақырып қойған шын
аты кім еді? (Ерасыл).
12. Жырды орындаушы қалай аталады? (Жыршы).
13. Сөйлем неден құралады? (Сөздерден).
14. Мәтелде ой қалай беріледі? (Тұспалдап,жанамалап)
15. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
16. Март айының қазақша атауы. (Наурыз).
17. Қазақ тілінде неше септік бар? (Жеті).
18. «Абай жолы» роман-эпопеясының авт.кім? (М.Әуезов)
19. Әр адамның шағын Отаны (Отбасы).
20. Терең сөзінің антонимі (Тайыз).
«Жүйрік болсаң озып көр»
(Лездік сұрақтар)
1.«Қанағат, рақым ойлап қой!».Берілген жолдардың авторы
кім? (Абай).
2. «Айдалада ақ отау,аузы-мұрны жоқ отау». Бұл айтылған
не? ( Жұмбақ).
3. Қазақтың атақты суретшісі кім? ( Ә.Қастеев).
4. Әліппенің атасы кім? ( Ыбырай).
5. Жыл басы не? ( Тышқан).
6. Су анасы не? ( Бұлақ).
7. Абайдың шешесі кім? ( Ұлжан).
8. Анаңның бауырлары саған кім болады? ( Нағашы).
9. Аңшының құсы ( Бүркіт).
10. Кіші жүздің биі кім? ( Әйтеке би).
11. Дарабоз атанған батырдың шын аты кім? ( Ерасыл).
12. Әнді орындаушы қалай аталады? ( Әнші).
13. Хабарлы сөйлемнің соңына сұрақ белгісі
қойылады. ( Нүкте).
14. Мақалда ой қалай беріледі? ( Туралап).
15. Абылай ханның жанама аты кім? ( Сабалақ).
16. Январь айының қазақша атауы қалай? ( Қаңтар).
17. Көмектес септігінің сұрақтары қалай? (кіммен? Немен?
18. Жерұйықты іздеген кім еді? (Асан Қайғы).
19. «Отан» қайдан басталады? (Отбасынан).
20. «Шабан» сөзінің антонимін тап. ( Жүйрік).
«Тапқыр болсаң,тауып көр»
Шарты: Бер-н мақалдардың жалғасын табу.
(Екі топқа бірдей айтылады,бірінші қол көтерген топ жауап береді,
жауабы дұрыс болмаса келесі топ айтады).
1. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады).
2. Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені).
3. Жақсыдан үйрен, (жаманнан жирен).
4. Ата көрген оқ жонар, (ана көрген тон пішер).
5. Қына тасқа бітеді, (білім басқа бітеді).
6. Арпа,бидай-ас екен, (алтын-күміс тас екен).
7. Болат қайнауда шынығады, (батыр майданда
шынығады).
8. Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті).
9. Дос жылатып айтар, (дұшпан күлдіріп айтар).
10. Ойнап сөйлесең де (ойлап сөйле).
11. Ағайын алтау, (ана біреу).
12. Ат жаманы жолда қалдырар, (жолдас жаманы қолда
қалдырар).
13. Аққуды атуға болмайды, (досыңды сатуға болмайды).
14. Оқусыз білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ).
15. Көп қорқытады, (терең батырады).
16. Батыр туса-ел ырысы, (жауын жауса жер ырысы).
17. Адам көркі-шүберек, ( ағаш көркі –жапырақ).
18. Өнерлінің қолы алтын, (өлеңшінің сөзі алтын).
19. Мыңның түсін білгенше, (бірдің атын біл).
20. Істің басы қатты болса, (аяғы тәтті болады).
«Мақал-сөз атасы»
(Әзіл сұрақтар)
Шарты: Қойылған сұраққа мақалмен жауап береді.Мысалы:Жыланды інінен қалай шығарады? Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады.
1. Қар жана ма? (Қалауын тапса,қар жанады).
2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу-инемен құдық қазғандай).
3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді).
4. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ).
5. Елу құлағы бар кім? ( Ел құлағы-елу).
6. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді).
7. Білетінің қанша,білмейтінің қанша? (Білетінің бір тоғыз,білмей-
тінің тоқсан тоғыз).
8. Оттан да ыстық болып тұрған не? (Отан оттан да ыстық).
9. Адам денесіндегі қорқақ,батыр мүшелер.(Көз қорқақ,қол
батыр).
10. Көрдім, көрмедім дегендер неше сөз бола алады? (Көрдім деген
көп сөз, көрмедім деген бір сөз).
11. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?(Шашу оңай,жинау қиын.
12. Жаман атты,жаман жолдасты немен алмастыруға болады?
(Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық).
13. Түйені жел шайқаса, оны жерден емес көктен іздейсің.
(Түйнеі жел шайқаса,ешкіні көктен ізде).
14. Бір рет өлуге де болады,немесе мың рет өлуге де болады.
(Батыр бір рет өледі,қорқақ мың рет өледі).
15. Балға тең тәттілер не екенін білесің бе?
(Ананың сүті – бал,баланың тілі-бал).
16. Отқа түсіп күймеуге бола ма?(Отан үшін отқа түс-күймейсің).
17. Қарныңды қалай тойғызар едің? (Еңбек етсең ерінбей,тояды
қарның тіленбей).
18. Намыстан,қамыстан ажал табушылар. (Жігітті намыс,қоянды
қамыс өлтіреді).
19. Өрге шыға алмайтын қандай сөз? (Өтірік сөз өрге баспас).
20. Ақыл мен қынаның мекен-жайы. (Ақыл басқа бітеді,қына тасқа
бітеді).
«Жеті жұрттың тілін біл»
Шарты: Бұл бөлімде жасырылған жұмбақтың дұрыс жауабын табу және оны қазақ және орыс тілінде айту керек.
1. Аяғы біреу,қолы жоқ, Өзі сөйлей білмейді,
Шиыр-шиыр жолы көп. Салған ізі сөйлейді. (Қалам-ручка).
2. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. (Бор-мел).
3. Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. (Қоңырау-звонок).
4. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (Түлкі-лиса).
5. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар-снег).
6. Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны. (Теледидар-телевизор).
7. Өзі кірді ашады,
Суға салса қашады. (Сабын –мыло).
8. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Жуа-лук).
9. Қылдай белі бүгілген,
Өзінен бірақ жүгі үлкен. (Құмырсқа- муравей).
10. Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. (Су- вода).
11. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап-книга).
12. Судан алады,
Суға салса өледі. ( Тұз-соль).
13. Белі бүкір,алысқа түкір. (Мылтық-ружье).
14. Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. ( Аю-медведь).
15. Өзі сондай ақ,
Жесең тәтті-ақ. ( Шекер- сахар).
16. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып ,
Әкелді әкем бір күні. (Сәбіз- морковь).
17. Бір тұрады екен елу батыр,
Үй сыртына сүйкенсе,өліп жатыр. (Шырпы-спичка).
18. Бақырып шақырғаны-ай,
Таңды өзі атырғандай. (Әтеш-петух).
19. Тақиям толған сөк,
Таңертең тұрсам жоқ. ( Жұлдыз-звезда).
20. Сырты жасыл,қап-қатты,
Іші қызыл,тәп-тәтті. ( Қарбыз-арбуз).
1-сұрақ. Қай жылы, қай күні Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды? (1991 ж.)
2-сұрақ. Көкжиек тұстарын тұсбағарсыз қандай жұлдызға қарап бағдар- лауға болады? (Темірқазық жұлдызы)
3-сұрақ. Амалдардың орындалу тәртібін айт. (Жақшасыз өрнекте алды- мен солдан оңға қарай көбейту мен бөлу, содан кейін солдан оңға қарай қосу мен азайту орындалады. Жақшалы өрнектерде алдымен жақшаның ішіндегі амалдар орындалады.)
4-сұрақ. Теңдеу дегеніміз не? (Құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік)
5-сұрақ. Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Өлеңнің авторы: (Абай)
6-сұрақ. 1 ғасырда неше жыл бар? (100жыл)
7-сұрақ. Сөйлем мүшелерін ата. ( Бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер)
«Әрі қысқа,әрі нұсқа»
Шарты: Берілген сөз тіркестерінің мағынасын мейлінше бір сөзбен
қысқаша айту керек.
1. Төбе шашы тік тұрды. ( Қорықты).
2. Көз ұшында көрінеді. ( Алыста)
3. Қолды болды. (Ұрланды).
4. Жүрек жұтқан. ( Батыр).
5. Қоян жүрек. ( Қорқақ).
6. Көзі ілінбеді. ( Ұйықтамады).
7. Көзге түртсе көргісіз. (Қап-қараңғы).
8. Бетінен оты шықты. ( Ұялды).
9. Ат құйрығын кесісті. ( Араздасты).
10. Араларынан қыл өтпейді. ( Достар).
11. Күлін көкке ұшыру. ( Құрту).
12. Жүрек жалғап алды. (Тамақтанды).
13. Көз шырымын алу. (Ұйықтау).
14. Көзі ашып-жұмғанша. (Лезде).
15. Беті бүлк етпеді. ( Ұялмады).
16. Ит терісін басына қаптады. (Ұрысты).
17. Ат ізін бір салмады. ( Іздеп келмеді).
18. Су тегін. (Арзан).
19. Тісіңнен шығармау. ( Айтпау).
20. Ешкімнен ештеңесін аямайды. (Жомарт,мырза).
[pic]
(Танымдық ойыны)
2015-2016 оқу жылы