Ұйымдастыру 1.Топтасу. Көлік түрлерінің суреттері бойынша төрт топқа бөлу. 1топ «ұшақ» 2 топ «тікұшақ» 3 топ «машина » 4 топ «қайық» Аспанда жүзеді, Қанатын қақпайды, Жерде де жүреді, Бауырлап жатпайды.(ұшақ) Көлік түрлерінің топтарын атау. Ұшақ сөзіне дыбыстық талдау жасату. 2. МК; Ж; Ө; Қ) «Ұ» дыбысы мен әрпін тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау. «Ұ» дыбысы және әрпімен таныстыру. «Ұ»-ның дауысты екенін, оның сөз басында, ортасында келу үлгілерін көрсету. Таңбасын үйрету. Ұлу сөзіне дыбыстық талдау жасату.
3.МК;Ұ;Т;Қ) Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау. . Сөйлем сызбасын оқи алу білігін бағалауды ұйымдастыру. Суреттегі «ұршық», «ұшақ», «ұста», «мұғалім», «ұстаз» сөздеріне назар аудартып, бұл сөздерде қай дыбыс жаңа екенін анықтату. Әр отбасы мүшелеріне тиесілі заттарды сурет арқылы болжату. Оқушыларға атаға «ұста», әжеге «ұршық», әкеге «ұшақ» суреттері сәйкес екенін тапқызу. Бұл сөздерде қай дыбыс жаңа екені аңғартылады. Суреттерді өзара байланыстырып сөйлем құрастырту.
Сергіту сәті: Әппақ болып таң атты, Түтiн тiке шығады. Қарлығаштар қанатын Самғап биiк ұшады. Топ-топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады) 4: (МК; Ө; Қ) Сөздердің мағы-насын ажырату, хормен, тізбек-тей, жекелей оқу білігін бағалау. Оқулықта берілген сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастыру. Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу жұмыстарын жүргізу.
|