Зат есім
Категориясы: [link] Алматы қаласы.Алмалы ауданы.№167жалпы білім беретін мектеп.
Джастыкбаева Раушан Джакыповна
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: Оқушылар кім?, не? Сұрақтарына жауап беретін сөздермен танысады. Заттың атын білдіретін сөздерді басқа сөздерден ажырата алады.
Міндеті:
1.Мазмұнына байланысты міндет.
Тапсырмаларды орындау арқылы зат есімді табады.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет.
Оқушылардың ой өрісі артады, өзара пікір алмасады.
3. Топтық міндет.
Оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек схема, тақырыпқа байланысты дайындалған слайдтар, суреттер топтамасы.
Сабақтың әдісі: “Ой қозғау”, “Топтастыру”, “Еркін жазу”, “Бір айналым сөйлесу” стратегиялары.
Сабақтың түрі: Жаңа оқу - материалын оқып-үйрену сабағы.
Бағалау: Ойды еркін жеткізе білдіру қабілеттеріне қарай.
Сабақтың құрылымы
І Қызығушылықты ояту
1. Оқушыларды 2-топқа бөлу
Шаттық шеңберін құрып, бірін-бірі мақтайды.
2. Ой ашар. 5-жаттығу тексеру
Ақ, көк, сары көбелек
Көріктісің керемет
Қуа - қуа шаршадым,
Жеткізбейсің, не керек?
3. Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
Сөз таптары
Жалпы қазақ тілінде 9 сөз табы бар . Бастауыш сыныбында 4 сөз табымен танысамыз.
Жұмбақ шешу “Ой қозғау” стратегиясы.
Сөз табының ең басында тұрамын
Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағым
Сөйлемде ой иесі боламын
Етістікпен көркейемін толамын
(Зат есім)
Жұмбақ шешу, ой қозғау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.
II Мағынаны тану
Заттың атын білдіретін сөздер Сұрақтары
Сұрақтары - Кім? Не?
Заттың атын білдіретін сөздер
Қоян----------Не?--------Кітап--------Не?
Доп----------- Не?--------Гүл----------Не?
Бала----------Кім?--------Қыз-------- Кім?
Кітаппен жұмыс Ережені оқыту
1-жаттығу.
Шашылған жапырақтардағы сөздерді әр топ өз сұрағына байланысты сөздерді бірлесе отырып теріп жазу. Оны қорғау
І топ Кім?
II-топ Не?
* Сергіту сәті
Жел соқты
Жапырақтар сыбдырлады
Жаңбыр жауды
Жаңбыр қатты жауды
Жаңбыр басылды
Күн шықты
*Көру диктанты
Ардақтайтын Астанам
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай бас қадам!
Тапсырма: Зат есімдерді табу.
*Шығармашылық жұмыс
«Еркін жазу» стратегиясы. Тапсырма:
Әр оқушы өз қалауларымен сурет таңдап әңгіме жазу.
Оны оқып беру.
Жатқа жазу. 4-жаттығу. Зат есімді табу
Жаңылтпаш
Айдарбек
Бұзауды байлар, - деп
Айтып кетті
Айбар мен Жайнар кеп
ІІІ. Ой толғаныс “Бір айналым сөйлесу ” стратегиясы
Балалар бүгін нені үйрендік, нені білдік?
Зат есім
Зат есім туралы білетіндерін әр оқушы ортаға салады.
IV Үйге тапсырма 5-жаттығу
V Бағалау