Пән мұғалімі: Айполатова Анар
Күні:21.01.2016ж
Пәні: дүниетану
Сыныбы 3 «Б»
Сабақтың № 18
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:
Оқушыларға қазақстанның пайдалы қазба-
ларының түрлері туралы жан-жақты кеңейтіп
түсінік беру.
2. Дамытушылық:
Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, ойлау, танымдық, қызығушылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік:
Оқушылардың бойында табиғаттағы пайдалы қазбаларды қорғауға деген жауапкершілігін арттыру барысында пайдалы қазбаларды тиімді пайдалануға және қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі жаңа сабақ
Сабақтың түрі жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, «Чемодан», «Себет», «Ет тартқыш» стратегиясы және «Жүректен – жүрекке» әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: пайдалы қазбалардың суреті, мультимедиялық проектор, плакаттар т.б.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану пәні.
Сабақтың болжамдық нәтижесі: оқушылар Қазақстандағы пайдалы қазбалардың қолданылуына қарай нешеге бөлінетіні туралы мәлімет алып, пайдалы қазбаларды тиімді пайдаланудың жолдарын үйренеді.
Сабақтың жоспары: I Ұйымдастыру кезеңі
1. «Психологиялық жаттығу
II Үй тапсырмасын сұрау
. Сұрақ-бізден, жауап
«Қарлы-кесек» ойыны
III Үй тапсырмасын бекіту
IV Жаңа тақырыпқа даярлық
V Жаңа тақырыпты меңгерту
Кіріспе сөз «Ой қозғау»
2. Дәптермен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
4. Сергіту сәті
V Жаңа сабақты бекіту
1. «Ыстық орындық » әдісі
Рольдік ойындар
«Кезбе тілші» ойыны
Оқулықтағы суретпен жұмыс
Тест тапсырмаларын орындау
VI Қорытынды
«Чемодан», «Себет», «Ет тартқыш» стратегиясы
Кері байланыс «Пікір ағашы»
VII Бағалау
VIII Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы: :
I Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 3 топқа бөлу
топ - «Мұнай» тобы
топ - «Темір» тобы
топ - «Алтын» тобы
«Психологиялық жаттығу
Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін «Жүректен – жүрекке» әдісін қолдану. Оқушылар жүрек стикерлерге жаңа сабаққа қатысты бір-бірлеріне деген тілектерін айтып, бір-біріне сыйлайды.
II Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ-бізден, жауап сізден.
«Қарлы-кесек» ойыны
Ойынның шарты: оқушылар бір-біріне допты лақтырып, үй тапсырмасынан сұрақтар қояды.
-Тау жыныстарына нелер жатады?
- Гранитті қайда қолданамыз?
-Құмды қай жерде қолданамыз?
- Сазды қай жерде қолданамыз?
-Құм мен саздың қандай айырмашылығы бар?
- Мұнайдан не аламыз?
-Көмірді қайда қолданамыз?
-Құмның қандай түрлері бар?
III Үй тапсырмасын бекіту
Сонымен балалар тау жыныстары дегеніміз не?
Тау жыныстарының қандай пайдасы бар екен?
Тау жыныстарын қайда қолданамыз?
IV Жаңа тақырыпқа даярлық
Жаңа сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар қою.
-Балалар сендер неліктен мұнай, темір, алтын ұғымдарын таңдау арқылы топқа бөліндік деп ойлайсыңдар?
- Қазақстандағы пайдалы қазбалардың түрлері туралы түсінік қалыптастыру және өзбетімізбен іздене білуге дағдылану.
V Жаңа тақырыпты меңгерту
Слаидтағы мәліметтер арқылы Қаазақстандағы пайдалы қазбалар туралы мәлімет беріп, оқушыларға бағыт-бағдар беру
Оқушыларға «Чемодан», «Себет», «Ет тартқыш» стратегиясының парақшасын тарату
Кіріспе сөз «Ой қозғау»
Пайдалы қазбалардың түрлері қолданылуына қарай жанатын пайдалы қазбалар, кенді пайдалы қазбалар және кенге жатпайтын пайдалы қазбалар болып үшке бөлінеді.
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты.
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған
1920-1941 жылдары Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған. 1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған. 1952 жылы әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған. 1955 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған.
Жанатын пайдалы пайдалы қазбалар.
Тас көмір- ең көп өндірілетін пайдалы қазба. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды. Екібастұзда ашық әдіспен арзан өмір өндіріледі.
Мұнай өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа да бағалы заттар бөлініп алынады.
Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен ілеспе газдың аса бай кен орындары бар.
Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар деп атайды.
Кенді пайдалы қазбалар құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын,, алюминий және басқа металдар алынады. Кенді пайдалы қазбалар әсіресе, Орталық Қазақстанда көп шоғырланған. Ондағы Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады. Бұл топты тұз, фосфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз т.б құрайды. Қаратауда фосфорит кен орны орналасқан. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді.
Қазақстан қазір хром, фтор, қоры жағынан дүние жүзінде бірінші оын алады.
Қазақстанның жер қыртысында тоқсаннан астам пайдалы қазбалары кездеседі.Біздің елімізде алты мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған.
Қазақстан темір кен қоры ТМД елдері бойынша үшінші орынды алады.
Қазақстанда мыс рудасының аса бай қорлары бар. Мысты құмтастардың ең ірі кен орны.
Фосфорит. Қазақстан фосфориттің қоры жөнінен АҚШ-тан кейін екінші орын алады.
Тұз. Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Әсіресе тұзға Каспий теңізі ойпаты өте бай.
2. Дәптермен жұмыс
-Балалар, бүгінгі күнді жазып алып, пайдалы қазбаларға берілген анықтаманы дәптерімізге жазып аламыз.
Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар деп атайды.
3. Оқулықпен жұмыс
Оқушылар тас көмірге, мұнайға, газ кен орындары туралы оқып береді.
4. Сергіту сәті: Оқушылар интерактивті тақтада көрсетіліп жатқан бейнефильмдегі қимыл-қозғалыстарды қайталайды.
V Жаңа сабақты бекіту
1. «Ыстық орындық » әдісі
Рольдік ойындар
Оқушылар сыныпта суретші және жазушы қызметін атқарады. Үш топқа үш түрлі тақырып беріледі, оқушылар сол тақырыпта сурет салады және әңгіме құрастырады. Салған суреттері мен әңгімелерін ыстық орындықта отырып қорғайды.
«Кезбе тілші» ойыны
(Тілші, суретші, таспаға түсіруші)
Бір оқушы оқушыларды аралап жүріп бүгінгі жаңа сабаққа қатысты сұрақтарды қояды.
Адамдар көмірді қалай пайдаланады?
Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар?
Газды қалай қолданамыз?
Қазақстандағы жер қорындағы байлық таусылса не істейсіңдер?
Орман ішінде келе жатып, бір сандық алтын тауып алсаң не істер едіңіз?
Алтыннан қандай бұйымдар жасайды?
Мұнайдан қандай бағалы заттар бөліп алуға болады?
-
Оқулықтағы суретпен жұмыс
4 Тест тапсырмаларын орындау
Орталық Қазақстан қандай қазбалы пайдаға бай?
А) Мұнай газ Ә) Көмір, мыс, марганец Б) Хром, никель
2. Қарағандының басты маманданған саласы?
А) Ет өндіру Ә) Көмір өндіру Б) мыс өндіру
3. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан
ұлкен көл?
А) Алакөл Ә) Каспий Б) Зайсан В) Балқаш
4. Соколов Сарыбай кенін кім ашты?
А) Қ. Сәтбаев
Ә) М. Сургутанов
Б) Л. Байжанов
5) Терінің ең негізгі қызметі?
А) Қорғану
Ә) сұлулық
Б) Безендіру
6) Жүрек қай жүйенің мүшесі?
А) Қан айналымы жүйесінің
Ә) Бұлшық ет жүйесінің
Б) Тыныс алу жүйесінің?
7. Жүйке жүйесінің қызметін атқаратын мүшелер?
А) Сезім мүшесі, ми
Ә) Жүрек, ми
Б) Жүйке,жүлын, жұрек
8. Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді?
А) Пайдалы, пайдасыз, жарамсыз
Ә) Жанғыш, кенді, кен емес
Б) Бағалы, құнсыз, жанатын
9) Кен орны дегеніміз ?
А) Пайдалы қазбалардың шоғырланған жері
Ә) Пайдалы қазбаларды өндіру әдістері
Б) Пайдалы қазбаларды өңдейтін жер
10 Тері үсіген кезде
А) Сылайды
Ә) Алақанмен ысқылайды
Б) Жылы суға салады
VI Қорытынды
«Чемодан», «Себет», «Ет тартқыш» стратегиясы
Чемодан
Себет
Ет тартқыш
Өзіңізге не алдыңыз?
Тағы неге оралу керек?
Сізге не түсініксіз?
1
Кері байланыс «Пікір ағашы»
Оқушылар стикерлерге сабақ аяқталғанда бүгінгі сабақ туралы өз пікірлерін жазып, «Пікір ағашына» жапсырады.
VII Бағалау
Бағалау парағы
VIII Үйге тапсырма беру
Пайдалы қазбалардың түрлері туралы тақырыпты оқып, түсінік беру.
Ашық сабақ суреттер ДҮНИЕТАНУ
[pic]
Пікір ағашы дүниетану
[pic]
Дүниетану Оқушылар Кезбе тілші әдісін пайдаланып мұғалімдерден сұхбат алуда