«Бет бейнені сахнала» ойыны(СтО-тапқырлық) 1.Мұғалім бірнеше көңіл күйді білдіретін сөздерді топтағы оқушыларға таратады. 2.Топтардан бет бейнені дұрыс әрі көңілді етіп сахналаған оқушыларға жетондар беріп отырамын.(жетондар арқылы бағалау) 3.Жабық сұрақтар -Осы аталған бет бейнелерді қағаз бетіне түсірсек ол шығарма қалай аталады?(Портрет) -Сонымен портрет деген не? -Портреттер нешеге бөлінеді? -Сатанатты портреттің ерекшелігі қандай? -Топтық портрет пен жұптық портреттің бір бірінен ерекшелігін атаңдар. -Камерералық портрет дегеніміз не? -«Камера» сөзін қай тілден аударған және ол қандай мағына білдіреді? -Автопортрет қалай орындалады? Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру. Балалар автопортрет салады Автопортрет салмас бұрын өз фотосуреттерін көрсету,ерекшеліктеріне тоқталу. Баяндау әдісі. -Балалар сендердің жүздеріңе қарап, сүйсінемін. Сендер бір-бірлеріңе ұқсамайсыңдар, алайда барлығыңа ортақ қасиет-жүздеріңнен бақытты балалықтың лебі еседі. Бүгінгі сабағымызда сендер өздеріңнің автопортреттеріңді салып көресіңдер. Автопортрет салмас бұрын фотосуреттеріңді қарап шығып,бет бейнелеріңді айнадан мұқият қарап шығыңдар. Сенің автопортретіңе қандай түстер гаммасы қажет деп ойлайсың,қандай көңіл күйді білдіргің келеді, қандай материалдармен орындағың келеді оны таңдау әрине өз еріктеріңде. Автопортрет салмас бұрын мына сұрақтарға жауап бер: -Портретіңде өзің жайлы не айтқың келеді? Сен қандайсың? -Мінез құлқың әдеттерің ше? -Көбіне қандай көңіл күйде боласың? -Бос уақытыңда немен шұғылданғанды ұнатасың? -Сен өзіңді қандай жұмыс үстінде бейнелегенді қалайсың? Жеке жұмыс Сарамандық тапсырма:өз автопортреттерін бейнелеу. |