Дүниетану Құлақ - есту мүшесі (1 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Құлақ – есту мүшесі

Сабақтың білімділік мақсаты: қоршаған дүниені толық танып білу үшін сезім мүшелерінің, оның ішінде есту сезім мүшесі – құлақтың алатын орнын түсіндіру;

Дамытушылық мақсаты: сезім мүшелерінің пайдасын талдау барысында оқушыларға денені күтуді түсіндіру.

Тәрбиелік мақсаты: құлақты таза ұстау жолдарын түсіндіру арқылы гигиеналық тәрбие беру;

Сабақтың типі: аралас

Көрнекілік: үнтаспа, өлең шумақтары

Пәнаралық байланыс: сауат ашу, музыка.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал- жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Өткенді қайталау. Сабақты қызықты жағдаят туғызудан бастауға болады. Үнтаспадағы түрлі дыбыстарды тыңдату, оларды ненің дыбысы, ненің үні екенін анықтау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Оқушыларға өздері өмірден білетін түрлі дауыстар мен дыбыстар туралы айтқызу. Мәселен, сиыр мөңірейді, ит үреді, қораз шақырады.

[pic]

Әңгімелесу.

- Осы дыбыстарды, дауыстарды қалай, ненің көмегімен анықтадыңдар?

- Дыбыстар сендерге қалай әсер етті?

- Заттардың дыбысы бола ма?

- Әңгіменің негізінде оқушыларға есту мүшесінің маңызын түсіндіру.

М. Әлімбаев «Қилы-қилы құлақтар» өлеңі

Жүгірсе де, шапқылап,

Бәрін естір саққұлақ.

Деші: - қазір ас берем!

Естімейді тас керең.

Құйма құлақ құлықты,

Құлықты жан білікті,

Құлықсызға сөз айтпа,

Құлықтыға аз айтпа!

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Суретпен жұмыс. Сұрақтарды пайдаланып, суреттерді оқушылардың көмегімен байқату нәтижесінде дыбыстар мен үндерді ататтыру.

Өмірмен байланыстыру.

Күнделікті өмірде үйінің маңайын, жүрген жолдарынан қандай табиғат дыбыстарын, жауарлардың үндерін еститіндігін сұрау. Сол туралы оқушылардыі еркін сөйлеуңне жағай жасау.

Сөйлем құрау.

Тірек сөздер: құлақ, есту, дауыс, үн, дыбыс, жағымды, жағымсыз , т.б. осы сөздер арқылы оқушыларға сөйлем құрату.



V. Қорытынды бөлім

Құлақты таза ұстау ережесін түсіндіру. Адамнан басқа жануарлардың құлақтары қалай еститіндігі туралы әңгіме жүргізу.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, оқушылардың еңбегін бағалау.