10.05.16-14.05.16 1-сынып сабақ жоспарлары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 10.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады?

Сабақтың мақсаты: Буын, сөздердің буынға бөлінуі, буынға бөлінейтін сөздер және тасымал туралы білімдерін пысықтау. Дұрыс дыбыстау, сауатты оқу мен көркем жазу дағдыларын дамыту. Туған жерін қастерлеуге, дамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Буын кестесі, алфавит, суреттер, қи мақағазар


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.


Сөзді қалай буынға бөлеміз?



Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.


Сөздік диктант

Әдеп, бота, қайың, тас, шаңғы, жеті, бес, бөдене, еден, жиналыс, тұқым, әке, оқушылар, ойынхана.


Тапсырма:

1. Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз.

2. Үш буынды сөздерді теріп жаз.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.


Мына сөздерді буынға бөлу: алма, ғарыш, жаңалық, мал, оқулық, мысық, өрік, ата т.б.

  • Бір буынды сөздер:

  • Екі буынды сөздер:

  • Үш буынды сөздер:

  • Тасымалданатын сөздер:

  • Тасымалданбайтын сөздер: (неліктен?)

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті


--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).


191─жаттығу.

  1. Өлеңді оқыңдар.

  2. Буынға бөліп көшіріп жазыңдар

  3. Әр буында неше дауысты дыбыс бар?

  4. Дауыссыз дыбыс буын құрай ала ма?


192─жаттығу.

  1. Мына сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.

  2. Қарамен берілген сөздерді тасымалдап жазыңдар.

  3. Құрастырып жазған сөйлемдеріңнің соңына қандай тыныс белгі қойдың?


193─жаттығу. Сөздердің алдына заттың сынын білдіретін сөздерді жазыңдар.


Тақтай, гүл, құлын, көше, үй.


Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс «Бұл қай кезде болады?»


- Мәнерлеп оқып беру.

- Мазмұнын түсіндіру.

- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.



[pic]




ІҮ. Сабақты қорыту:

Біз не білдік? Талқылау.


Ү. Үйге тапсырма:

200-бет өлеңді жаттау. Ереже жаттау


ҮІ. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 10.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жазғы шілде.

Сабақтың мақсаты: Буын, сөздердің буынға бөлінуі, буынға бөлінейтін сөздер және тасымал, дыбыс туралы білімдерін пысықтау. Дұрыс дыбыстау, сауатты оқу мен көркем жазу дағдыларын дамыту. Туған жерін қастерлеуге, дамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Буын кестесі, алфавит, суреттер, қи мақағазар


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

200-бет Бұл қай кезде болады? өлеңін балалардан жатқа сұраймын.


Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Әр оқушыдан жеке ережелерді ауызша сұраймын. Оқушыларға өткенге шшолу есебінде бір беттен беріп оған жазбаша сұрақтарға жауап жазуларын сұраймын.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Сурет бойынша жұмыс.

- Сөйлемдер құрау.

- Сөйлемдерден жуан дауысты дыбысы бар үш сөз, жіңішке дауысты дыбысы бар үш сөз жаз

- Дауысты дыбыс түрлерін ажыратып айт.

[pic] Жуан дауысты дыбыс

Д [pic] ауысты дыбыс

Жіңішке дауысты дыбыс


Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті


--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).


194─жаттығу.

    1. Әр сөздің тұсына қарсы мәндес сөзді тауып, көшіріп жазыңдар.

    2. Сұрақ қойып оқыңдар. Сөздердегі дауысты дыбысты атаңдар.


Ірі ─ майда әлді ─ әлсіз

Жылы ─суық жақсы ─жаман

Қою ─сұйық оң ─ теріс


195─жаттығу.

1.Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар.

2. Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сыз.


Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ.

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күн шуақ.

196─жаттығу.

  1. сөздерді оқыңдар.

  2. Кісі аттарын алфавит ретімен жазыңдар.



Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс «Жазғы шілде»


- Мәнерлеп оқып беру.

- Мазмұнын түсіндіру.

- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.


ІҮ. Сабақты қорыту:

Біз не білдік? Талқылау.


Ү. Үйге тапсырма:

202-бет мәнерлеп оқу. І. Жансүгіров туралы қысқаша мәлімет жинау. Ереже жаттау


ҮІ. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.









Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 11.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жау-жау жаңбыр.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөз,сөйлем, заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау. Дұрыс дыбыстау, сауатты оқу мен көркем жазу дағдыларын дамыту. Туған жерін қастерлеуге, дамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Буын кестесі, алфавит, суреттер, қи мақағазар


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

202-беттегі жазғы шілде өлеңін балалардан жатқа сұраймын. Балаларға ауызша өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, олардың білімдерін есіндегілерін біліп аламын. Ережелерді жатқа айтуға балаларды жарыстырамын.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.


Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті


--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).


197-жаттығу.

  1. Өлеңді оқыңдар.

  2. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, буын санын анықтаңдар.

  3. Бұл сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.


198─жаттығу.

  1. Жақшадағысөзді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп оқыңдар. Сөйлемдегі сөздердің байланысын байқаңдар.

Оқушылар гүлді аулаға отырғызды. Олар гүлді күтті. Балалар гүлге су құйды. Гүлге

көбелек қонды. Гүлдің иісі жақсы.


199─жаттығу. Сөздерді көшіріп жазыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.

Отыз, он бірінші, жиырма екі, елу, жүз, елу үш, сексен төртінші, бес жүз алты, екінші.




ІҮ. Сабақты қорыту:

Біз не білдік? Талқылау.


Ү. Үйге тапсырма:

199-жаттығу жаттығуды аяқтау.


ҮІ. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.






























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 12.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жайлау.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөз,сөйлем, заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау. Дұрыс дыбыстау, сауатты оқу мен көркем жазу дағдыларын дамыту. Туған жерін қастерлеуге, дамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Буын кестесі, алфавит, суреттер, қи мақағазар


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

199─жаттығу. Сөздерді көшіріп жазыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.

Отыз, он бірінші, жиырма екі, елу, жүз, елу үш, сексен төртінші, бес жүз алты, екінші.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.


Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті


--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).


200─жаттығу.

  1. Сөйлемдерді оқыңдар.

  2. Сызбадағы сұрақтардың орнына сөйлемнен керекті сөздерді қойып жазыңдар.


Не?

Қайда? ................ сайрады

Қ [pic] [pic] [pic] ашан?


201─жаттығу ауызша орындалады

  1. Сұрақтардың орнына кеекті сөздерді қойып, төрт сөзден жасалған сөйлем құрап жаз.

  2. Керекті сөздер: көйлек, қуыршаққа, Нағима.

  3. Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтаңдар.

  4. Сызбамен көрсет.


Сергіту сәті.


Оқулықпен жұмыс «Жайлау»


- Мәнерлеп оқып беру.

- Мазмұнын түсіндіру.

- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.



ІҮ. Сабақты қорыту:

Біз не білдік? Талқылау.


Ү. Үйге тапсырма:

205-206 бет мазмұндау «Жайлау» Ереже жаттау


ҮІ. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 13.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Менің атым─ Бөлтірік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халық ауыз әдебиеті – халық шығармаларының түрлерімен таныстыру. Оқушылардың ұлттық әдебиет негіздері туралы білімдерін дамыту.Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Бөлтіріктің суреті, кеспе қағаздар, электронды оқулық, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.


ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

«Жайлау» әңгімесінің мазмұнын сұраймын.


Оқушы білімін жан-жақты тексеру:

«Халық ауыз әдебиеті» деген сөзді қалай түсінесің? (Тақтамен жұмыс).




[pic]


[pic] [pic]

[pic]

[pic] [pic]

[pic]


[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]


[pic]






ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.


Оқулықпен жұмыс

Оқулықтан «Менің атым ─ Бөлтірік», мәнерлеп оқу.

- Мәнерлеп оқып беру.

- Мазмұнын түсіндіру.

- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

Сұрақ-жауап:

Сергіту сәті.


ІҮ. Сабақты қорыту:

Біз не білдік? Талқылау.


Ү. Үйге тапсырма:

Мәтіндерді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.


ҮІ. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.


























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 14.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Досболдың тапқырлығы

Сабақтың мақсаты: Мәтінді мәнерлеп оқып бере отырып, мазмұныны сұрақ – жауап арқылы түсіндіру.шешен деген сөзге түсінік беру.ә)сөздік қорын молайту, сабақ барысында ойлау қабілетін  дамыту.б) Аз сөйлеп көп тыңдауға, шешендік өнерге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:шешендік кітапшалар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.


II.Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген тапсырмаларды Өлеңді мәнерлеп оқу және мазмұндау сұрап пысықтау.

Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?


III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау- Бөлтірік Тезек төрені қандай  сөзбен жеңетінін айтты?


IV. Мақсат қою кезеңі:

Сондай, орақ ауыз, шешен тілді тағы тұлғаларымыздың тапқыр ойлы сөзін ойға түйіп алайық.


V. Жаңа сабақ:

Досболдың тапқырлығы. Бұл әңгіме ел аузынан таралған. Мәтінді оқу


VI.Жаңа материалды пысықтау:

Досболмен кім түстеніп отырған?

Үй иелері түскі асқа не дайындаған?

Балаби не істемекші болды?

Досболға қандай сөз айтты?

Ол сөзді айтып отырып не істеді?

Жолдасының қулығын сезген Досбол қандай айла , тапқырлық жасады?

Мәтін кім туралы айтылған?

Мәтіннің негізі ойы не?

Бізді неге тәрбиелейді?

Сөз айтсаң да не іс қылсаңда тауып ойланып жасау керек екені туралы айтып тұр. Тапсырма беру. Мәтінмен досбол шешеннің Балабиге  берген жауабын тауып оқыту.


VII.Сабақты қорытындылау

Мәтін бізге ұнады ма?

Ұнаса несімен ұнады?


VIII. Үйге тапсырма

207-208 бет мазмұндау. Ереже жаттау




































Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: дүниетану

Күні: 13.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:.Жаз. Адамдардың жазғы еңбегі.

Сабақтың мақсаты: Жаз мезгілі туралы түсінік беру. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу, жазғы өсімдік , табиғат құбылысындағы болатын өзгерістерді тани білу.

Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгіліне байланысты суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.                         

Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі. Бунақденелердің көктемгі тіршілігі тақырыбы бойынша оқушылардан мазмұнын түігендерін сұраймын және осыған,и өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып жауап аламын.


ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: 

Көктемде адамдар қандай жұмыстар істейді?


ІҮ. Мақсат қою:тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жаз мезгілі туралы түсінік беру. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу, жазғы өсімдік , табиғат құбылысындағы болатын өзгерістерді тани білу.


Ү. Жаңа сабақ:

а) Жаз көрінісі туралы суреттер көрсете отырып, ауа райында,табиғаттан қандай өзгерістерді байқағанын әңгімелету. 

ә) Жаз туралы оқып беру.

б) Дауыстап оқыту.

Сергіту сәті.


ҮІ. Жаңа білімін тексеру:

-Суреттегі өсімдіктерді қандай жерлерде кездестіруге болады?

-Жазда өсімдіктер тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

-Жаз айы қай айдан басталады?

-Адамдардың жаздағы еңбек түрлерін ата?

-Ауыл шаруашылық машиналарының атын ата.?

-Қандай ағаштар мен бұталар гүлдеп жеміс салады?


ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Біз  не  жайында  білдік?


ҮІІІ.Үйге тапсырма.

Мазмұндау


ІХ. Бағалау:

Оқушыларды мадақтап бағалаймын.






































Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: бейнелеу өнері

Күні: 11.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті нақыштар бойынша пішіндік-түстік композиция. Қазақтың ұлттық сәнді қолданбалы өнері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы мағлұмат беру. Ою - өрнектердің ерекшеліктері, мазмұны жайлы түсінік беру, оқушылардың ою - өрнектерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту, эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиялеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сәнді қолданбалы өнер шығармаларының туындылары, суреттер, плакат, интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сайыс, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Сынып оқушыларды сабаққа даярлау..
2. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.

II. Өткен сабақты тексеру.
1. Оқушылардың үй жұмысын тексеру.
2. Өткен тақырыптан ауызша сұрақтар қою, анықтамасын сұрау. 3. Қандай ұлттық аспаптарды білесіздер?

4.Ұлтық аспаптар неден жасалады?

5.Қазақ ұлттық аспаптары ерекшілігі неде?


III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Кіріспе. Қазақтың сәндік қолданбалы өнері көркем өнеркәсіптің дамуына, маман суретшілер мен халық шеберлерінің қызметіне зор ықпал етті және көршілес жатқан халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып отырады.
Оқушыларды үш топқа бөлу: «Зергерлер», «Шеберлер», «Суретшілер»
Сәндік қолданбалы өнер ою - өрнек, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруден тұрады. Қазақ халқының қолөнер түрлері, оның ішінде мың құбылған ою - өрнек өнері, ши тоқу, алаша (қазіргі гобелен), сырмақ сыру және т. б. өнер түрлері ұлттық өнер мақсатына айналып, басқа елдерге де танымал болған. Қазақтың осы күнгі ою - өрнегін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды.

1-Бөлім. Сөзжұмбақ «Ою - өрнек»
1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)
2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)
3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)
4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша.( Палитра)
5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.(Дизайн )
6. Зәулім ғимарат, құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)

2 - Бөлім.
Әрбір сайыста дұрыс жауапқа бір оюдан(ұпай) беріледі, сайыс соңында ұпай саналады.
«Қолөнердің қыр - сырлары» Сұрақ - жауап сайысы.
1. Қолөнері дегеніміз не?
2. Зергер дегеніміз кім?
3. Ісмер дегеніміз кім?

3 - Бөлім.
«Сегіз қырлы бір сырлы» Топпен жұмыс.
Ұлттық аспаптар суретін салу

4 - Бөлім.
«Өнер алды қызыл тіл» Мақал - мәтелдер сайысы.
Қай топ көп мақал біледі?

5 - Бөлім.
Әр топтан бір баладан шығып салған суреттерін қорғайды

Оқушылардың алған ұпай сандарын есептеп ,жеңімпаз топ анықталып марапатталады..


ҮІ. Қорытынды бөлім.
Оқушыларға жаңа сабақтан сұрақтар қою.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
«Сәндік қолданбалы өнер» туралы мәліметтер жинау


ҮІІІ. Бағалау

Оқушылардың кемшілік жетістіктерін ескере отырып, жасаған жұмыстарын мадақтап бағалау









Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 13.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Тоқыма жіппен сәндеу. Жіптен кітап арасына салатын тілша жасау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мататану, мақта және зығыр маталардың алынуы туралы білім беру; оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту;
тәрбиелік: оқушыларды әдемілікті сезіне білуге, ұқыптылыққа тәрбилеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілік құралы: мата қиындылары, қайшы, ине - жіп

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Шайдың қандай қасиеті бар?
2. Шайдың қандай сорттары өсіріледі?
3. Олардың бір - бірінен қандай ерекшелігі бар?
4. Шайды дұрыс демдеу туралы айтып беріңдер.
5. Какаоның қандай қасиеттері бар?
6. Оны қонақтарға қалай ұсынады?
7. Кофенің қандай қасиеттері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Барлық тоқыма маталар талшықтардан тұрады. Ең алғаш адамдардың жіп алуға қолданған талшықтары қалақай (крапива) және кенешөп (конопля) талшықтары болды.
Қазіргі жағдайда түрлі табиғи (мақта - мата, зығыр, жүн және т. б.), сондай - ақ, химиялық талшықтар қолданылады.
Өсімдік талшықтарынан алынған табиғи мата шығаруда мақта мен зығыр қолданылады.
Қоза – 1 метр биіктікке дейін өсетін біржылдық бұталы өсімдік. Қоза өскеннен кейін ұрық қабыршағы ашылады. Қабыршақ ішіндегі тар өзегі талшықтармен оралған. Мақта талшықтары – ақ түсті, үлпілдеген, қысқа, жұмсақ, жіңішке болады. Нақ солардан мақта - мата жіптері мен маталарын алады. Сонымен қатар, мақтаның тұқымын май, жануарларға қорек ретіндегі жемді алады. Мақтаны құнды қасиеттері үшін ақ алтын деп атайды.
Мақтаның шыққан Отаны – Үндістан, Қытай және Мысыр. Ол 30 градустық ыстықты және өте көп мөлшердегі ылғалды жақсы көреді. Біздің елімізде қоза оңтүстік аймақта өсіріледі.
Зығыр – биіктігі 1 метрге жетпейтін өсімдік, сабағының қабықты бөлігінен талшық алынады. Талшықтан мата шығарылады. Бұл талшықтар талшықтан жасалған (лубяные) деп аталады. Олар тегіс, ұзын, тіке, берік және қалың болады. Зығыр матасы әдетте сұр түсті. Өзіне тән жылтыр сұр түсіне қарай зығырды солтүстік жібегі деп атайды.
Киімді тігуде оның айырмашылығы білу керек. Матаның өң беті мен ішкі бетін айырудың белгілері мынадай:
1. матаның өң бетінде түйіндер аз болады.
2. өң бетінің суреті анық айшықталған.
3. өң бетінің жиегі жатық.
4. матаның өң беті жылтырайды, ішкі беті жылтырамайды.
Әрлеп безендірілген матаның өң және ішкі беті болады. Өң бетінде сурет анық айшықталады.
Жіп иіру дегеніміз - жекелеген қысқа талшықтардан ұзын жіп (иірілген жіп) шығарып алу. Тоқымашылық – мата алу үшін иірілген жіптерді өзара өріп - тоқу процесі. Жіп иіру де, тоқымашылық та ерте замандардан - ақ белгілі болған.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Талшықтар қандай болып келеді?
2. Зығыр және мақта - матасының айырмашылығы қандай?
3. Жіп иіру дегеніміз не?
4. Тоқымашылық деп қандай процесті атайды?
5. Тігін матасы неден тұрады?
6. Матаның негізін қалай анықтаймыз?
7. Матаның өң бетін анықтау неге қажет?

Ү. Сабақты қорыту. Міне, қыздар бүгін біз мататану, мақта және зығыр маталары туралы көп мағлұмат алдық. Матаның өң және терістеме жағын ажыратуды білдік.

ҮІ. Үйге тапсырма.
Тоқыма жіптерін алып келу


ҮІІ. Бағалау

Жұмыстарына байланысты мадақтап бағалау











Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 14.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың  тақырыбы  Күлтебас жасау.

Сабақтың мақсаты: Жіптен күлтебас жасау жолын түсіңдіру. Күлтебас жасау арқылы оқушылардың  қол  икемділіктерін дамыту. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, қол өнерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  Аралас

Сабақтың әдістемелік тәсілі:

Сабақтың қолданбалы көрнекілігі:  Күлтебас

Сабақтың пайдаланатын құралдары: жіп, қайшы, қатты қағаз.


Сабақ барысы:  

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жіптен құрамақ құрастыру.

1. Шайдың қандай қасиеті бар?
2. Шайдың қандай сорттары өсіріледі?
3. Олардың бір - бірінен қандай ерекшелігі бар?
4. Шайды дұрыс демдеу туралы айтып беріңдер.
5. Какаоның қандай қасиеттері бар?
6. Оны қонақтарға қалай ұсынады?
7. Кофенің қандай қасиеттері бар?

ІІІ. Жаңа материалдармен танысу.

Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы:  «Күлтебас жасау»  деп аталады.


ІV. Жаңа сабақ.

1.Күлтебасты қандай бұйымдарда пайдаланамыз?

2.Күлтебасты неден жасауға болады?


Практикалық бөлім.

Күлтебас жасау тәсілі.

1- 4 сурет бойынша жасау.

[pic]

[pic]


VІ. Қорытынды бөлім.

Күлтебастан қандай ойыншық жасауға болады?

- Күлтебасты қуыршаққа айналдыруға болады.

- Оқушылардың жасаған күлтебастарын тақтаға іліп қою.


VІІ. Үйге тапсырма беру,бағалау

Күлтебасты бас киімге тігу



























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: музыка

Күні: 10.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Мұғалім –ол біздің

Сабақтың мақсаты: Балаларға ұстаз мамандығының маңызын түсіндіру. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Үнтаспа , суреттер, оқулық

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең

Оқушыларды сабаққа даярлау.


ІІ. Өткенге шолу

Менің әліппем әнін хормен және әуен ырғағының сүйемелдеуімен айту.


ІІІ. Жаңа сабақ

Адам өміріндегі ең қымбат жаның бірі –ұстаз.

Өткені ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп,

қияға қанат қақтырады.Сондықтанда болар, кейбірдарынды ойшылдарда ,көп төсін шарлаған ғарышкерлер де, жүрек жұтқан батырлар да, қарапайым еңбек адамдары да, тіпті жас ұрпақты тәрбиелеп жүрген педагогтардың өздері де ұстазды пір тұтып, ерекше қадірлейді.


Музыка тыңдау: «Ұстазым» әні


ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Ұстаздарға

Білім берген балаға

Сәуле құйған салаға

Мұғалімге бас иер

Данышпанда, дана бар

Құтты болсын қуаныш

Шаттық берсін тасыңыз

Деніңіз сау боп, ұстаздар

Жүзге жетсін жасыңыз


Ұстазым

Ақ ниеті төгілген

Шуақ төккен мейірімді көзіңнен

Қандайда бір орындалсын арманың

Тілегім осы шәкірттік адал көңілмен

Ұстазым бір өзіңсің қамқоршым

Бір өзіңсің жанашарым ұстазым

Осы күнге біліміңмен әкелген

Осы күнге қадіріңмен жеткізген

Талпын деп бізді алға жетелеген

Өзіңнен өсіп- өніп мен көтерілем

Сондада ұстазымды ұмытпаспын

Ұмытпауға мен саған серт етемін


Есімде менің ұстаздарым әлі де

Алғаш келіп алдыма ашқан әліппе

Үйреттің бізді сарқылмастай білімге

Үйреттің бізді сақадай сай тәртіпке


Ү. Сабақты қорытындылау

Балалар музыкада неше нота бар?

Октава дегеніміз не?


ҮІ. Үйге тапсырма:

Әннің сөзін жаттау


ҮІІ. Бағалау:

Оқушылардың барлығын бағалау




















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: өзін-өзі тану

Күні: 14.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:  Отанымды сүйемін

Сабақтың мақсаты: Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту; Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру; Отанын сүюге, патроиттық тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Шаттық шеңбері

Балалармен шеңберге тұрып бір-ірімізге жақсы тілектер айтып сабағымызды бастаймыз.


Отан деген...

Бірде құрбыластарым бас қосып, көңілді әңгімелесіп, сөз таластырып қалдық.

 Біз тұратын көше ауылдағы ең әдемі көше, жап-жалтыр асфальт төселген, деді Мадина.

 Ешбір көше біздің көшеге жетпейді. Жол жиегі жап-жасыл ағаштар, тіптен өзіңді паркте жүргендей сезінесің,деп мақтанышпен сөйледі Меруерт.

 Ой, қыздар-ай, біздің көше ше?! –деп, сөзін бастай берген Розаны Салтанаттың киліккен сөзі бөліп жіберді.

 Қойыңдаршы, қыздар. Бірде-бір көшенің ерекшелігі жоқ, бір үлкен қаладай-ақ бұл ауыл... деп қабағын шытты.

 Қыздар үн-түнсіз қалды... Бәрі де Салтанаттың сөзін іштей мойындағандай. Өткір мінезді Самалдың қатқыл үні бәрімізді елең еткізді.

 Неге, неге олай дейсің, Салтанат? «Отан» деген құдіретті ұғымның өзі осы өз ауылыңнан, өз көшелеріңнен басталмай ма? Өз көшелеріңді сүймесең, оны мақтан тұтпасаң, Отанды қалай сүймексің? – деп жатыр.

Сол сәт мен де Самалдың өтімді сөзін толқи тыңдадым. Ойыма «Отаншыл болу от басынан басталады» деген батыр ағамыз Бауыржан Момышұлының аталы сөзі оралды...


·   Балалар өз көшелерін қалай мақтан етті?

·   Ал сендер «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?

Төменде берілген суреттерді пайдалана отырып, «Менің Отаным» деген тақырыпта айтып беріңдер.


Ризамыз саған біз.

 Қ. Ыдырысов

 Күнде шат күліп күн –

 Өміріміз жайдары.

 Мәңгілік бақыттың

 Өзіміз – айғағы.

 Күлеміз, ойнаймыз,

 Демалып алаңсыз.

 Ризамыз саған біз,

 Ұлы Отан – анамыз!


ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.


Оқушылардың  еңбегін мадақтау.































Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: логика әлемі

Күні: 14.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Алдымен, кейін

Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: оқулық және әдістемелік құрал, суреттер


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Ми гимнастикасы.

Өткен сабақтағы жаттығуларды қайталау.


Ширату

Әкеңнің әкесін қалай атайсың? (ата)

«А» әрпінен басталатын бес ұлдың атын айт (Абылай, Айдын, Асхат, Арман, Айдар).

Өзіңдіқайдан көре аласың? (айнадан)

Иттің баласын калай айтады? (күшік)

Атасы немересін калай айтады? (немере)


Тапсырма №1.

Оқушыларға диалог құрғызу. Бұл адамдар бір-біріне не айтуы мүмкін?


[pic] [pic]










Тапсырма №2.

Мына төмендегі фигуралардан құралған заттарды ойлап тауып, олардың суретін сал.

[pic] [pic]

[pic]


Көңілді үзіліс. Өткен сабақтағы жаттығуларды қайталау ұсынылады.

Логикалық ізденіс тапсырмалары.


Тапсырма №3.

Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен тапсырманы оқып, түсіндірме мысалды талдайды. Осы мысалға сүйене отырып, келесі тапсырманы шешеді. Жауабы: автобуспен адамдарды тасыса, ал жүк машинамен жиһазды тасиды; күн жылыда көйлек киетін болса, аязды күні тон киеді.


Тапсырма №4.

Жауабы: қияр артық, өйткені ол көкөніс. Басқасы жеміске жатады. Шие, алмұрт, алма-жеміс.


Көзге арналған жаттығулар. Мұғалімінің таңдауы бойынша.


Графикалық диктант.

Нүкте арқылы сурет салу. Нүктелерді қосып сызу арқылы құмырсқаның илеуге дейінгі жолын көрсет. Құмырсқаның илеуi және оның еңбекқорлығы туралы әңгіме-дүкен кұруға болады.


Сабақты қорытындылау.

Біз сабақта не үйрендік?
























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қызықты грамматика

Күні: 10.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық талдау

Сабақтың мақсаты:Өткенді тиянақтау, пысықтау. Білім , білік ,дағды машықтарын тексеру. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: ана тілі


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.


II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Кім шапшаң Ойыны


Сергіту сәті


IV. Мақсат қою кезеңі

Бүгінгі сабағымызда өткенді қорытындылау мақсатында тест орындаймыз


V.Өз бетімен жұмыс

Н н әрпін көркем жазу


Тест


1Жіңішке дауысты дыбыстары бар сөзді тап:

асхана шыбын әңгіме


2 Бір буыннан тұратын сөзді тап:

Ыдыс топ ұя


3 Бес сөзден құралған сөйлемді тап:

Біз ауамен демаламыз.

Адамға таза ауа қажет.

Дәрігер науқасқа дәрі береді.


4. Тасымалдауға болатын сөзді тап:

Доп ыдыс ертегі


5. Артық сөзді тап:

Қарбыз қияр қозы сәбіз


6. Қанша? Неше?сұрағына жауап беретін сөзді тап:

Желім отыз әдемі


7. Не ?сұрағына жауап беретін сөз

Немере балықшы кесіртке


8. Кім? Сұрағына жауап беретін сөз:

Сабын қақпашы тауық


9. Жуан дауысты дыбыстары бар сөзді тап:

Шеге күшік жапалақ


10 . Төрт буынды сөз:

Тамақ домбырашы ойыншы


VI. Жаңа материалды пысықтау

Орындаған тапсырмаларын жинап алып текеріп, қорытыны жасау, орындағандарына байланысты кемшілігін, жетістігін ескеріп мадақтау.






















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 10.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №8
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бақылау жұмысы арқылы теңдеуді шешудің қарапайым әдістерін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Әртүрлі тапсырамаларды шешу арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды шапшаңдыққа, логикалық ойлау жылдамдығына тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың көрнекілігі: дәптері мен тақтадағы бақылау жұмысы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын аудару

Оқушыларды бақылау жұмысына даярлау


ІІ. Мақсат қою

Балалар, біз бүгін бақылау жұмысын орындаймыз. Біз бірінші рет емес осымен бесінші рет орындайын деп тұрық. Ережесін сендер білесіңдер, тағы да айта кетем:

  • құрал-жабдықтарыңның барлығы дерлік дайын тұруы

  • жан-жаққа алаңдамауың керек

  • көршіңе және өзге балаларға кедергі келтірмеу

  • өз бетімен орындау


ІІІ. Бақылау жұмысы

1 а мен 3 санының қосындысын жаз. а-7,6,5,4,3,2,1,0 деп алып өрнектің мәнін тап


А мен 40 сандарының айырмасын жаз. А-100,90,80,70,60,50,40 деп алып өрнектің мәнін тап


2 Салыстыр

5-3*10-5 70-20*20-20 5-3*7-4

4+5*7+1 90+10*50+30 8+0*10-5

7-2*2+2 100-50*30+70 5-3*1+5

1+7*9-5 50+0*60-20 3+3*10-6


3 Өрнектер құрастыр

7 мен 2-нің, 9 бен 7-нің, 50 мен 40-тың, 5 пен 1-дің, 5 пен 3-тің, 80 мен 30-дың, 20 мен 10-ның айырмаларын құрастырып жаз.


4 Сөз есепті шығар

Мұрат 5 ойыншық бояды. Айдос одан 3 ойыншық артық бояды. Айдос неше ойыншық бояды?


Кәмшат 6 ою ойып алды. Гүлнәр одан 2 ою кем ойды. Гүлнәр неше ою ойды?


5 Теңдеуді шешу

A+3=8 a-5=5 4+a=10 9-a=4 10-a=8


ІҮ. Бақылау жұмысын бекіту

Балалармен бірге барлық есептерді талдап шығару.

Балалар енді біздер мына орындаған тапсырмаларымызды тексеру үшін мына есептерді талдап шығайық.


Ү. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың өз қателерін біліп отыруға жағдай жасау


ҮІ. Үйге тапсырма беру

Есептер шығару


ҮІІ. Бағалау

Оқушылардың тапсырманы талдауларына байланысты мадақтап бағалаймын.
























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 11.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Кесінділерді сызу

Сабақтың мақсаты: Геометрияның және алгебраның элементтері (көпбұрыштардың төбесі, бұрышы, қабырғасы) жайында түсінік беру; көпбұрыштың кейбір түрлерін мәнді белгілеріне қарай анықтаудың үлгісін пысықтау. Геометрияның және алгебраның элементтері жайлы білімдерін дамыту. Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.

Көрнекілік: Геометриялық фигуралар.Көпбұрыштар, сызғыш, түрлі борлар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Түзулер:

Нүктелер:

Дөңгелектер:

Бұрыштар:

Шаршылар:

Қисық сызықтар:

Кесінділер:

Сәулелер:


ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Ұзындығы 4см болатын кесінді сыз.

Осындай 4 кесіндіден геометриялық фигура құрастыр.

[pic]

──────────── 4 см


[pic] [pic]


Төртбұрыш


[pic]




[pic]



Кесінділердің ұзындықтарын өлше, оларды салыстыр.

[pic] [pic]



[pic]



Ең қысқа кесіндіден 3см ұзын кесінді сыз.

Ең ұзын кесіндіден 4см қысқа кесінді сыз.


3 см + 3 см═ 6 см

10 см ─ 4 см ═6 см


ІҮ. Сабақты қорыту:

Біз не білдік? Талқылау.


Ү. Үйге тапсырма:

Тіктөртбұрыштың периметрін табу


ҮІ. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.



















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 12.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Кестелік қосу мен азайтуды үйрендік.

Сабақтың мақсаты: Кестелік қосу мен азайту дағдыларын тиянақтау. Геометрияның және алгебраның элементтері жайлы білімдерін дамыту. Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.

Көрнекілік: Кестелер


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Балаларға үйге берілген тіктөртбұрыштың периметін тапқандарын дәптерлерінен тексеріп тақтаға шығартып сол есепті талдатқызамын.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Кестелік қосу мен азайтуды үйрендік.

1. Қосылғыштары бірдей қосындыларды жазып, мәндерін тап.

0+0═0 1+1═2

2+2═4 3+3═6

4+4═8 5+5═10

6+6═12 7+7═14

8+8═16 9+9═18

10+10═20


  1. Мәні 0─ге тең болатын айырмаларды жаз.

10─10═0 9─9═0

8─8═0 7─7═0

6─6═0 5─5═0

4─4═0 3─3═0

2─2═0 1─1═0


  1. Математикалық диктант. Тек жауаптарын ғана жаз:

3+2 5─2 4+3 7─3

6─2 4+2 8─3 5+3

5+2 7─2 6+3 9─3

8─2 6+2 10─3 7+3

7+2 9─2 5+4 9─4

10─2 8+2 10─4 6+4




  1. Айырмалардың мәндерін тап. Олардың қандай қосындылармен байланысты екенін анықта:


5─3 8─6 7─4 10─7

6─4 9─7 8─5 9─5

7─5 10─8 9─6 10─6


ІҮ. Сабақты қорыту:

Біз не білдік? Талқылау.


Ү. Үйге тапсырма:

Ауызша шапшаң есептер шешіп үйрену


ҮІ. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 13.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №9
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бақылау жұмысы арқылы теңдеуді шешудің қарапайым әдістерін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Әртүрлі тапсырамаларды шешу арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды шапшаңдыққа, логикалық ойлау жылдамдығына тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың көрнекілігі: дәптері мен тақтадағы бақылау жұмысы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын аудару

Оқушыларды бақылау жұмысына даярлау


ІІ. Мақсат қою

Балалар, біз бүгін бақылау жұмысын орындаймыз. Біз бірінші рет емес осымен бесінші рет орындайын деп тұрық. Ережесін сендер білесіңдер, тағы да айта кетем:

  • құрал-жабдықтарыңның барлығы дерлік дайын тұруы

  • жан-жаққа алаңдамауың керек

  • көршіңе және өзге балаларға кедергі келтірмеу

  • өз бетімен орындау


ІІІ. Бақылау жұмысы

1. Есепті шығар.

Әсем 4 тәрелке, одан 2─еуі артық кесе жуды

Әсем неше кесе жуды?


2. Өрнектердің мәнін тап;

7+2═ 20+50═ 80─30═

7─5═ 90─20═ 20+40═

7─2═ 40+60═ 70─50═


3. Әйнекшеге тура теңдік шығатындай етіп сан жаз:

80─30═40+ □□ 50+40═60 + □□

70─40═ 80─ □□ 90─70═ 70─ □□


4. Теңдеуді шеш:

А+20═30 а─40═10 20+а═70


5. Ұзындығы 3 см, 4 см, 6 см болатын кесінділер сыз


ІҮ. Бақылау жұмысын бекіту

Балалармен бірге барлық есептерді талдап шығару.

Балалар енді біздер мына орындаған тапсырмаларымызды тексеру үшін мына есептерді талдап шығайық.


Ү. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың өз қателерін біліп отыруға жағдай жасау


ҮІ. Үйге тапсырма беру

Есептер шығару


ҮІІ. Бағалау

Оқушылардың тапсырманы талдауларына байланысты мадақтап бағалаймын.