Сабақ жоспары 4 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


115. Қазақ тілі

Тақырыбы : Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшаларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру, шылаулардың емлесін меңгерту.

  2. Есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.

  3. Таза, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

32-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Сөздік диктант.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс.

Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы салыстыру әдісімен түсіндіріледі:

1. Журналдарда, кітаптарда жазылып жүр. Журналдар да, кітаптар да жеткілікті.

2. Сәрсен Маратпен сөйлесті. Сәрсен мен Марат сөйлесті.

3. Сен бүгін барма. Сенде қызық кітап бар ма?

Қарамен берілген сөздердің жазылуына салыстырмалы талдау жасалып, жалғаулардың сөзбен бірге, ал шылаулардың бөлек жазылатынын түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс.

33-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, шылаулардың жазылуын байқау.

Гүлдер өссе далада, Омарташы сақ тұрар

Қуанады балара Түнді қойып, күндіз де

Күлімдейді ана анада, Гүлден шығар тәтті де

Шаттанады бала да Ешқашан да гүлді үзбе!

дәптермен жұмыс.

Күн ретін жазу.

Көркем жазу.

34-жаттығу.-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа жазу. Шылауларды тауып астын сызу, жұрнақтарды тиісті белгімен белгілеу.

Қыс па, мейлі жаз ба,

Жерді орынсыз қазба


Мейлің кейіп жүрсің бе,

Жұрт алдында күрсіңбе

35-жаттығу. –мен, -да, -де жалғауларын және мен, да, де шылауларын қатыстырып сөйлемдер құрап жазу.

36-жаттығу-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, септік жалғаулары мен шылаулардың жазылуын салыстыру.

Данияр Сағитпен бірге оқиды. Дәулет пен Сәрсен бірге оқиды. Мал өрісте жайылып жүр. Өріс те кеңейді. Әсем ауылда тұрады. Ауыл да мүлде өзгерген. Асқар мектепте оқиды. Мектеп те біздің үйге жақын.

ҮІ. Бекіту.

Көшіріп жазу диктанты

37-жаттығу. Мәтінді жақшаны ашып көшіріп жазу. Жақшадағы да, де, та, мен дегендердің қайсысын бірге, қайсысын бөлек жазамыз? Неліктен?

Екпіндете соққан боранның ызғарланып тұрғанына екінші күн. Ышқына соққан желден ағаш бұтақтарыда шілікше жайылады. Кейде сынып та түседі. Боранның саябырситын түрі жоқ. Түс ауа боран бәсеңдегенмен күннің ызғары қайтпады. Қол созым жерде тұратын ауылға баратын жолда қар астында қалыпты.

38-жаттығу. Ребусты шеше. Шешуіндегі сөзді жалғау және шылау ретінде пайдаланып, екі сөйлем құра.

Кестемен жұмыс

ҮІІ. Қорытындылау.

Балалар, бүгінгі сабақтан не түсіндік?

Шылаулар қалай жазылады екен?

Шылау тұлғалас қосымшалар ше?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 40-жаттығу.

Оқушыларды бағалау.












140 Математика

Сабақтың тақырыбы: Санды разрядтық қосылғыштарға жікте

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға сандарды оқу, жазу, жіктеу және салыстыру әдістерін үйрету; ә)ережелерді қайталау;

б) өткенді қайталау

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Пcихологиялық ахуал орнату.

Тірек білімді белсендіру

Үй тапсырмасын тексеру.

18

97000

11000000

309000000

190000

1000000000

Жаңа сабақ

19

Топпен жұмыс

243175618712

6000000510

43507230003

ІІ топ

31518001615

75000000001

85000352000

ІІІ топ

781310000005

60218000000

512000000000

20 Мәтінмен жұмыс. Топпен оқыту.

Жер экваторының диметрі 40075696м; Жерден Күнге дейін 149597900км; Бір жылда 31557600с бар; Қазақстанда 17000000 –нан аса адам тұрады; дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы Джолунгма, оның биіктігі 8848 м; Қазақстандағы ең биік тау шыңы Хантәңірі, оның биіктігі 6695м,; Байқоңырдан ұшырылатын ғарыш кемесінің жылдамдығы 28000 км/сағ, яғни 28000000м/сек; Жайық өзенінің ұзындығы 2530км, яғни 2530000м.

21 «Кім жылдам» ойыны

І топ

1000 499 30000

ІІ топ

1399 899 8000

ІІІ топ

1000000 999999

4.

4444 4444444 444 444444

23 Салыстыр топпен жұмыс

І топ

515318967 * 1001312004

629815417*599931859

ІІтоп

718419630*709987487

ІІІ топ

715318480*715418486

217648504*217648503

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не өттік?

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: №24





















































56. Дүниетану

Тақырыбы: Жердің ғарыштан көрінісі. Күн. Жер

Мақсаты: Жердің шар тәрізді екенін ,глобустың жердің дәл үлгісі екенін түсіндіру.

Ой-өрісін, теориялық білімін, сөйлеу тілін дамыту.

Жерді босқа сызбауға, босқа қазбауға, ырымдарды сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік.

Көрнекілігі: суреттер, глобус,карта.(жарты шарлар)

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Күн туралы білгендерін әңгімелету. Мазмұнын толық сұрау.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Күн жүйесі деген не? -Күннің басқа жұлдыздарға ұқсастығы неде?

-Күн бетіндегі,қойнауындағы температура қандай?

-Күн қуаты қалай пайдаланылады?

Жер бетіндегі тіршілік үшін Күннің қандай маңызы бар?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау.

Жер-шар тәрізді дене. Глобус—Жердің дәл үлгісі.

V.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жер-Күн жүйесіндегі Күннен бастап санағандағы үшінші планета. Күнді айналып жүрген 9планетаның ішінде Жер мөлшері мен массасы бойынша 5 орында.Ал Жер тұрпаттас планеталардың (Меркурий,Шлопан,Жер,Марс)ішіндегі ең үлкені.

Жер-шар тәрізді екенін бұрынғы адамдар білген жоқ.Олар жүре берсек жердің шетіне шығамыз деп ойлаған. Келе-келе жиһанкездер қаншама жүргенімен жердің шетіне шыға алмайтынын білді. Жер шар сияқты екеніне тұжырым жасаған грек ғалымдары .Олар бұған дәлел ретінде Ай тұтылғанда оны қалқалаған Жер көлеңкесінің дөңгелек болатындығын келтіреді.

Орта ғасырлардағы дүние жүзін айналу саяхаттары Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеді.Еуропадан шыққан теңізшілер үнемі шығыстан батысқа қарай жүзіп отырды.Сонда өзінің шыққан жеріне қайта оралған.Барлық Жердің шар тәрізді екенін дәлелдейтін мысалдарды айтып,түсінік беру.

Глобус –латын тілінен аударғанда шар деген мағына береді. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі ГЛОБУС деп аталады.

Глобуста Жер шары ондаған млн. есе кішірейтіліп алынады.

Жер шарының мұндай алғашқы үлгілері орта ғасырларда жиһанкездер дүние жүзін айналып шыққаннан кейін жасала бастады.Глобуспен түрлі тәжірибе жасауға болады.Жердің өз білігінен айналуын және Күнді айнала қозғалуын, олардың қандай құбылыстар тудыратынын глобусты пайдалану арқылы оңай түсінуге болады.

Глобус ХҮ ғ. Бастап шыға бастады. Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістіктерін мұхит дейміз. Мұхиттың құрлыққа кіріп жатқан бөлігін теңіз дейміз.Жер шарында 4мұхит бар аттарын айтып,картадан көрсету.Тынық мұхитының аумағы қалған үш мұхиттың аумағын қосқандағыдай.Материк алтау,оларды айтып ,картадан көрсету. Қазақстан қай материкте орналасқанын айтып .түсіндіру.

VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Оқулықпен жұмыс.Дауыстап тізбектей оқу.

Глобустан мұхиттарды, құрлықтарды оқушылардың өздеріне көрсету.

ҮІІ. Қорыту.

  • Ертедегі адамдар жер пішінін қандай деп ойлаған?Жердің шар тәрізді екеніне қандай дәлелдер бар?

  • Жер бақылаушы адамға неге тегіс боп көрінеді?

  • Неліктен глобусты Жердің дәл үлгісі дейді?

  • Масштаб деген не еді?

  • Картадан жан-жағынан 4 бірдей мұхит қоршап жатқан материкті тап.

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 119-122-беттерді оқу,мазмұны. Дәптерге құрлықтар мен мұхит және теңіздерді глобустан қарап жазуға. ІХ.Бағалау.