Жыл иесі - Жылан ғылыми жоба

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ .........................................................................................................3


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Жыл иесі – жыланның өзіндік ерекшеліктері ......................................4


2. 2 Жер бетінде мекен ететін жыланның түрлері .....................................5


2. 3 Жыланның таңғажайып әлемі ...............................................................7


2. 4 Жылан жайлы аңыз-әпсаналар ...........................................................11


2. 5 Жылан еті мен уының емдік қасиеттері .............................................13


ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................16


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................17











Аңдатпа


Жылан - шөптесін жерлерде бауырымен жылжып қозғалуға, көлемді заттарды тұтасымен жұтуға бейімделген жәндік.

Жыландар [link] , т.б.) тірі туып көбейеді. Жеке дара немесе топтанып (мысалы, сұржыландар) қыстайды. Топтанып қыстайтын түрлерін халық «ордалы жыландар» деп атайды. Жылан зиянды кеміргіштер, моллюскілер және жәндіктермен қоректеніп пайда да келтіреді. Кейбір түрлерінің терісі әсемдік бұйымдар, еті тамақ жасау үшін, ал уы медицинада қолданылады.

Денесі ұзыншақ, 8 см ден 10 м, (айдахар), мүйізді қалқанша және қабыршақтарымен қапталған. Омыртқа саны әртүрлі, 141 ден 435 дейін, (opmauta 200). Кеуде сүйегі жоқ, дене омыртқалары жылжымалы қабырғаларымен қосылған. Көздері бірігіп кеткен мөлдір қабықпен қапталған Сыртқы құрақ тесігімен дауылпаз жарғағы жоқ. Ұзын тілінің ұшы айыр. Бас сүйектері бір-бірімен жұмсақ жалғамаларымен қосылған. Соның нәтижесінде жылан ірі жануарларды аузын кең керіп жұта алады. Тістері өткір, жіңішке, артқа қарай майысқан. Улы жыландардың жоғарғы улы тістері бар. Олардың қуыс у келетін өзегі болады. Өкпесі біреу. Қуығы жоқ. Аталықтарының копулятивтік мүшесі құйрығының түбінде тері астына орналасқан. Жылына бірнеше рет түлейді.

Жыландардың 13 тұқымдасы бар: сарбас жыландар, улы жыландар, теңіз жыландары, сұр жыландар, шұңқырбастылар, соқыржыландар, тарауыздар, айдахарлар, аномалипидилер, біліктәрізділер, қалқан құйрықтылар, сәулелілер; 3000 түр. ТМД-да, 60 түрі белгілі. Көпшілік түрі құрлықта тіршілік етеді. Орманды жерде, шөл далада, өзендермен теңіздерде көптеген түрлері бар. Жыртқыштар. Қорегін тұтасымен жұтады. Жұмыртқа салып немесе жұмыртқада тірі туатын жануарлар. Кемірушілер, ұлулар және жәндіктердің санын реттеу зор маңызы бар. Кейбір түрлерінің терісі бағалы. Уы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. 16 түрі КСРО Қызыл кітабына енгізілген.

2. 3 Жыланның таңғажайып әлемі

Жылан - жұмбаққа толы тіршілік иесі. Қадым замандарда Желмаясына мініп "Жерұйық" іздеген Асан Қайғы атамыз бұл туралы «Аяғы жоқ, қолы жоқ, Жылан қайтіп күн көрер...» деп бекер айтпаған. Оның бойында әлі де ашылмаған талай құпиялар бар секілді....

Осы орайда, біз өздеріңізге патша жылан туралы сіз білмейтін деректерді назарларыңызға ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

  • Әлемдегі ең алып жылан – анаконда. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жетеді.

  • Әлемдегі ең ұзын жылан – тор көзді питон, ол 10 метрге дейін өседі.

  • Әлемдегі ең улы алып жылан – корольдық кобра. Оның мөлшері 6 метрге жуық. Кобра өзінен кішілерін ғана емес, өзімен мөлшерлес жылан түрлерін жеп қоя алады. Патша кобра үшін жемтігінің ұзындығы, көлемі маңызды емес, өзіне керегін алған соң, сыймағанын түкіріп тастай салады екен.

  • Ғылымға жыланның 2600-ге жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар. Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын: соқыр жыландар (1 түрі), айдаһарлар (2 түрі), сарыбас жыландар (12 түрі), сұржыландар (2 түрі), бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі.  Жыландар тек қана Антрактидада ғана мекендемейді.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Қазақстан жануарлар әлемі. –Алматы, Жазушы. 1997 ж. 36-б.

2. Жануартану кітабы. –Алматы, Мектеп баспасы. 1998 ж. 215-б.

3. Лекарственное сырье растительного и животного происхождения. Фармакогнозия / Под. ред. Г.П. Яковлева. – СПб.: СпецЛит, 2006. – 845 с.: ил.
4. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия. Учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ОАО Издательство «Медицина», 2007. – 656 с.: ил.
5. Самылина И.А., Ермакова В.А., Бобкова Н.В., Потанина О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас. – Т.3. – М., 2009. – 488 с.





















Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.



Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!









12