Сабақтың тақырыбы: 2,3, 4, 5 сандарының құрамы
Мақсаты:
1. 2,3,4,5 сандарының құрамымен таныстыру.
2.Қосу және азайтудың арифметикалық амалдарының мәнін бекіту.
3. Математика сабағына қызығушылықтарын арттыру.
Құрал жабдықтар: суреттер, 1,2,3,4,5 сандарының үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. «Жаңа күнмен амандасу» жаттығуды жасау:
Аманбысың, Алтын күн!
Аманбысың, Көк аспан!
Аманбысың, Аппақ таң!
Аманбысың, достарым!
Ойын:
«Жылдам сана»
Мұғалім заттар бейнеленген суретті көрсетеді.
Қанша түс бар екенін сана (3)
Қанша алмабар екенін сана (1)
Құстарды сана (4)
Аңдарды сана (2)
Ойыншықтарды сана (5)
Бүгін «Алма» ертегісін есімізге түсірейік, ондағы кейіпкерлердігде нешеу екенін санап шығайық.Ертегідегі үшінші кейіпкерді кім айтады? Дұрыс кірпі екен. Сол кірпі бүгін бізге қонаққа келді, ол жай келген жоқ, өзімен бірге бірнеше тапсырмаларды ала келіпті. Кірпі математикамен айналысады № 1 тапсырма
Суретке қарап, онда не бейнеленген? Топтарға бөліңдер. (сыртқы киімдер,бас киімдер, сөмкелер, аяқ киімдер)
Төменде жазбалар бар. Берілген жағдайға қандай жазбалар сәйкес келеді?
Жазбаға арнап жағдайлар құрастырады.
4+1 сөреде 1 тақия және 4 бейсболка (кепка) бар. Тақия мен кепкаларды
қосқанда барлығы – 4.
2+3 ілгіште 2 күрте және 3 пальто ілініп тұр. Күрте мен пальтоны қосқанда барлығы 5 киім.
2+2 орындықтың астында 2 бәтеңке және 2 туфли тұр. Бәтеңке мен туфлиді қосқанда барлығы – 4 аяқ киім.
2+1 сөреде 2 сары түсті шарф пен 1 қызыл түсті шарф. Барлығын қосқанда 3 шарф.
2+1 орындықтың үстінде 2 рюкзак пен 1 сөмке тұр.Қосқанда барлығы – 3.
№2 тапсырма
Балалар 2,3 қандай сандардан тұрады? Фигураларды санаңдар. Суреттің қажет жерін толықтыру. Дөңгелекті санап, тиісті цифрды жазу.
№3 тапсырма.
4 моншақты 2 қорапқа әртүрлі етіп салу. Өрнек бойынша цифырлармен
сәйкестендіру.
2+2=4
1+3=4
Сергіту сәті.
Біз орманға барамыз,
Жидектерді табамыз,
Көргендердің барлығын,
Санап, санап аламыз.
№4 тапсырма.
«Жұмбақ сурет» ойыны. Суреттен геометриялық пішіндерді табуды ұсыну.
Балалар суреттен геометриялық пішіндерді тауып, оларды атайды, түстерін айтады. - күлгін
- қызыл
- көк
Қыс мезгілі келе жатыр, кірпі тоңып қалады, ал оның көрпесі жыртылып
қалыпты. Енді сол көрпені тиісті пішіндермен жамап берейік.
Ойын: «Неге ұқсайды?»
Геометриялық пішіндерді көрсетіп және олардың қоршаған ортадағы қандай заттарға ұқсайтынын айтулардын сұрау.
Қорыту:
- Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
- Біздің сабаққа қандай қонақ келді?
- Кірпінің тапсырмалары қызықты болды ма?
Кірпі де сендерге өз ризашылығын білдіреді. Барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар.
Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.