Сабақ жоспары Ұзынсары. сөйлемдегі сөздердің байланысы (1 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Ұзынсары. Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Мақсаты:

1.Оқушыларда сөйлемдегі сөздердің байланысуы туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау; оқу-жазу дағдыларын жетілдіру.

2.Өз ойын еркін жеткізу, өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту;сөздік қорын байыту; танымдық белсенділігін арттыру.

3.Қоршаған ортасымен ізгілік қарым-қатынас орната отырып, халқымыздың дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: тірек білімдерін жетілдіру.

Сабақ формасы: аралас

Ұйымдастыру формасы: жұппен, жеке дара, ұжыммен

Әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, салыстыру, көркем жазу, шығарм. жұмыс, мәнерлеп оқу, өздік жұмысы, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Көрнекілігі: тірек сызба «сөйлемдегі сөздердің байланысы»

Сабақтың барысы:

І.Бағдарлау-мотивациялық кезең

1. Психологиялық көңілашар: жұптасып, сәттілік тілеу.

2. Сабақ тақырыбы мен мақсатын нақтылау.

3. Жұмбақ жасыру, шешуін қолданып, сөйлем құру, сөздердің байланысын табу.

- Бір мойын, екі иық, -Сырт-сырт соғады,

Тұрады киім киіп. (ілгіш) Уақыт озады. (сағат)

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

1. №159 Әдібай Табылды «Наурыз тойы» өлеңін мәнерлеп оқу.

2. Сұрақ-жауап: Өлең не туралы? «Наурыз тойы-салтымыз» деген не?

3 Ережені қайталау 100 б. Тірек-сызбаны талдау.

164 жаттығу Біліп ал!

ІІІ.Операционалдық-орындаушылық кезең

1. Жаңа материалды меңгерту:

1. 162жаттығу мәтінін мұғалімнің оқуы, сөздік жұмысы

2. Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар:

- Әжей не дейді? «Ұзынсары» деген не? Ұзынсары қай кезде келеді?

3. Мәтінге ат қою

Сергіту сәті

3. Оқушылардың «тізбектей» оқуы

4. Өздік жұмысы : 104б 163 жаттығу

5. Дәптермен жұмыс 5б. №1,2

ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі

1.Сұрақ-жауап: Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай табамыз?

2. Өздік диктанты: сөйлем құру, сөздердің байланысын табу:

тұрады, Алматыда, Айжан.

демалыста, барады, ол, Семейге

әжесі, оның, тұрады, Семейде

3.Бағалау

4.Үй жұмысы: оқу, әңгімелеу 162жаттығу, ереже жаттау 100б., жазу 5 бет №3