Талас ауданы әкімдігінің білім беру,
дене шынықтыру және спорт бөлімі
Д.А. Қонаев атындағы орта мектебі
«Бекітемін»
мектеп директоры
_________І.Нұрұлы
Сабақтың тақырыбы:
А.Шынбатыров
«Ақ кептер»
Сыныбы: 2
Мұғалімі: Жунсалиева Гаухар
Қаратау қаласы 2013 жыл
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Ақ кептер
Сабақтың мақсаты: Құстар адамдардың досы екенін, оларға қамқор болу қажеттілігін ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
Әртүрлі құстардың түрлерімен таныстыра отырып «Ақ кептер» мәтініндегі жанашырлық қайырымдылық туралы ұғымдардың мағынасын түсінеді.
Дүниетанымын, сөздік қорын дамыту, қайырымдылық, жанашырлық қабілеттерін дамытамын.
Қоршаған ортаны, құстарға қамқор болуға тәрбиелеймін.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: суретті болжау, ДЖИГСО-1, рөлдік ойын, бірігіп сурет салу
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, қима суреттер
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сыни тұрғыдан ойлана отырып еркін мазмұнын айта алады.
Проблемалық ситуациялық жағдаяттардан шыға алады.
Құстарға қамқор, жанашыр бола біледі.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, шеңбер бойымен тұрғызып слаидшоу арқылы құстардың түрлерімен таныстырамын, 3 түрлі құс атауы суреттерін таңдап алу арқылы 3 топқа бөлінеді.
1топ: «Қарлығаштар» тобы
2топ: «Кептерлер» тобы
3топ: «Аққулар» тобы
Топтың алтын ережесін еске түсіріп, қайталап өту
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Әр топтан бір оқушыға жұмсақ аю ойыншықты ұсыну арқылы сұрақ-жауап алу.
Төлеш пен Игілік Нарима апайға кім болады?
Апай Игілікті қалай сынады?
Игілік өзінің дұрыс істемегенін қалай түсінді?
3топқа жалпы сұрақ:
Өздерің Игіліктің орнында болсаңдар не істер едіңдер? Ой толғаныс
Төлеш пен Игілікке мінездеме.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту, психологиялық жаттығу:
Аю болып қорбаңдап
Бұлбұл болып сайраймыз
Қарлығаш боп қанат қағып
Сабаққа біз дайынбыз
Мағынаны тану.
Жұмбақ жасыру:
«Бейбітшілік құсы» деп,
Атайды оны барша жұрт.
Слайдқа түсірілген адамның алақанында отырған ақ кептердің суретін көрсетіп суретте не бейнеленгенін сұрау ой қозғау, оқушылардың ойын тыңдау, анимациялық сурет арқылы «Ақ кептер» мәтінін түсіндіру.
Әр топқа тапсырмалар:
1топ « Қарлығаштар» тобына: Мәтінді сахналық көрініс арқылы сомдау.
2топ «Кептерлер» тобына: «Ақ кептер» мәтінін елестете отырып топпен сурет салып қорғау.
3топ Аққулар тобына: Құстар туралы ән айту, 3-ші топқа көмек ретінде «Ақ көгершін» әнінің сөзін беру.
Сабақты қорытындылау.
«Құстар біздің досымыз»құстарға қалай қамқор боласыңдар? Әр топ 3 тірек сөз, мысалы:
Ұя жасаймыз
Жем береміз
Жарақаттанса көмектесеміз
Үйге тапсырма: Әр топ өздерінің топ атауларының яғни 3 құстың тіршілігі, қорегі туралы ізденіс жұмысы және мітіннің мазмұнын айту суреттерін салып келу.
Бағалау: «Қарлығаш» тобы «Кептерлер» тобын, «Кептерлер» тобы «Аққулар» тобын, «Аққулар» тобы «Қарлығаш» тобындағы оқушыларды үш турлі-түс: қызыл өте жақсы, сары жақсы, жасыл қанағат әртүрлі көңіл-күйдегі смаилик арқылы бағалайды.