Ашық оқу іс-әрекет Торсық

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің техногиялық картасы №4

«Бәйтерек» ересек тобы « 23» қыркүйек 2014 ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет салу

Тақырыбы: Торсық

Мақсаты:Балалардың торсық жайлы білімдерін арттыру,торсықты дұрыс сала білуді үйрету,таза ,ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу. Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:Қазақтың ұллтық салт дәстүрлері мен ойындарымен таныстыру. Қос тілдік құрам :ұлттық-национальный, дәстүр- традиция, сурет-рисунок, ою-орнамент.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,ұлттық ойын.

Балалар қызметі


Мотивациялық қозғаушылық


Шаттық шеңбері

Аспан шайдай ашылды

Жерге сәуле шашылды

Неткен ашық күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн!



Шаттық шеңберін,шеңберге тұрып қимыл арқылы орындайды.

Ұйымдастырушылық,

ізденушілік


-Балалар біз қай елде тұрамыз?

-Қазақстанның ішінде қандай облыс,аудан,ауылда тұрамыз?

-Балалар қазақтың ұлттық салт дәстүрлері мен ерекше тұрмыстық заттары бар. Оларды ата-бабаларымыз ерте кезден сақтап ,атадан балаға қалдырып отырған. Олардың түрлері өте көп:торсық,кебеже,алаша, текемет, саптыаяқ т.б Осылардың ішінен біз бүгін торсықпен танысамыз. Торсық деген- сұйық тағам құятын ыдыс,оған айран,көже,қымыз құйып ішкен.Торсық-түйенің , бұғының мойын терісінен жасалады. Дидактикалық ойын: «Артығын тап» мақсаты: балаларды аңғарымпаздыққа, тез ойлануға баулу. Балалар енді торсықтың суретін салып үйренейік.Торсықтың бүйірі дөңгелек,мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді.

Машықтық кезең: 1.Үлгі көрсету 2. Қарындашты үш саусақпен ұстауды ескерту 3.Ұқыпты салып , бояуды қадағалау 4. Қауіпсіздік ережелері.

Сергіту жаттығуы: Орнымыздан тұрайық

Қолды қолға ұрайық,

Алға,артқа,оңға,солға.

Бір отырып,бір тұрып

Біз шынығып алайық.

-Жарайсыңдар міне неше түрлі торсықтар дайын болды,енді торсықтар әдемі болуы үшін оларды ою-өрнектермен әдемілеп безендірейік.


-Қазақстанда.

- Батыс Қазақстан облысы,Бөрлі ауданы, Қызылтал ауылында тұрамын.




-Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.








Дидактикалық ойынды қызығушылықпен ойнайды.






Балалар тәрбиенінің нұсқауымен машықтық кезең арқылы жұмыстанады.

Қауіпсіздік ережесін сақтайды.




Сергіту жаттығуын қимылмен орындайды.


Балалар өз беттерінше әдемілейді.


Рефлексифті түзетушілік


Міне балалар біз бүгін ненің суретін салдық?

-Торсық деген қандай ыдыс екен?

Жарайсыңдар,енді кімнің торсығы әдемі екен өздерің бағалап айтыңдаршы.

Мадақтау.


-Торсықтың.


-Ертеде аталарымыз қымыз,шұбат құйып ішкен ыдыс .

Балалар бір-бірінің жұмысын бағалайды.


Күтілетін нәтиже:



Білу:Торсықтың қандай мақсатта қолданылатынын ;

Үйрену:Қарындашты ұстау әдісін ;

Меңгеру:Қауіпсіздік ережесін; орындау барысында ептілік пен тиянақтылықты меңгерді

Әдіскер: С.Ш.Аманшиева. Тәрбиеші: Кужиева Б.К