«Ұлтына қамқор әке – Нұрсұлтан аға!» Ашық тәрбие сағаты.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Ұлтына қамқор әке – Нұрсұлтан аға!»

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Әнұран тыңдалады.

2.Кіріспе. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш Президент сайлауы өтілген болатын. Осы сайлауда Республика жұртшылығы бірауыздан Н.Ә.Назарбаеевқа дауыс беріп, ол кісі Республика Президенті болып сайланды.

-Балалар, елбасы сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

1.Айқын. Елбасы-елді, мемлекетті басқаратын адам.

2.Бекзат - Елбасы қызметі елдің сенімін арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.

3.Дарын: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысында Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында, қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Әкесі Әбіш, анасы Әлжан.

4.Назар: Астана қазағымның бас қаласы,

Арқада бой көтерген жас қаласы.

Көшірген Астананы орталыққа,

Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.

5.Нұрбота.Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бізге бүгін таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

6.Ақбота.Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар,

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар.

7.Мархат: Бірде шырқап, бірде төмен құлаған.

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады,

Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

Мұғалім: - Н.Ә.Назарбаев мемлекетімізді орнатып, оны қалыптастырып, өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманымыздың аса дарынды тұлғасы. Бүгінгі күн соның айғағы. Қазір біздің өзіміздің елтаңбамыз, әнұранымыз, туымыз бар. Біз тәуелсіз мемлекетпіз!

1.Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн тірілген. Нұрбота

2.Елімнің атын айтсам-Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам-Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам-Қазақстан. Ақбота

3.Қазақстан-республикам, мақтанышым,

Мен сені жырлаймын мақтан үшін.

Құдайым құйттай жүрек берген екен.

Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін! Дарын.

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Қатысушыларға сөз беру.