Байқоңыр қаласы №277 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Ермағамбет Мереке Зейнуллақызы
Қазақ тілі пәні, 4-сынып
Сабақ тақырыбы: Құрмалас сөйлем. 13 - 23 – жаттығу
Сабақ мақсаты:
білімділік: Құрмалас сөйлем ,оның тыныс белгісі,құрамы туралы түсінік беру.Оларды жай сөйлем түрлерінен ажырата білуге үйрету.
дамытушылық: Оқушы ойын, сөйлеу қабілетін дамыту.Сөздік қорын толықтыру,шығармашылыққа баулу.
тәрбиелік: Ұқыптылыққа,көркем жазуға,еңбек етуге,еңбек адамын құрметтеуге,табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технология: СТО
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақ түрі: Танымдық сабақ
Сабақтың әдістері: Ой қозғау,«санамалап айт»,«еркін жазу»,«өзіңмен өзің сөйлес», логикалық тапсырма әдістері, практикалық және түсіндіру әдістері
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар бейнеленген слайдтар,оқулық ,таратпалы үлестірмелер.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Ана тілі, дүниетану
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Ой қозғау.
Сөйлем туралы не білеміз ?
ІІ.Жаңа материалды қабылдауға дайындық
1.Тапсырма: Берілген сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құраңдар.
Қоңырау соғылды.Сабақ басталды. және Күн суытты.Қыс түсті.
ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру
1.Мұғалімнің түсіндіруі:
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.Құрмалас сөйлемдер күрделі ойды білдіреді.Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің арасына жазуда көбінесе үтір қойылады.Құрамындағы жай сөйлемдер мағыналық жағынан байланысып тұрады.Мысалы: Ағаш жапырағы баяу сыбырлап, жылы жел соғып тұр. Бірінші жай сөйлем - Ағаш жапырағы баяу сыбырлап; екінші жай сөйлем - жылы жел соғып тұр.
2. « Өзіңмен өзің сөйлес » әдісі.
[pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic] [pic] , , .
Берілген сызба бойынша құрмалас сөйлем туралы әркім өз бетінше ой қорытады. Содан соң оны айтып көреді.
ІҮ.Жаңа білімді бекіту
1. Оқулықпен жұмыс.
15 – жаттығу. Сөйлемдердің түрлерін ауызша айтады.
Есіл өзені Астананың оңтүстік – шығыс жағында.Ол Аюлы – Нияз тауынан басталады.Есіл әуелі батысқа қарай ағады, содан кейін солтүстікке қарай бұрылады.
18– жаттығу. Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі берілген. Келесі бөлігін тауып жазамыз.Сөйлем мүшесіне талдайды.
1.Ол бүгін ерте келіп, ............ .
2. Лезде аспанды бұлт торлап, ...... .
3. Жаз ыстық болса, ......... .
20 – жаттығу. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазады. Сөз құрамына талдайды.
1.Қыс түсті.Өзен суы қатты. 2. Қарлыға аялдамаға келді.Меруерт күтіп тұр екен.
3.Күн батты.Аспанда жұлдыздар шықты.
2. Логикалық тапсырма. Берілген өлеңде қанша құрмалас сөйлем бар ?
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Арып-ашып жол көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ерлердің ісі бітер ме?!
4. « Еркін жазу » әдісі . Оқушылар өз бетінше құрамы құрмалас сөйлемдерден жасалған хат, хабарландыру, эссе т.б. жазады.
Ү.Үй тапсырмасы. 1) Ереже жаттау (52 - бет)
2) 23 – жаттығу. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жазу.
ҮІ.Қорытынды.
«Санамалап айт » әдісі
Құрмалас сөйлем туралы не білдік ? сұрағына санамалап жауап береді.
Үлгі:
Біріншіден, екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден жасалады.
Екіншіден, құрамындағы жай сөйлемдер өзара мағыналық байланыста болады.
Үшіншіден, құрамындағы жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады. т.б.
ҮІІ.Бағалау. Оқушыларға құрмалас сөйлем туралы таратпалы сызбалар беріледі.