Внекласная работа для первого класса Шалқан

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі

Мақсаты: Балалардың өздеріне таныс ертегілерді қысқаша мазмұнын еске түсіре отырып, әңгімелей білуге үйрету.

Білімділігі: Қазақ ертегілері, олардың ерекшелігі, түрлері жөнінде балалардың білімін тексеру.

Дамытушылығы: Балалардың қиялына қанат бітіріп, армандай білуге жетелеу, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелігі: Мейірімділік, қайырымдылыққа тәрбиелей отырып, халық ауыз әдебиетіне қызығушылық ынтасын көтеру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, топтастыру сызбалары, ертегі бойынша салынған суреттер, тірек сызбалар.

Түрі: Сахналық.

Әдісі: Шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, ойын.

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.

  • Бүгін балалар қандай ертегі қалай аталады?

  • Түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер?

  • Аю туралы ше?

Жұмбақтар шешу: 1. Орманда тұрады өзі бір қу.

Жүрген жері айқай-шу.

(Түлкі)

2. Мұртын сипап күні бойы

Бетін сусыз жуады

Тырсылды аңдып күні бойы

Тышқанды көп қуады.

(Мысық)

3. Адамға серік

Күзетке берік

(Ит)

  • Ал, енді балалар қазір енді «Шалқан» ертегісін сахналайық.

Авторы (Еркежан): Атай шалқан егіпті. Шалқан үлкен болып өсіпті. Атай шалқанды суырып алмақшы болып ары тартқылайды. Шалқан шықпайды. Атай кемпірін шақырады.


Атай: - Кемпірім, кемпірім көмекке кел!

Автор: Кемпірі көмекке келеді.

Автор: Шалқанды ары-тартқылады, бері тартқылады шалқан шықпай қойды.

Кемпір немересін көмекке шақырады.

Кемпір: Қызым, қызым көмекке кел!

Автор: Шалқанды ары-тартқылады, бері тартқылады шалқан шықпай қойды.

Немересі күшігін көмекке шақырады.

Немересі: Күшігім, күшігім көмекке кел!

Автор: Шалқанды ары-тартқылады, бері тартқылады шалқан шықпай қойды.

Күшік мысықты көмекке шақырады.

Күшік: Мысық, мысық көмекке кел!

Автор: Шалқанды ары-тартқылады, бері тартқылады шалқан шықпай қойды.

Мысық тышқанды көмекке шақырады.

Мысық: Тышқан, тышқан көмекке кел!

Автор: Атай, кемпір, немересі, күшік, мысық, тышқан шалқанды ары-тартқылап, бері тартқылап ақырында жұлып алды.

Қорытынды:

  • Балалар біз бүгін қандай ертегі сахналадық?

  • Ертегі ұнады ма?

  • Сендер үйде әжелеріңе, аталарыңа көмектесесіңдер ме?

Балаларды мақтап, мадақтау.