Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ Адал достық4

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: «Опытное поле орта мектебі» КММ

Мерзiм: Мұғалiм: МукановаС.С

Сынып: 4-А Оқушылар саны : 14

Тақырып: «Адал достық» №10 сабақ

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Адалдық, татулық, бауырмалдық


Сабақ мақсаты: Бір-біріне адал дос болуға үйрете отырып, қиянат жасамау түсінігін кеңейту.

Міндеттері:

  • Досқа адал болу мағынасын ашу.

  • Татулық қарым-қатынастарын нығайту.

  • Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) классикалық музыка жазылған таспа.

Әннің сөзі мен музыкасы жазылған таспа.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi. (5Т еске түсіру)

1. Тәртіп
2. Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық

Адалдық, татулық, бауырмалдық сөздерін айта отырып үш топқа бөлу.

II. Тыныштық сәтi. Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.Жаймен көзінізді ашуға болады.

Сұрақтар:

1. Тыныштық сәті ұнады ма?

2. Балалар, қандай әсерде болдыңдар?

III.Үй тапсырмасын тексеру

53-беттегі «Екі дос» әңгімесі бойынша талдау сұрақтары:

  1. Әңгіме желісіне не арқау болды?

  2. Қолбасшының әрекетінен нені көруге болады?

  3. Қиянат жасамауға оны не итермеледі?

  4. Достықтарың сыналған кез болды ма?

Сабақ барысын талдау:

Оқушылар жаңа сабақты бастамастан бұрын, тыныштық сәті арқылы серігіп алады.

Оқушылар аңыз әңгімені талдап, өз ойларын ортаға салады және әрбір оқушы қорытынды жасайды.

IY. Дәйексөз.

Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам

Халық мақалы

Мақалдың мағынасын сұрай отырып, түсіндіру, хормен айтқызу арқылы жаттату.

Сұрақ: - Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? -Достар татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

- Достар татулығы біріншіден бірлікке, сүйіспеншілікке, шыдамдылыққа қол жеткізеді.

- Достар туралы тағы қандай қанатты сөздер, мақал-мәтелдер туралы білесіздер? 

Тақтаға жазу,

Оқушылар ұлағат сөздер мағынасын ашып, өз ойларын ортаға салады.

Y. Оқиғаларды әңгiмелеу (мұғалім сыйы)

Достық өмірлік нұсқа

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.

Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?»-деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

-Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.

-Дұрыс-ақ, енді оларды қалай ажырата аламыз?-дегендерге:

-Адал достық-өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады,-деп жауап берген екен Әйтімбет.

  • Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Амал дос деген қандай дос?


Адам өміріндегі адал достықтың мәнін ашу, ұғындыру

Үй тапсырмасы. «Менің жан досым» эссе жазу. Оқулықтағы 58-60 бет оқып келу

Соңғы тыныштық сәтi.

Сабақ соңындағы тыныштық сәті (2мин)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Жай дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып, бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз де ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»



Оқушылар өз эсселерін жазып келеді.