Сабақ жоспары:«Ққ дыбысы мен әрпі.»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сабақтың тақырыбы: Ққ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Қ қ дыбысы, әрпі туралы түсінік беру.

2. Таза, әдемі жазуға баулу.

3. Ой-өрісін дамыту.


Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.


Сабақтың мазмұны:


І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.


ІІ. Білімді тексеру:

1. О дыбысының орнына а дыбысын қойса, сөз мағынасының

өзгеруіне көңіл бөлу. Тақтадан оқып талдау: Шопан, Шора, тор,

той. Шапан, шара, тар, тай.

2. – О дыбысы қандай дыбыс?


ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.


ІV. Жаңа сабақ:

а) Жұмбақ шешу.

Жапалақтап жауады, Кішкентай ғана бойы бар,

Жердің бетін жабады. Айналдырып киген тоны бар.

Бұл не аппақ мақтадай? (қой)

Кәнеки, кім табады? (қар)

О дыбыстан үш рет айту (дауыссыз дыбыс екенін анықтау.).

ә) Қа-ра-қат, қа-ла, қа-лақ, қо-нақ сөздерін буынға бөліп, қ дыбысының

орнын байқату.

б) Қ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.

в) Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену, мағынасын

түсіндіру.

г) Қала аттарының бас әріппен жазылатынын түсіндіру. Қапшағай,

Қаратау, Қарағанды.

V. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру: 1. Қ қандай дыбыс? 2. Сөздің қай буынында жазылады? – Қала аттары қалай жазылады?

Сергіту сәті: Дәптермен жұмыс: Қ әрпін жазып үйрену.

Кірісейік сабаққа, Қала тақырыбына мәтін құрау.

Кірісейік жазуға. Сөйлем құрату.

Жазудан «5» алайық, Алмат қалада тұрады. [pic]

Үйге қуанып қайтайық. Қарағай тауда өседі.

VІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін сабақта қандай дыбыспен және әріппен таныстық?