Мақсаты | 1.Үй жануарлары мен үй құстары және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. 2.Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету .Еңбекқорлыққа баулу. Сөздік жұмыс: қора, азық, т.б. |
Психологиялық ахуал | 1.Шаттық шеңберіне тұрғызыып, «Төлдер» әнін орындатады.
Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың? 2.Кімді ата-аналары қандай төлдің атымен еркелетіп айтатынын сұрайды. |
1.Балалар әнді орындау барысында төлдердің қимылдарымен келтіреді. 2. «Боташым», «қошақаным», т.б. сөздермен еркелететінін әңгімелейді. |
Мағынаны тану
| 1.Кіріспе әңгіме -Төрт түлік мал – халқымыздың байлығы. Өйткені халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты. «Ат ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқыны қастерлеген. Жылқы мінсең көлік,жесең ет. Сиыр – жесең ет, кисең киім, йран, сүт, қаймағансыз қазақ баласы өспейді. Түййе малы – нағыз көлік, қмыран мен шұбаты дертке дауа. Қой шаруашылығы – Қзақстанның мал шаруашылығы – халқымыздың дәстүрлі ата кәсібі. Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгенімізжөн. Ал үй құстарына тауық, үйрек, қаз, күркетауық. Олардың адамға тигізер пайдасы мол. Мамығынан көрпе, жастық жасайды, етін, жұмыртқасын азық – түлік ретінде пайдаланамыз. 3.Дәптерде бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарлары мен үй құстарын тапқызу.
Мысалы: жылқы, сиыр, ит, үй қояны және әтеш. «Төлдерін тап» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог тақтаға сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкінің суреттерін іліп қояды. Педагог балаларды бір-бірден шақырып, қоржын ішінен суреттерді алғызады. Лақтың суретін алса, оны ешкінің жанына жапсырады. |