Тіл дамыту 3-сынып «Қазақтың ұлттық тағамдары»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдары туралы білімдерін кеңейту, асқа байланысты салт-дәстүрлермен таныстыру.
2. Дамытушылық: жаңа сөздер сөздер мен сөз тіркестерін тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру, тақырыпқа байланысты өз ойларын айта білуге үйрету, лексика-грамматикалық тапсырмалр арқылы ой-дарыөрістерін кеңейту.
3. Тәрбиелік: халқымыздың салт-дәстүрін насихаттай отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, асқа деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, тапсырмаларды орындау кезінде топта, жұпта, жеке жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интерактивті сабақ

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй жұмысын тексеру

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сөздер

Қонақжай — гостеприимный
Қастерлей білу — уметь дорожить
Тегін айтпаған — не зря говорили
Ауыз тию — попробовать
Құрамында — в составе
Құнды — ценный
Ысырап етпеу — не транжирить

Жаңа сөздермен жұмыс

Топтық тапсырмалар

1. Сөз тіркестерін жасаңдар
2. Сөйлемдер құрастырыңдар
3. Сұраулы сөйлемдер құрастырыңдар

Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық т әтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпақққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас-адамның арқауы», «Ас атасы — нан», «Жаман ауруға —жақсы ас» деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер: қонақасы, табақ тарту, сарқыт, асар, т.б. Ырым бойынша дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды.

Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан турлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі.

Ұлт тағамдарының негізі болып табылатын сүттің орны бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, малта, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран сияқты тағамдар жасаған.

Сүт тағамдарының қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы.

Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, құймақ, күлше, таба нан. «Дәнді шашпа, нанды баспа» деп халқымыз нанды аса құрметтеген.Бұл тағамдардың бәрін ысырап етпей пайдалана білген.

Мәтін бойынша жұмыс

1.Еркін аудару, сұрақтар қою.
2.Мына салт дәстүрлер туралы не білесіңдер,айтып беріңдер

Шашу
Сарқы
т
Асар-

Жазбаша тапсырмалар

1. Фонологиялық талдау: тағамдарының
2. Сөз тіркесін талдау: ұлттық салт-дәстүр
3. Жай сөйлемді сипаттау: Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды.

Ойбөліс.Мына сұрақтар бойынша өз ойларыңызды ортаға салыңыз.

І топ

1.Ас тұрған жерде ауру тұрмайды
2.Қандай тағамдар ағзаға пайдалы?
3.Қандай тағамдардың ішінде дәрумендер көп.

ІІ топ

1. «Ауру-астан» деген мақалда қалай түсінесің?
2. Қандай тағамдар ағзаға кері әсерін тигізеді?
3. Қандай тағамды асқазан ауыр қорытады?

ІІІ топ

1. «Ас-атасы нан» деген мақалды қалай түсінесің?
2. Нанға байланысты қандай тыйымдар бар?
3. Отбасыңда нанды қалай құрметтейсіңдер?

Жазбаша тапсырмалар

1.Сөйлемді аяқтаңдар.

Ұрпақтан-ұрпаққа...
Ет тағамдары..
Ауыз тимей...

2.Синтаксистік талдау жаса. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған.

3.Дәлелде. Маған ұлттық тағамдар ұнайды,өйткені:

А.
Ә.
Б.

Жағдаят. Сендерге қонақ келді дейік. Қонақтарды қалай қарсы аласыңдар?

Дастарқанға не қоясыңдар?
І топ-Ет тағамдары
ІІ топ-Сүт тағамдары
ІІІ топ-Нан тағамдары

Кесте бойынша жұмыс істеңдер.

1.Еттен жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.
2.Сүттен жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.
3.Ұннан жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.

Ас батасымен танысу

Дастарқан берекелі болсын,
Әр күнің мерекелі болсын.
Қазаның оттан түспесін.
Өзің аттан түспе.
Тамағың дәмді болсын.
Дастарқанның байлығын берсін.
Деннің саулығын берсін.

Қорытынды

1.Ұлттық тағамдардың қандай түрлері бар?
2.Ет тағамдарына не жатады?
3.Сүт тағамдарына не жатады?
4.Ұннан жасалған тағамдарға не жатады?
5.Асқа байланысты қандай салт-дәстүрлер бар?
6.Асқа байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесің?

Бағалау

Үйге тапсырма:

І деңгей. Қазақтың ұлттық тағамдары туралы эссе жазу.
ІІ деңгей. Қазақтың ұлттық тағамдары туралы әңгімелеу
ІІІ деңгей Дастарқан батасын жаттау