Мен елімнін-патриотымын
Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойынды болу керек:
Отанға деген сүйіспеншілік;
Отанға деген адал сезім;
Отанын қорғауға дайын болу; Мен өз елімнің патриотымын!
« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».
Сабақтың мақсаты:
Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толып отырғанын айту.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында
патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар және мектеп есігін оқушы болып ашып келіп отырған бүлдіршіндер сіздерді бүгінгі 1 қыркүйек білім күнімен және 30 тамыз Конституция күнімен құттықтаймын. Биылғы 2016 жыл біз үшін ерекше жыл. Себебі Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздігіне 16 желтоқсанда 25 жыл.
Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы.
Бүгінгі сабағымыз Отанымыздың тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналмақ.
ІІ. Интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын Отанымыз жайлы видео ролик көрсету 2-3 мин.
ІІІ. Негізгі бөлім. Интербелсенді тақта арқылы оқушыларға Мемлекетіміздің рәміздері жайлы слайдтар көрсету, түсіндіру.
1-оқушы: Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.
2-оқушы: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
3-оқушы: Елтаңбасы елімнің ,
Қандай әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің ,
Ортада аспан әлемі
4-оқушы: Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
5- оқушы
Отан деген –Атамекен,
Отан деген – Туған жер.
Отан – ана, Отан –үлкен,
Қазақстан – туған ел.
Мұғалім сөзі: «Өз елінің патриоты болу – өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету»
Интербелсенді тақта арқылы оқушыларға астана қаласының суреттері көрсетіледі.
6-оқушы
Астана-арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады жап-жас болып
Мен үлкен болғанда да.
7-оқушы
Елім деп, жерім деген,
Адымдап сенімменен.
Халқымның көшбасшысы
Еңбектен ерінбеген.
8- оқушы
Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы
Шаңырағы биік болып қазақтың
Қисаймасын берік болсын уығы.
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің
күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын.