Математика
Сабақтың тақырыбы: Масса және оның өлшем бірліктері.
Сабақтың мақсаты: балаларды массаның жаңа өлшем бірліктері – тонна және центнермен таныстыру; массаныңөлшем бірліктерінің арасындағы қатынасты қойып беру және массаның өлшем бірліктерінің кестесін құрастыру; атаулы сандармен есептеуді орындау дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6.
ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:
ОИЯыМЕУИАОЫЯСЮЭСЫИЕА жазбасындағы А әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (МАССА).
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
Сендер массаның қандай өлшемдерін білесіңдер? Біздің сабақтың тақырыбы: «Массаның өлшем бірліктері. Тонна. Центнер».
2.Ауызша есептеу.
А). Сандарды оқыңдар: 589, 45 879, 4 587 123 300, 100 258 400, 400 205, 100 320 567.
Ә). 23 699-дан 23 704-ке, 67 998-ден 68 006-ға, 4 089-дан 4 094-ке дейін санаңдар.
№ 1. Сандарды оқы. Ауызша. 1 т
1 ц
№ 2. 1 кг
1 г
Т – тонна Ц – центнер
КГ – килограмм
Г - грамм
1 т = 10 ц 1 ц = 100кг
1 т = 1 000кг 1 кг = 1 000г
1 т = 10 ц = 1 000кг = 1 000 000г
1 ц = 100 кг = 100 000г
№ 2 (ә). Өсу реті бойынша орналастыр:
5 001г, 783 ц, 2 т 5 ц, 3 015кг, 3 т 1 ц,
Ү. Жаңа сабақты пысықтау:
1. Өздік жұмыс. № 3. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте: а) центнермен және килограммен; ә) тоннамен, центнермен және килограммен.
604 кг = 6 ц 04кг 45 560 кг = 45т 5ц 60кг 900 231 = 900т 2ц 31кг т.с.с.
№ 7.шамалармен амалдардың қалай орындалатынын еске түсір және есепте.
Тақтаға амалдарды орындау тәсілі ілінеді.
Үлгі:
2ц 25кг : 5 = 225кг : 5 = 45кг
№4. Есеп шығару.
1). 420 + 340 = 760(кг) – барлық жиналғаны
2). 760 : 20 = 38 (ж) – барлығы
(420 +340) : 20 = 38(ж).
№ 5. Есеп ұжыммен орындалады.
1). 35 – 15 = 20(м) – бақшаның ені
2). 35 ∙ 20 = 700(м2) – бақшаның ауданы
3). 700 : 4 = 175(м2) – көкөністер
4). 700 – 175 = 525(м2) – картоп
ҮІ. Бекіту. №8. Есептеуді тиімді тәсілмен орындау. Шығармашылық тапсырма.
46 ∙ 9 = 460 – 46 = 414 67 ∙ 9 = 670 – 67 = 603 25 ∙ 9 = 250 – 25 = 225 т.с.с.
ҮІІ. Үйге тапсырма: № 6. 29 - бет. Бағалау