Бекітемін :
Күні:10.12.2015
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы:1 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: 10 көлеміндегі санға 1-ді қосу және 1-ді азайту тәсілімен оқушыларды таныстыру.
Тапсырмаларды орындата отырып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, есептеу.
Көрнекілігі: сандар тізбегі, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-Психологиялық даярлық Мынау менің жүрегім Бәрі осыдан басталған Мынау басым ақылды Бәрін осы басқарған Мынау менің оң қолым Мынау менің сол қолым Барлық істі атқарған
ІІ.Өткенді пысықтау.
Тура және кері санау (қызыл үшбұрыш)
1дм=?см (сары үшбұрыш)
Кесінді дегеніміз не? (Жасыл үшбұрыш)
Қосудың компоненттерін ата (жасыл жапырақ)
4 санынан 1- еуі артық санды көрсет (жасыл жапырақ) 6. 3 санынан 1-еуі кем санды көрсет (көк үшбұрыш)
ІІІ. Жаңа сабақ. Дарамен саяхатқа шығу. Картадан Дараның үйіне баратын жолды табу.
1 –тапсырма «Пойызға міну»
- Суретте жылдың қай мезгілі берілген?
- Қыс айларын атап беріңдер. Қандай мереке келе жатыр?
- Қыс айларында қандай ойындар ойнаймыз?
- Сурет бойынша кім не айта алады?
Осы сурет бойынша қосынды және айырма құрып көрейік.
4+1 5-1
1. Төбешікке 4 бала шанамен сырғанауға келді. 1 бала шаңғымен келе жатыр.
2. Төбешікте барлығы 5 бала болған. 1 бала шанасымен төмен қарай сырғанап кетті.
2-тапсырмаға
0-ден 10-ға дейінгі сандар қатары берілген
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Бір таңбалы сандарды атату
Екі таңбалы санды атату
1+1=2 2-1=1 2+1=3 3-1 = 2
Санға 1-ді қосқанда келесі сан шығады.
Саннан 1-ді азайтқанда алдыңғы сан шығады.
№3 тапсырманы ауызша орындату Аюдың тапсырмасы
0 1 2 ...............................10 (өсу ретімен орналасқан)
10 9 8 ............................. 0 (кему ретімен орналасқан)
№4-тапсырма «Көпірден өту»
0 2 1 3 10 8 9 7
0 3 1 4 10 7 9 6
Сергіту сәті. «Тролльдің көңілін көтеру»
«Алаяқтың тапсырмасы» Дәптермен жұмыс
1-т. 1-10 дейінгі сандарды өсу ретімен жазу.
2-т.10-1-ге дейінгі сандарды кему ретімен жазу.
2-т. Есеп шығару.
1+2=3 1+3=4 1+4=5 1+5=6
2-1=1 4-1=3 5-1=4 6-1=5
1+6=7 1+7=8 1+8=9 1+9=10
3-т. Қоянның суретін сызып сал.
5-т 82 бет орындау. 10 = 1 + 9 = * +1 8 = 1 + * 7 = * + 1
6 = 1 + * 5 = * + 1 4 = * + 1 3 = 1 + *
6. Логикалық есептер «Дара мен ботидің тапсырмасы»
Тал басында тізіліп
Он жапырақ тұр еді
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті 1-еуі
Тұрды әлі ілініп
Жапырақтың нешеуі.
Бес асықтың біреуін,
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? 5-1=4
Тоғайда жүрген кірпі
Қажетті түскі асқа
Саңырауқұлақ тапты
Аққайыңның түбінде екеуі болды
Көктеректің жанынан біреу алды
Сонда нешеу болды?
ІҮ.Сабақты қорыту .
-Сендерге сабақ ұнады ма?
- Сабақ несімен ұнады?
- Не білдік? (санға 1-ді қосуды саннан 1-ді азайтуды)
Ү.Бағалау.