Урок Математика Тақырыбы: “ Өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі”

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі

Мақсаты: Білімділік: Үш амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті жайлы түсінік беру; есеп шығаруды меңгерту;

Дамытушылық: Ой-өрісін, зейінін дамыту, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу .

Көрнекілігі: кестелер,сызбалар, интерактивті тақта.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық, пәнаралық байланыс.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. - Балалардың зейіндерін шоғырландыру.

ІІ.Өткенді пысықтау.

  1. Ал, балалар, есімізге түсірейік, қандай амалдарды білеміз.

“ – “ , “ + “ .х , “ :“ .

  1. Жазбаша есептеулер (2 және 3 амалдан тұратын өрнектердің амалдар ретін табу, есептеу)

  • Балалар, енді бері қараймыз. Стол үстінде 10 алма, 1 қызанақ жатыр. Осы 10 алманың 6 – уын Алмас алды, 1 қызанақты Жанна әкеліп қосты. Осы есепті шығаруымыз керек.

    • 10 + 1 - 6 + 1

  • Барлық картоп саны 10 еді, Ақмарал әуелі 4 үлкен картоп, содан кейін 1 кішкентай картоп алды. Ақмарал барлығы неше картоп алды, тарелкеде неше картоп қалды.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ал, достарым, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Амалды орындап көріңдер

4 ·(10 - 7)= 80 - 4 · 10=

6 · 4 +26 = 30 : 3+ 100=

(28+4):4 = (40-30) : 10=

жақшасы бар өрнектерде алдымен

  1. жақша ішіндегі амалдар орындалады:

  2. ретімен көбейту мен бөлу амалдары,

  3. содан соң қосу мен азайту амалдары.

Дәптермен жұмыс. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз: Қазір қай ай? - Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз: Қазір қай ай? ? Осы айда қандай атаулы күн бар?
10 –ші қазан
Сынып жұмысы.
Көркем жазу жазайық. 

Кел, балалар, ойнайық!
Ойнайық та ойлайық
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық
а) 8 : (5 : 5 + 1) өрнегі қалай құрылғанын схема бойынша түсіндір.



[pic]

8 : (5 : 5 + 1) = 8 : 2 = 4

ә) Схема бойынша өрнек құр. Оның мәнін тап.



[pic]



(26 – 6 ∙ 4) ∙2 = (26 - 24) ∙ 2 = 2 ∙ 2 =

Сергіту сәті.
ІV. Оқулықпен жұмыс. №2, №3

Енді «Машинист болам» ойынын ойнаймыз.

Мына суреттен нені көріп тұрмыз.

Тепловоз бірнеше вагондарды алып бара жатыр.

Бұл суретте машинисті көріп тұрсыңдар ма?

Жоқ

Енді осы тепловозды жүргізетін машинист керек. Оны білімді адам жүргізеді, білімді болмаса жүргізе алмайды. Ол үшін мына есепті дұрыс тез шешу керек. Тақтаға 3 оқушы шығады.

 4х 1 + 2 1 6 + 3 х2 7 8 — 5 х 2

Қай оқушы бұрын шығарса, сол оқушы машинист болады.

V. Жаңа сабақты меңгеру . 
«Ойна да ойла!» ойыны.
 Шығармашылық жұмыс.

11. Теңдік тура болатындай етіп, жақшалар қой:

7 – 5∙ 4 + 2 = 10 3 ∙ 4 – 2 ∙ 2 = 20

  1. + 9 : 9 - 1 = 13 40 : 4 – 2 : 2 = 10

(7 – 5) ∙ 4 + 2 = 10 (3 ∙ 4 – 2) ∙ 2 = 20

  1. + (9 : 9) - 1 = 13 40 : (4 – 2) : 2 = 10

Ауызша есептеулер. «Тез ойла!» логикалық тапсырма

1.Шөптердің арасында қояндар тығылып отыр,тек 40 құлағы көрініп тұр.Қанша қоян тығылып отыр? 
2. Тігінші 2 қызыл көйлек , және одан 3- ке артық көк көйлек тікті. Тігінші қанша қызыл көйлек тікті?
 
3. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
 
4.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
 

VІ. Сабақты қорытындылау:

- Сабақ ұнады ма? (Смайлик белгішесімен көрсету). [pic] [pic]
- Бүгінгі математика сабағында нені үйрендік?
- Өткен тақырыптарды қайталадық
..
- Есептер шығардық.
- Тақтамен жұмыс жасадық, лездік сұрақтарға жауап бердік.
- Отан, туған ел туралы өлеңдер оқыдық.
VІІ. Білімді бағалау.