Тилеубек Бахытгул с1 -го цифры до 5-го цифры

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Әдіскер/ Методист

( қолы\ подись)

5« Гүлдер» ортаңғы тобы үшін ұйымдастырылған оқу картасы.

Технологическая карта организованной учебной

деятельности в средней группе №5 « гүлдер».

Өткізілген күні, айы, жылы\Число,месяц,год проведения: « » 20 ж\г.

Тәрбиеші/ Воспитатель:

Білім беру саласы/Оброзовательная облость: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрі/

Раздел организованной учебной деятельности: ҚМТҚ

Тақырыбы/Тема: « 1 – 5 саны, тура және кері санау» 
Сабақтың мақсаты.

Білімділік міндеті/ Образовательная задача: Цифрлардың сандар қатарындағы орны,1-5-ке дейін тура, кері санау, заттың саны мен цифрды сәйкестіру, 5 саны көлемінде салыстыру, 5 саны көлемінде қосу, азайту амалдарын орындау, геометриялық пішіндер, түстер бойынша алған білімді бекіту.

Дамытушылық міндеті/Развивающая задача : Баланың ерік – жігерін, зейінін, ойлау, есте сақтау, есту, тактильді сипап сезу қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын, көру координациясын дамыту. Тілін жетілдіру.

Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача. Қоршаған ортаға, математика пәніне деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, дербестікке, математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Ашық сабақтың тегі: Дәстүрден тыс сабақ.

Көрнекі құралдар/ используемый материал:
Ватманға салынған саусақтары ренжіп және қуанып тұрған қолдың суреті, таратпа материал, перфокарталар, 1-5 дейін заттардың суреті салынған карточкалар, 1-5 дейін сандар кассасы.

Тілдің үштұғырлығы/ Полилингвальный компонент: Ағаш дерев оtree, wood, timber

Тәрбиешінің іс әрекеті/

Деятельность воспитателя

Баланың іс әрекеті/

Деятельность детей

Мотивациялық қозғаушылық/

мотивационно побудительный

-Сәлеметсіңдерме, балалар! Көңіл – күйлерің қалай?

Мынау менің жүрегім – бәрін осы бастаған,
Мынау басым ақылды – бәрін осы басқарған,
Мынау менің қолдарым – бар жұмысты атқарған.


Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиешімен бірге сөздерді қайталайды.

Ұйымдастыру іздестіру/ Организационно поисковый



















Тәрбиеші магнитті тақтадағы көрсетілім материалды көрсетіп:
- Мынау не?.
- Ал мыналар нелер?
- Біздің қолдарымызда неше саусақ бар? Қане, санап жіберейік.

Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Бесті – беске қосқанда,
Болады екен он саусақ.

-Балалар, біздің қолдарымызда барлығы он саусақ бар екен. Саусақтарымызға біраз жаттығу жасап алайық.
Саусақ жаттығулары:
1.Саусақтарды үстел үстіне қойып, бір – бірлеп көтеру;
2.Саусақтарды бір – біріне кезек – кезек ілу арқылы амандастыру;
3.Саусақ басын шерту;
4.Саусақтарды үстел үстімен адымдатып жүргізу;
5.Қолды айқастырып, білезік тұстан айналдыру;

Бас бармақ – ата,
Балан үйрек – апа,
Ортан терек – әке,
Шылдыр шүмек – ана,
Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз – бесеуміз
Мұғалім магнитті допты жылжытып бас бармаққа апара қояды.
- Балалар, біз үлкен саусағымыз – бас бармаққа қонаққа келдік. Бас бармақты біз қалай атаймыз?
- Өте жақсы. Ой, балалар, біздің бас бармағымыз неге екені белгісіз ренжіп тұр. Бас бармақтың бізге дайындаған тапсырмалары бар екен. Біз тапсырманы дұрыс орындап, оны қуантайық. 1-5- ке дейін цифрларды магнитпен жапсырады. Осы сандарды тура және кері санайық

- Балалар, біз келесі саусағымыз – балан үйрекке қонаққа келдік. Балан үйректі біз қалай атаймыз?
- Өте жақсы. Балалар, біздің балан үйрегіміз де бірдеңеге ренжіп тұр. Балан үйректің де бізге дайындаған тапсырмалары бар екен. Біз оны да тапсырманы дұрыс орындап қуантайық.
тәрбиеші тақтаға 1-5- ке дейін цифрларды магнитпен жапсырады.
«Жоқ цифрды тап» ойыны ойналады. Ойынның шарты: Мұғалім балалардың көздерін жұмғызып, кез – келген цифрды немесе цифрларды алып тастайды. Балалар көздерін ашып, жоқ цифрды тауып, атайды.

Сергіту жаттығуы:

1 дегенде тұрайық, 2, 3, 4,- алақанды соғайық.
Оң жаққа бұрылып, сол жаққа бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, біз жүгіріп алайық. 5 дегенде асықпай, Орнымызды табайық.

Балалар, біз келесі саусағымыз – ортан терекке қонаққа келдік. Ортан теректі біз қалай атаймыз?
- Өте жақсы. Балалар, біздің ортан терегіміз де бірдеңеге ренжіп тұр. Ортан теректің де бізге дайындаған тапсырмасы бар екен. Біз оны да қуантайық. Келістік пе.
«Дабыл соғу» ойыны ойналады. Ойынның барысы:
1-5 – ке дейін заттың суреті бар карточкалар таратылады. Мысалы: 5 сәбіз, 3 жапырақ т.б. Мұғалім үстелді тықылдатып соғады, балалар санап отырып, мұғалім қанша рет соқса, сонша заттың суреті бар каточканы көтереді.
Тәрбиеші магнитті допты жылжытып шылдыр шүмекке апара қояды.
- Балалар, біз келесі саусағымыз – шылдыр шүмекке қонаққа келдік. Шылдыр шүмекті біз қалай атаймыз?
- Өте жақсы. Балалар, біздің шылдыр шүмек те бірдеңеге ренжіп тұр. Шылдыр шүмектің де бізге дайындаған тапсырмасы бар екен. Біз оны да қуантайық. Келістік пе.
Тақтамен жұмыс: Есепті шығару.
2+1 3-1 3+1 4-1
1+2 3-2 1+3 4-3
4+1 5-1 3+2 5-2
1+4 5-4 2+3 5-3

Мұғалім магнитті допты жылжытып кішкентай бөбекке апара қояды.
- Балалар, біз келесі саусағымыз – кішкентай бөбекке қонаққа келдік. Кішкентай бөбекті біз қалай атаймыз?
- Өте жақсы. Балалар, біздің кішкентай бөбек те бірдеңеге ренжіп тұр.
Біз тапсырманы орындап оны да қуантайық.

1 -5 дейінгі сандарға арналған тақпақтар

  1. Достар мені бір дейді,
    Қарайды да бүй дейді,
    Мұқтажсың қол аяққа,
    Ұқсап тұрсың таяққа.
    2. Мен екімін балалар,
    екі деген баға бар.
    Аз болған соң талабы,
    үлгіре алмай қалады.
    3. Мен ғой үштің таңбасы,
    зейін қойып тыңдашы.
    Екі қисық қосылған,
    үш жазылған осыдан.
    4. Бірақ үшке ағамын,
    Жақсысымын бағаның.
    Оқуға дос барғанда, риза мені алғанда.
    5. Бір мен екі алмаңдар,
    Үшке алданып қалмаңдар.
    Төрттік баға алғандар,
    Мені ғана армандар.

Балалар, міне біз бір қолымыздағы барлық саусағымызға қонаққа бардық. Олардың бізге дайындаған тапсырмаларын орындадық. Саусақтарымыз бізге риза болып күліп тұр. Ал енді сабағымызды қорытындылап жіберейік.



Қол

- Саусақтар.





Жаңа сабақпен танысу

Сұрақтарға жауап беру.





Саусақ жаттығуларын қайталау











Санамақ жаттау










- Бас бармақ – ата.







. 1-5- ке дейін цифрларды рет ретімен жапсырады.

Тура және кері санау


Балан үйрек – апа.






Балалар тақтаға назар аударып . жоқ цифрды табады







Өлеңді айта отырып қыймылмен қайталау






- Ортан терек – әке.









Балалар ойынға қызыға қатысады. Тапсырманы мұқият тындайды.









Шылдыр шүмек – анна


Тақтада кезекпен есеп шығарады












-Кішкентай бөбек – мен,- деп балалар қолдарымен өздерін көрсетеді.
балалар берілген тақпақтарды айтып береді



















Саусақтардың риза болғанын көреді


Рефлексивті түзетушілік/ Рефлексивно корригирующий

-Балалар бүгін сабақта не үйрендік?
- Қайда саяхатқа бардық?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
-Сонымен, бас бармақ қалай аталады?

Балаларды мадақтау. Оқушы іс – әрекетін бағалау.

Балалар сабақты қортындылайды



Күтілетін нәтиже: Ожидаемый результат:

Білу/ знать: 1-5-ке дейін тура, кері санау, заттың саны мен цифрды сәйкестіру

Түсінуге тиіс/ Иметь: дидатикалық ойынды ойнау

Істей білу керек/ Уметь: ойлау арқылы тапсырмаларды орындау







« Күн» шағын орталығы













Тақрыбы :

« 1 – 5 саны, тура және кері санау»

Орындаған: Тилеубекқызы Бақытгул



























Өскемен, 2016ж