Қош келдің, Жап-жаңа жыл!
Хор: Келді, міне, Жаңа жыл!
1-жүргізуші: Қайырлы күн, аталар, әжелер, қонақтар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, әкелер, аналар
3-жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар, балалар!
Бәрі: Келіп жеткен Жап-жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
1-жүргізуші: Денсаулықтарыңыз зор болсын!
3- жүргізуші: Дастархандарыңыз мол болсын!
2- жүргізуші: бізден тілек сол болсын!
2-жүргізуші: -Олай болса, Жап – жаңа жылға арналған шырша тойын бастайық!
Екеуі: Оны, біз бастайық!
2-жүргізуші: Әрине, сендер бастайсыңдар.
Ән: Қош келдің,Жаңа жылым, қазағыма (Жания мен Ұлпан)
1-жүргізуші: Ендігі кезек тақпақта,
Балалар сірә, жаттап па?
Тақпаққа сөз берейік,
Тамашаны көрейік!
Оқушылар тақпақтар айтады!
3- жүргізуші: Тамаша тақпақтар тыңдадық,
Аяз Атадан сыйлық та алдық.
Ендігі кезек Аңсарда
Қолыңды соқ, тамсан да!
2-жүргізуші: - Сіздер білесіздер ме, Үндістанның сериалдарымен бірге біздің шырша тойына биші қыздар да келіпті. Енді үнді биімен бойымызды да, тойымызды да қыздырсақ қайтеді. Ал, кеттік.
Ортада: «Үнді биі»
1-жүргізуші: -Ұлпан, неге күліп тұрсың?
3- жүргізуші: -Бұл –бұл ма? Күлкінің көкесін енді көресің,
«Көңілді тапқырлар осында
Ортаға шығыңдар, тосылма.
« Көңлді тапқырлар «сайысынан көрініс.
2-жүргізуші: Біздерді көрген соң, сендерден қалыспаймыз деп, қыздар ортаға сұранып тұр. Тек қана қыздардан тұратын биді тамашалаңыздар.
Би «Лави-лави»
2-жүргізуші: Байқа,
Бұл қандай өнерпаз деп
Басыңды шайқа.
«Байқа» әнімен Сейілбек ұлдарыңызды қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Құлақ құрышын қандырар халық әніне не жетсін, шіркін. Бұл әнді әжелерімізге арнаймыз. Жастық шақтарына бір саяхат жасап қайтсын.
Халық әні «Ақ дариға»
3-жүргізуші: -Көршіңмен татусың ба?
1-жүргізуші: -Татумын.
3-жүргізуші: Рас па?
1-жүргізуші: -Рас
3-жүргізуші: Дәлелде онда.
1-жүргізуші: -Міне, дәлел. Ортада «Өзбек биі» Асылжан мен Шұғыла.
3- жүргізуші: -Жания, осы Ернияз көрінбейді ғой, қайда кеткен?
1-жүргізуші: Ол, әне, қайда қайда деп ән айтқалы тұр.
Ендеше, Ерниязды орындауында «Қайда, қайда» әнін қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Абай атам айтқандай, құлақтан кіріп, бойды алған та,ы бір әнді тыңдайық. Асылжан мен Гүлсезім қыздарыңыздын оырндауында халық әні: «Гүлдерайым»
1-жүргізуші: Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
2-жүргізуші: Жаңа жылды біз тойлап,
Ән шырқадық бәріміз.
3-жүргізуші:Келді тағы жаңа жыл.
Қуантуға біздерді.
Үшеуі бірге: Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді!
1-жүргізуші: Осымен жаңа жылдық кешімізді аяқтаймыз. Келесі Жап-жаңа жылда кездескенше!