Сабақтың таырыбы: «Туған елім,туған жерім» бөлімін қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Бөлімді қайталау,өткен тақырыпты еске түсіру арқылыбілімдерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге өз ойын ашық айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа ,шапшаңдыққа,топпен жұмыс жасауға,бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Слайдтар , ұяшықтар.
Сабақтың барысы:
Жылулық шеңбері (балалар шеңберге тұрып,қай жыл мезгілі ұнайтынын және несімен ұнайтынын айтады)
Топқа бөлу:
1 топ.Тапқырлар
2-топ.Алғырлар
3-топ. Білгірлер
Фильм көрсету,сабақтың тақырыбын шығаврып алу,мақсатын хабарлау.
Топтарға тапсырма:
топ: «Отан», «Туған жер» деген сөздерге ассоциация жасау.
топ: «Туған жерін бейнеле» сурет салу.
топ:»Менің туған жерім» шағын әңгіме жазу.
Ақындардың суретін көрсету,өмірлері туралы ауызша айту.
Сергіту сәті.
«Мақал-мәтелдердің жалғасын тап» ойыны
1.Туған жердің күні де ыстық,.... (түні де ыстық)
2.Отан оттан да.....(ыстық)
3.Әркімнің өз жері......(мысыр шаһары)
4.Б ақа көлінде патша,..... (балық суында патша)
5.Отансыз адам,...... (ормансыз бұлбұл)
6.Туған жердей жер болшмас,.... (туған елдей ел болмас)
7.Өз елім-.....(өлең төсегім)
8.Ел іші.... (алтын кеніш)
9.Жері байдың,...(елі бай)
10.Отан -қуат,.... (отбасы-шуақ)
«Алтын көмбе» ойыны. «Атамекен» сөзінен мағынасы бар сөздер шығару.
Ат, мекен,ек,ем,ата,кем,екен,,ет,мен.
Ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру,ұпай жинау. Тақтада10,20,30 сандары жазылған ұяшықтар тұрады. Әр топтан екі ойыншы келіп ұяшық таңдап ,сұрақтарға жауап береді.
Сабақты қорытындылау.
Бөлімді қайталауға арналған тест
1.“Үш бақытым” кімнің өлеңі?
А)М.Мақатаевтың Б)С.Сейфуллиннің
Ә) Д.Әбілевтің В)С.Жүнісовтің
2. “Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар” деген жолдар кездесетін өлеңді ата.
А)М.Мақатаев. Отан туралы
Ә)Д.Әбілев.Туған тілім
Б)С.Сейфуллин. Туған ел
3. “Сен ұйықтап жатқанда” шығармасын жазған кім?
А) Б.Соқпақбаев Б)С.Мәуленов
Ә)М.Шаханов В) М.Сәрсеке
4. “Төрт ана”өлеңінің авторы кім?
А) М.Шаханов Б)М.Мақатаев
Ә) С.Мәуленов
Үйге тапсырма: «Туған өлкем» жайлы 4 жолды өлең құрастыру.
Бағалау: Смайликтер мен жұлдызшалар тарату арқылы балаларды бағалау.