Ғасырлар сазы – аспаптар үні
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Халық күйі «Аңшының зары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Аңшының зары» күйінің шығу тарихымен және жетіген аспабымен танысу. Жетігеннің пайда болуы туралы аңызды тыңдау
Дамытушылық: Күй тілін ұғыну. Домбыра ойнауда жаңа жаттығуды меңгеру.
Тәрбиелік: Балаларды қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Қолданылатын әдіс- тәсілі: Әңгімелеу.
Көрнекілік: Слаид сурет, аспаптар, бейне таспа, үн таспа.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (әнмен сәлемдесу)
2. Өткен тақырыптарға сұрақтар
3. Жаңа тақырып
4. Домбыра Халық әні «Еркем-ай»
5. Жаңа сабақты қорыту сұрақтары
6. Үй тапсырмасы
1. М: Ассалаумағалейкум
О: Уағалейкумассалам
Мұрагер сабағында күй тартып, ән саламыз
Аңыз -күйді тыңдаймыз, аспапта да ойнаймыз.
Бабалардың ән - жырын үйренбей біз қоймаймыз.
2. - Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын бізге қандай аспаптар
үн қатып тұр?Ажырата аламыз ба?(үн таспа ойналады)
- Сыбызғы
- Сыбызғы аспабы жайлы не білеміз?
- Сыбызғы аспабында қандай күймен таныстық?( Сыбызғы сыры)
- Дүниедегі ең кішкентай аспап қандай аспап?( шаңқобыз)
- Аспап не деп сөйлеп тұр? Қандай күймен таныстық?(«Боташым», «Бозінген»)
- Бұл қандай аспаптың үні?(сазсырнай)
- Сазсырнай аспабында қандай шығармамен таныстық? (Халық әні «Елім-ай»)
3. - Балалар естімеген аспаптың үні естіледі ол аспап жетіген. Біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз болмақ. Жетіген деген сөздің түбінде 7 деген сан жатыр.
Ал оның не себепті жетеу болғанын мен сендерге айтып берейін. (Шал мен кемпірдің жеті ұлы туралы) Ел арасында көне жоқтау – күйлер көп сақталған.
«Аңшының зары».(Әңгімелеп айту) Күйдің буынында жеңгесінің сөзі:
«Неге,неге кешіктің,қайным-ау». Інісінің сөзі: «Қайран менің ағам-ай,қапы
кеткен ағам-ай»- деп жоқтайды.
4.Сергіту сәті: 1.2кі, 1, 2кі, 1, 2кі
Домбыраны баппенен,
Қолға алып еркем-ай.
Алақай,алақай,ала деп,
Ән шырқайық еркем-ай.
1, 2 кі, 1,2 кі, 1, 2 кі
Домбырада «Еркем-ай» әнінің келесі буынын үйрету.
5. Қорытынды сұрақтар:
- Не себепті аспап «жетіген» деп аталды?
- «Жетіген» аспабында қандай жоқтау күймен таныстық?
- Не себепті інісі ағасын атып алды?
- Жеңгесі қайнысына не деп айтады?
- Жетіген не деп сөйлейді?
Сабақты қорытындылау: Не білдік , не үйрендік?
Үй тапсырмасы: Жетіген аспабына байланысты сурет салу. «Еркем-ай»
әнінің үйренген буынын ойнап келу.
[pic]
[pic]