Сабақ жоспары әдебиеттік оқу пәнінен 3-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 26.02.2016ж.

Мектеп: №2 Қорғасын орта мектебі

Сыныбы: 3

Мұғалім: Жұматаева А.

Машықкер: Қуанышбекова Гүлсая

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға ақын Мұхтар Шахановтың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: Отан сүйгіштік сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, математика, дүниетану

Көрнекілігі: суреттер, оқулық, дәптер.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Әдебиеттік оқу сабағы.-Оқушылар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін бізге әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткелі жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік.

-Ендеше, бүгінгі сабақта көңіл-күйлеріңіз қандай?

Көңіл күй сипаты:

Орташа- 1 шапалақ;

Жақсы- 2 шапалақ;

Өте жақсы- 3 шапалақ;

Үй тапсырмасын тексеру:

1- қатар: «Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтел»
2-қатар: Ертегіні сахналау
3-қатар: Алауыздық сөзіне кластер


Үй тапсырмасын бекіту:

Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

-Ертегі не жайлы?

-Неліктен құстар айтысы деп аталған?

-Негізгі ойы қандай?

-Қандай құстар айтысты?

-Осы сабақтан біз не түйдік?

Жаңа сабақ

Қызығушылығын  ояту. Рахмет, өте жақсы! Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер. Ендеше қазір барлығымыз, көзімізді жұмып, барлығымыз әсем ән тыңдайық. «Ана» өлеңін тыңдату

  • Ән ұнады ма?

  • Осы өлеңде не жайлы айтылған?

  • Ана дегеніміз кім?

  «Күн шұғыласы» ойын өткізу.

өмір сыйлаушы           ақылшы               сырласың        

 

     тәрбиешің                   Ана                отбасының берекесі

 

             ұстазың                             досың

Тарихта қалған аналарымыз

Домалақ ана - Шын есімі Нұрила – есімі ел ұранына айналған Абыз аналардың бірі. Ол 660 ж өмірге келген. Немересі Үйсіннің "ұлысбегі" болған Дулат (723-816) Бұхарадан ұста алдырып, Домалақ ананың басына төрт қанатты, төбесі күмбезбен көмкерілген кесене там тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып, қайта өңделген. 1957 ж. қайта жаңартылған кесене де көп уақыт сақталмаған. 1996 ж. Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан 12 м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Бұл  [link]  ақыны.

Мұхтар Шаханов - «Қырғыз Республикасының халық ақыны», жиырмадан астам шет елдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта Бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының, Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері. 2002 жылы М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағы берілді. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.

-Өз анасынан басқа әр адамда тағы қандай аналары болады?

-Дұрыс, яғни туған тілі, туған жері, салт-дәстүрі, тарихы.

-Қалай ойлайсындар неліктен біз оларды анаға теңейміз?

-Іштей оқу

-мәнерлеп оқу

-топппен оқу

Дәптермен жұмыс.

-Ендеше барлығымыз дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің ретін жазамыз.

-Қарашаның жиырмасы. Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Сөздік жұмыс

Ғұмыр-өмір бойы
Жебеп жүрер- қорғау, қамқор болу
Тағдырыңның тынысы – өмір сүруі

Тарихи оқиғалар

550- қазақ хандығының құрылғаны

170-Абай Құнанбайұлының туғанына

20-ассамблеяның құрылуына, Ата заң

70-Ұлы жеңіске

4- маусым рәміздер күні

16-желтоқсан тәуелсіздік күні

22-қыркүйек тілдер күні

Қорытындылау

-Өте жақсы!

-Сонымен біз бүгін қандай ақынның шығармасымен таныстық?

-Мұхтар Шаханов кім?

-Қандай өлеңімен таныстық?

-Ол не жайлы?

-Әр адамда өз анасынан басқа тағы неше анасы бар?

Сызбамен жұмыс



Бағалау.

Үйге тапсырма: Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жаттау.


Мұғалім:

Баға: