Дүниетану. 2 сынып
Сабақтың тақырбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту; оқушылардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру; тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтау
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, жасанды жеміс, көкөністер, сүт тағамдарының суреттері
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушыларды түгендеу, балалардың назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау.
(үйде әр кім өз отбасында сақталған дәстүр туралы айту)
3. Жаңа сабақ:
а) - Қанеки, барлығымыз тақтаға көңіл бөлейік. Қандай сурет көріп отырсыңдар?( тақтада бір өте семіз адамның және өте жүдеу адамның суреті бейнеленген)
Неге бұл адамдар осындай сырт көрініске тап болды деп ойлайсыңдар? (оқушылар ойларын айтады)
Жалпы балалар, сендердің айтып жатқан ойларың дұрыс. Бұл адамдар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан, денсаулықтарын жоғалтқан.
Олай болса, балалар бүгін сабақта «салауатты өмір сүрудің бір ережесі – дұрыс тамақтану» туралы мәлімет аламыз.
ә) Кіріспе әңгіме: тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі.
Өткен кезеңнің данышпан адамдары «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз»деген. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр-түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үшін жұмыс атқарады, сондықтан уақытылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады.
Тағам өнімдері өсімдік және жануартекті болады. Өсімдіктекті тағамдарға: жемістер мен көкеністер, нан, қант, өсімдік майы жатады. Жануартекті тағамдарға: ет, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, балық, құс еті, сары май жатады.
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic] [pic] [pic]
Тамақты жеткіліксіз, артық мөлшерде ішу ағза үшін зиянды.
Адам белгілі бір мөлшерде күніне 4-5 рет уақытылы тамақтану қажет.
- Суретпен жұмыс:
Оқулықтағы суретті көрсетеміз. «топтау» әдісі бойынша жануартектес азық түліктерді бір топқа, өсімдіктектес азық-түліктерді екінші топқа бөлеміз.
- Қосымша мәлімет. Балалардың күнделікті тағамында жеміс-жидектер, витаминдер көп болуы тиіс. «Витамин» терминін американ ғалымы Казимир Фуик ойлап тапқан. Ол күріш дәнінің сыртындаға қабықшасын ағзаға қажетті деп есептеп, «vita» сөзі(өмір) мен «амин» сөзін қосып, витамин деп атаған. А витамині сәбізді, алмада көп болады, ол көздің көруін жақсартады. Орамжапырақта С витамині көп, оның көмегімен тістерің мықты және әдемі қалпында сақталады. Салат жапырағында болатын В витамині ұйқыны жақсартып, көңіл-күйді көтереді.
4.Сергіту сәті. «Мынау не?» дидактикалық ойыны ойналады.
Мазмұны: мұғалім оқушыларға көздерін жұмып отыруды тапсырады. Оқушылар көздерін ашқанда тақтада пияз, сарымсақ немесе лимонның суреті тұрады. Мысалы: 1 оқушы лимонның түрін, түсін, дәмін, иісін, оның құрамында қандай дәрумендер бар екенін әңгімелейді. Оны басқа оқушылар толықтырады.
5. Білімін тексеру: Дұрыс тамақтанудың диагностикалық картасы құрастырылады.
- Оқушылар өз беттерінше дұрыс тамақтану және дұрыс тамақтанбаудың ережелерін жазады, неге екенін дәлелдейді.
6.Сабақты бекіту:
Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?
Неліктен жемістер мен көкеністерді жуып жеу керек?
Жануартектес азық-түліктерге нелер жатады?
Өсімдіктектес азық-түліктерге нелер жатады?
Тамақтану барысында қандай ережелерді сақтағанымыз жөн?
7.Рефлексия.
Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақтан не алдық?
8.Бағалау (оқушылар өзін-өзі бағалайды)
9.Үйге тапсырма: Әр оқушы дұрыс тамақтанудың сызбасын сызып келеді.