Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Ақтүйесай орта мектебі
Бағыты:
«Салауатты табиғи орта –«Қазақстан 2050»
стратегиясын жүзеге асырудың негізі»
Секция: Биология
Тақырыбы:
[pic]
Орындаған: Бапина Дәрия
Сеилбек Саяжан
Жетекшісі : Мусипова Жанар Сагдатовна
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе бөлімі:
1.1. Түсінік хат.
1.2. Чипсидің (қытырлақ картоптың) шығу тарихы.
ІІ . Негізгі бөлімі:
2.1. Чипсидің (қытырлақ картоптың) құрамы.
2.2. Чипсідегі (қытырлақ картоптағы) үлкен қауіп.
ІІІ. Зерттеу бөлімі:
3.1 Тәжірибелер.
3.2 . Қосымша айғақтар (видеолар).
ІV. Қорытынды бөлімі:
Чипсиді үй жағдайында жасау.
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Түсінік хат
Бүгінгі таңда экология лас заманда адамдар ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейді. Осыған орай дүкендерде көздің жауын алатын қытырлақ картопты көргенде әрине оны жегің келеді, қытырлақ картопты көп мөлшерде жеу адам денсаулығына зиян екеніне зерттеу барысында көзім жетті. Сол себепті «Чипсідегі үлкен қауіп» тақырыбын таңдап алдым. Зерттеудің нәтижесінде мен енді дүкеннен қытырлақ картоп сатып алмаймын деп шештім себебі : чипсиді жеген баланың ойлау қабілетті өте төмен болады екен. Чипсиді алғаш жегеннен бастап оны қайта -қайта жегіңіз келе береді . Сол себебті адамды семіздікке ұшыратады және адам ағзасында аллергия пайда болуы әбден мүмкін. Ал дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.Сол себебі онкологиялық аурулар пайда болуы әбден мүмкін және қытырлақ картоптың зияндығы туралы сіздерге айттып берсем . Сондықтан қытырлақ картоптың құрамын зерттедім. Зерттеу барысында қытырлақ картоптың құрамында: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендері, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Қытырлақ картоптың құрамында тұз өте көп Тұздың өте көп мөлшерде болуы сүйектердің дұрыс өсуіне кедіргі келтіреді және жүрекке әсер етеді. Сонымен қатар, чипсіге әр түрлі дәмдеуіштерді қосады.
Бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселе. Не жеп жатқанымызға назар аудару.
Бұл қызықты да мазмұнды жұмыс.
1.Ғылыми - жобаның мақсаты: Чипсидің адам өміріне үлкен қауіп әкелетіндігін анықтап, оны қолданбауға ғылыми ізденіс арқылы дәлелдеу. Міндеттері :
Чипсідің (Қытырлақ картоптың) шығу тарихын анықтау.
Қытырлақ картоптың құрамы анықтау.
Қытырлақ картоптың адам денсаулығына зияны қандай екені туралы мәлімет жинау.
2. Зерттеу болжамы:
Егер біз қытырлақ картоптың адам денсаулығына ағзасына зиян екенін дәлелдер арқылы көрсете білсек, сөрелерден алып тасталама ...
3. Зерттеу жүйесі:
- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;
-Интернет мәліметтерімен танысу, іріктеу
- Тәжірибелер жүргізу;
- Зерттеу жұмысын жинақтау, қорытындылау
4. Зерттеу әдістері:
іздену, зерттеу, бақылау, жүйелеу, тәжірбие жасау, ой қорыту.
5. Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
- Қытырлақ картоп адам денсаулығына зияны туралы мәліметтер жиналып жан – жақты сипаттама берілді;
- Қытырлақ картоп адам денсаулығына зиянын тигізбейтін үй жағдайында түрлі қоспасыз жасап тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді. Арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында қытырлақ картоп адам денсаулығына зиянындығы зерттеліп күнделікті өмірде көп мөлшерде пайдаланбау керектігі дәлелдеген.
6. Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы чипси өнімдеріне жан – жақты зерттеу және зиянын айту жұмыстың -теориялық мәні болып табылады.
тәжірибе барысында чипсидің ағзаға зиянын көрсету жұмыстың -практикалык мәні болып табылады.
КІРІСПЕ
Әрбір адам ағзаның дұрыс әрекет етуі үшін тағамның маңызды екенін біледі. Адам ағзасында өмір бойы үздіксіз зат айналысы мен қуат айналысы жүреді. Ағзаға қажетті құрылыс материалдары мен қуат көзі болып сыртқы ортадан негізінен тағам түрінде келіп түсетін нәрлі заттар табылады. Егер ағзаға тағам түспесе, адамның қарны ашады. Өкінішке орай аштық адамға қандай және қанша көлемде нәрлі заттар қажет екендігін білдіре алмайды. Біз көбінесе тәтті, тез дайындауға болатын тағамдарды пайдаланамыз да, сол пайдаланып жатқан азық-түліктің пайдалылығы мен сапалылығына мән бере бермейміз. Дәрігерлердің айтуынша, дұрыс сапалы тамақтану – ересек ағзаның денсаулығы мен жоғары жұмысқабілеттігін сақтауға мүмкіндік берсе, балалардың өсуі мен дамуына ықпал етеді. Ағзаның дұрыс өсуі, дамуы мен өмір сүруі үшін белгілі мөлшерде ақуыз, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералды тұздар қажет. Дұрыс тамақтанбау жүрек, ас қорыту органдарының, зат айналысының бұзылуымен байланысты аурулардың пайда болуының басты себепшісі болып табылады
Чипсылар мен қытырлақ нандарға дәмдік қасиет беру үшін әртүрлі хош иістендіргіштер қолданылады. Сондықтан да тұтынушының таңдауына қарай чипсылар мен қытырлақ нандардың түр-түрі жетіп жатыр.Ешқандай қоспасыз табиғи чипсылар да болады, бірақ статистика бойынша көбі қоспасы барын: ірімшік, бекон, саңырауқұлақ, уылдырық қосылғанын таңдайды. Қазіргі таңда чипсыда расында ешқандай уылдырық жоқ, оның дәмі мен иісіне хош иістендіргіштер арқылы қол жеткізгенін айтудың да қажеті жоқ шығар. Көбінесе чипсылардың дәмі жасанды болып келеді. Бұған көз жеткізу үшін чипсилар мен қытырлақ нандардың құрамында кездесетін өзіңізге таныс «Е» әрпінен байқауға болады. Ал егер де чипсыды өртеп көрсеңіз, оның құрамында көп мөлшерде май болатынына көз жеткізесіз.
Мен де өз зерттеуім және тәжірбием арқылы, осы чипсидің зиянын анықтаймын да, пікірімді жазып, нәтиже шығарамын деген ойдамын.
1.1 Чипсидің шығу тарихы
Алғашында чипсы тек элиталық мейрамханаларда ғана сатылатын. Кейіннен қытырлақ картоп азық-түлік дүкендерінінің сөрелерін де жаулап, біртіндеп фастфуд қатарына енді. Бүгінде диетологтар мұны балалар жеуге болмайтын тағамдардың тізіміне қосып отыр. Чипсыды алғаш ойлап тапқан адам – америкалық қымбат мейрамханалардың бірінде бас аспазшы болған Джорд Крам деген азамат. Тіпті чипсыдың нақты қай жылы, қай күні пайда болғаны да белгілі: 1853 жылдың 24 тамызы. Бірде мейрамханаға келген қонаққа өте қалың кесілген фри картобы ұнамай, бас аспазшыны әбден сөгеді. Елдің алдында қатты қысылған Крам картопты жай ғана жұқа емес, тіпті өте жұқа етіп дөңгелектеп кесіп, екі жағын кезек-кезек қытырлақ болғанша майға қуырған екен. Осы тағамның дәмін татып көрген қонақ риза болып, осы тағамды «чипсы» деп атаған екен. «Чипсы» ағылшын тілінен аударғанда «бөлшек» дегенді білдіреді. 1932 жылы Америкада картоп чипсыларының дәмін түрлендіріп жасау үшін тіпті ұлттық институт та құрылған. Ал Ресейде алғаш чипсы Ленинград блокадасында пайда болыпты. Мұнда балаларға картопты жұқа етіп кесіп, пешке қақтап берген екен. Бүгінде балалар сүйіп жейтін бұл тағам картоптың белгілі бір сорттарынан немесе картоп ұнтағынан, басқа да зиянды қоспалардан жасалады. Мамандар чипсыға адам тез үйір болады дейді. Алайда бұл тағамның ағзаға ешқандай пайдасы жоқ екенін айтып, мамандар дабыл қағуда.
Қазіргі таңда қолдарынан келгенше мамандар ол нәрселердің құрамын тексереді. Талап сай емес болса сатуға тыйым салады. Қазіргі таңда екінің бірі сухарикиге әуес. Оның зиянын білмейді. Және оны алғанда құрамымен танысып, жарамдылық мерзімін қарамайды. Сондықтан осындай жайттарға ұшырайды.
"Кириешки" атымен танылған қытырлақ нанның адам денсаулығына пайдасы болмаса да, оны көп тұтыну зиян екені дәлелденген. Қытырлақ нанның негізгі құрамы арнайы сұрыпты ұннан жасалғанымен, түрлі дәмдеуіштер мен көп мөлшердегі тұздар ұнның барлық дәрумендерін жояды екен. Ал үй жағдайында оның құрамындағы май мен тұзды қалай анықтауға болады .Конец формы
ІІ . Негізгі бөлімі:
2.1. Чипсідің құрымы.
Бір пакет чипсыдың энергетикалық құндылығы шамамен – 550 ккал болса, бұған ол құрамындағы майдың есебінен қол жеткізеді. Чипсыдың құрамында дәрумендер мен минералды заттар мүлдем болмайды. Чипсы қатты шөлдетіп, ісіндіреді және қалыпты рациондағы калорияңызды жояды.
Чипсыларға қосылатын зиянды дәмдеуіш қоспалар.
Мұндай чипсылардың дәмі картоп дәміне мүлдем ұқсамайды, оған көмекке дәмқосарлар мен дәмдеуіш қоспалар, негізінен – натрий глутаматы келеді. Натрий глутаматтың ең дәмсіз деген тағамды оның нақты құндылығын ұмытып тағы да жегіңіз келтіретіндей қасиеті бар. Чипсы дайындау үшін кәдімгі картопты пайдаланатын да өндірушілер бар. Алайда көбінесе генды өзгеріске ұшыраған картопты таңдайды, себебі оның түйнегі ірі, тегіс, әрі бұзылмаған болады – оған зиянкестер тиіспейді. Мұндай картопты да сол арзан майға қуырады.
Акриламид – ең қауіпті канцероген, егер де майды дұрыс таңдамай, табаны қатты қыздырып жіберсе үй жағдайында да пайда болады. Бірнеше жыл бұрын чипсыдың құрамында акриламидтың туысы глицедамид табылған болатын, ол ісіктің пайда болуына әсер етіп қоймай, ДНҚ да өзгеріске ұшыратады.
Зиянды тағам қоспасының кодтары:
Тиым салынғандар-Е103,Е105,Е111,Е121,Е123,Е125,Е126,Е130,Е152.
Қауіптілер-Е102,Е110,Е120,Е124,Е127.
Күмәнділер-Е104,Е122,Е141,Е150,Е171,Е173,
Е180,Е241,Е477.
Ісік тудыратындар- Е131,Е210-217,Е240,Е330.
Ішек ауруларын тудыратындар -Е221-226.
Теріге зияндылар -Е230-232,Е239
Қысымның өзгерісін тудыратындар -Е250,Е251.
Бөртпенің пайда болуына әсер ететіндер -Е311,Е312.
Холестеринді жоғарылататындар -Е320,Е321.
Асқазан ауруын тудыратындар -Е338- 341,Е407,Е450,Е461-466
2.2. Чипсідегі үлкен қауіп.
Чипстегі үлкен қауіп
[pic] Әр күні миллиондаған адамның жеген чипстері өздеріне қауіп төндіруде. Тіпті кейбір ұйымдар темекідегі секілді чипс қораптарының сыртына да денсаулыққа зиянды деген ескертулер жазылу керектігін ұсынуда. «Чипс жеудің, май ішуден айырмашылығы жоқ.» деген мамандар, қатерлі ісіктен бастап салмақ қосуға, қант диабетінен бедеулікке және паркинсон аурымен қатар бірнеше ауруларға себеп болатынын білдіруде. Құрамында 10 пайыз мөлшерде май және 3 пайыз мөлшерде транс майы бар чипстерден күніне 35 грамдық бір пакет чипс жейтін адам, 1 жылда 5 литр май ішкен болады. Әлемдегі көптеген қоғамдық ұйымдар, университеттер, қорлар чипстің зияндарын айтып түсіндірсе де, чипс жейтіндердің саны жыл сайын арта түсуде. Чипстің құрамындағы майдан басқа тұздың болуы одан да үлкен қауіп төндіруде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Американың азық-түлік ұйымының айтуы бойынша, әр бір ересек баланың күніне ең көп дегенде 6 грамм тұз және 65 грамм май жеуі керек. Күніне 2 пакет чипс жейтін адам бұл мөлшерлерден артық жеген болады. Шамадан тыс желінген май және тұз, холестерин, миокард инфаркті және паралич сияқты қауіпті ауруларға жол ашады.
Англияда YouGov атты ұйым тарапынан жасалған зерттеуде, халықтың үштен бірінің әр күні бір пакет чипс жейтіні, үштен екісі аптада бірнеше пакет чипс жейтіні мәлімденді. Чипстегі қауіптердің маңыздылығына тоқталып осы мәселе бойынша кітап жазған Майкл Мос, ондаған жыл зерттеу жүргізіп үлкен азық-түлік өндіретін фабрикалардың мида тәбетті қоздыру орталығына әсер ететін өнімдер шығаратынын мәлімдеді. Қазіргі таңда чипстердің өзіне тәуелділік қалыптастыратынын айтқан Мос: «Чипстер тістелген кезде дауысы қаншалықты қатты шыққан сайын, адамның соншалықты көп чипс жегісі келетін сезім пайда болады» деді.
1. Өзіне тәуелді етіп қояды. Принстон университетінің ғылыми қызметкерлерінің зерттеулері бойынша чипсыны күнделікті жеу темекіге немесе алкогольдегідей тәуелділіке соқтырады екен.
2. Семіздікке шалдықтырады. Қалыпты бір қорап чипсы 510 ккал болады. Ал, ересек адамдар үшін күндізгі қалыпты калория 1800 ккал болса, балалар үшін 1200 ккал екендігін ескерсек, чипсының бір ғана қорабы күндізгі норманың жартысын, ал, 3-4 қорабы калорияның шектен тыс көбейтіп, семіздікке алып келеді.
Сонымен қатар, чипсының құрамындағы майлар кез келген адамның денсаулығына кері әсер етеді. Кейбір ақпараттар бойынша ол майлар обыр кеселін де тудыра екен.
3. Құрамында құнарлы заттар жоқ. Байқап қарасаңыз, қытырлақ болғанға дейін қуырылған картоптың құрамында ешқандай минерал, дәрумен, кальций, ақуыз бен көмірсутегі де қалмайды. Сондықтан, чипсы құрамынан біздің ағзамыз ешқандай құнарлы заттар алмайды, тек көп калорияға ғана "қарық" болады.
4. Ағзадағы тұздың көлемін арттырады. Бір қорап чипсы құрамында 0,7 г. тұз болады, ал, адам үшін тұздың күндізгі қалыпты мөлшері 5-6 грамм. Ағзада тұз мөлшері көбөйген жағдайда сүйектердің өсуі мен жүректің жұмысы бұзылады.
5. Аллергия тудыруы мүмкін. Қытырлақ қораптың ішінде көптеген бояуыш заттар мен дәмдеуіштер болады. Олардың өздігінен ешқандай зияны жоқ. Тек ішіндегі картопқа тауық, ет, саңырауқұлақ т.б. дәмдер беріп тұрады. Бірақ өндірушінің оларды қанша қосқанына байланысты адам ағзасында аллергия туындайды. Сондықтан, чипсыны жеген кезде түшкіру сынды аллергиялық симптомдар пайда болып жатса, дереу дәрі қабылдап, келесі жолы қытырлақ картоптан аулақ болуға тырысыңыз. Олардың семіздікке шалдығуына картоп қытырлақтары аса қатты әсер етеді екен.
Зерттеу жүргізген сингапурлық және америкалық ғалымдар осындай байламға келді. Мамандардың түсіндіруінше, бұл өнімнің құнарлығы жоғары, ал ағзаны қанықтыру индексі өте төмен көрінеді. Жалпы бүгінде Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы жеткіншектердің үштен бірі семіздікке шалдыққан. Ал Еуропада артық салмағы бар балалардың үлесі 40 пайызға таяп қалыпты.
Ғалымдардың зерттеуінше ерте жастағы балалар дұрыс тамақтанбағандықтан мидың жұмыс істеу қабілеті төмендейді екен. 1-жастан 3 жасқа дейін балалардың миының жұмыс істеу қабілеті жақсы жұмыс атқарады екен. Чипсиді жеген баланың ойлау қабілетті өте төмен болады екен. Чипсиді алғаш жегеннен бастап оны қайтта қайта жегіңіз келе береді . Сол себебті адамды семіздікке ұшыратады. Қытырлақ картоптың құрамында тұз өте көп Тұздың өте көп мөлшерде болуы сүйектердің дұрыс өсуіне кедіргі келтіреді және жүрекке әсер етеді.Қытырлақ картопқа әр түрлі дәмдеуіштерді қосады . Сондықтан адам ағзасында аллергия пайда болуы әбден мүмкін. Ал дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.Сол себебі онкологиялық аурулар пайда болуы әбден мүмкін. Міне өздеріңіз байқап отырғандай қытырлақтың адам денсаулығына зияны өте көп. Мысалы жақында теледидардан көрсеткен қарапайым қытырлақ картоптың әсерінен 9 жасар қыз бала көз жұмды. Әрине бұл қытырлақ қыз баланың денсаулығына кері ісерін тигізді дейді дәрігерлер. Қытырлақ картоп өзіне тәуелді етіп қояды, семіздікке ұшыратады, ағзадығы тұздың көлемі арттады , аллергиялық тудырады және онгологиялық аурулар тудырады.
Өздеріңіз байқап отырғандай «Қытырлақ картоптың адам денсаулығына зияны» анықтадық. Сондықтан мен болашақта салауатты өмір салтын ұстана отырып, алдағы уақытта жеке кәсіпкерлік ашып осы қытырлақ картоп шығаратын заводтар ашып және оны үй жағдайында жасап халықты адам денсаулығына зиянын тигізбейтін қытырлақ картоп жасап осы өнімдерімді халыққа қамтамасыз етсем деймін және бұл менің арманым.Оны мына бейнебаян арқылы көрсеңіздер.
ІІІ. Зерттеу бөлімі:
3.1 Тәжірибелер.
Майға қуырылған картоп өз бетінше пайдалы тағам емес. Чипстерде табиғи ештеңе қалмайды: тек канцерогендер, май, ароматизаторлар мен дәмдеуіштер. Чипстерді күнделікті тұтыну онкологиялық аурулардың пайда болуына, сонымен қатар салмақ қосуына әкеледі.
Майға қуырылған картопты жағып қараған кезде майдың сапасының төмен болуына байланысты жанып, қара болып күйді. Сонымен қатар құрамындағы крахмалдың бар екенін дәлелдеу мақсатында оны йодпен тексердік. Сол кезде майға қуырылған картоп көк түске боялды.
3.2 . Қосымша айғақтар (видеолар).
Қорытынды
«Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім».
Фаст-фуд тағамдарынның тұтынушыларға кеңестер
Тез әзірленетін тағамдар сататын дәмханаларға жиі бармағаныңыз жөн
Өзіңізді фаст-фуд өнімдерінің орнына жеміс-жидектер, аз коллориялы йогурт немесе каша жеуге көндіріңіз
Газдалған сусындардың орнына түрлі жемістердің шырынын ішіңіз
Қуырылған тамақтарды көп жемеуге тырысыңыз.
Көкөністерден жасалатын тағамдарды жиі қолданыңыз.
Менің ұсынысым
өнімді аларда мұқият этикеткасын қарап танысыңыз
өнімнің тым ашық түстілерін алмаңыз
ұзақ мерзімге созылған өнімді алмаңыз
құрамы аз болса, дәмдеуіштері мен қоспалары да аз екенін көрсетеді
егерде сол өнімге қызықсаңыз оны қолдану мөлшерін азайтыңыз
кириешки мен чипсыді кішкентай балаларға ұсынбаңыз
асқазан және ішек аурулары бар оқушыларға мүлдем қолдануға болмайтынын ескеріңіз.
Осы жұмысты зерттеу барысында көптеген мәліметтерге қанықтым және біз қазіргі уақытта өз ағзамызды біртіндеп улап жатқанымызды байқадым. Бұрын чипсидың, кириешкидің құрамында не бар екенін білмейтінмін.. Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының көпшілігінің семіздікке бой алдыра бастағанын байқауға болады. Мұның себебін осы фаст -фуд тағамдарынан деп есептеймін.
Алдағы уақытта осы жұмысымды тереңірек зерттеп, өз достарыма, өз халқыма көмегім тисе екен деп армандаймын.
Қазіргі таңда балалардың денсаулығының жағдайы 20-30 жыл бұрынғымен салыстырғанда тым шамалы. Ата-аналар болса бұны байқамайды, олар да 20 жыл бұрын бала болатын. 30 жыл бұрын балаларда диатез, аллергия, нейродермит сияқты аурулар мүлдем кездеспейтін. Созылмалы ауруға шалдыққан балалар өте аз болатын: балалар ауырып, түгел сауығып шығатын. Қазір болса мүлдем басқаша. 1-і сыныпқа барған балалардың 15-20 % ауруға шалдыққан болса, 11 сыныпты бітірген кезде 94% созылмалы аурумен ауыратын болып шығады. Аурудың тууы мен қалыптасуы дәл осы мектеп кезінде пайда болады.
80%-ның қан құрамы шамалы: гемоглобины төмен.
50 % балаларда жәй қабынулар — гастрит, пиелонефрит және т.б.
40 % -да тағамға аллергиясы бар.
40 % балаларда бронх-өкпе жүйесі төмендеген.
90 % балалар эндемикалық зобқа шалдыққан – қалқанша безінің дұрыс жасамауынан.
Орташа есептегі мектеп оқушысының денсаулығын елестетсек. Қоректі заттарды сіңірместен, дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігіне ұшыраған бала ата-анасына қарағанда 3-4 есе токсиндермен уланған, сондай-ақ мембралды-ұлпалы деңгейдегі әлсіздігі бар. Нәтижесінде, күрделі иммундық дефицитке шалдыққан бала әртүрлі инфекциялық ауруларға ұшырағыш болып келеді.
Бүгінгі таңда экология лас заманда адамдар ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейді. Осыған орай зерттеу барысында «Қытырлақ картоптың адам денсаулығына зияны» анықтап оны көп мөлшерде жеу дұрыс емес екендігіне көзім жетті.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. “Биолог анықтамалығы” ғылыми-педагогикалық журнал №5, 6 2011 жыл
2. “Биология және салауаттылық негіздері”
3. “Орталық Қазақстан”. 2010ж №4
4. “Пайдалы кеңестер”
5. Ғаламтордан алынған мәліметтер
Қорытынды Бұл тақырып мені қатты қызықтырды.Бұл тақырып мені қызықтырып оны зерттедім.
2
12.09.2016
Үйге келген соң анамнан , интернеттен қытырлақ картоп туралы мәліметтер жинастыра бастадым.
Қорытынды
Чипсиді жеген баланың ойлау қабілетті өте төмен болады. Чипсиді алғаш жегеннен бастап оны қайтта қайта жегіңіз келе береді . Сол себебті адамды семіздікке ұшыратады. Қытырлақ картоптың құрамында тұз өте көп Тұздың өте көп мөлшерде болуы сүйектердің дұрыс өсуіне кедіргі келтіреді және жүрекке әсер ететін білдім.
3
29.09.2016
Қытырлақ картоптың құрамын зерттедім.
құрамында: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендерінің бай көзі, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды.
4
12.10.2016
Қытырлақ картоптан үй жағдайында жасауға болатын интернеттен көріп білдім болатынын білдім.
Қорытынды
Сол тағамдарды үй жағдайында анам екеуміз жасадық.Болашақта осы адам ағзасына зиянын тигізбейтін өнімдер шығарсам деймін.
5
28.10.2016
1тәжірибе
Анам екеуміз қытырлақ картоптан үй жағдайында жасадық.
Қорытынды
Қытырлақ картоптан өте дәмді болды.Мен енді қытырлақ картопты дүкеннен сатып алмай қолдан жасаймын деп шештім.
6
5.11.2016
2 тәжірибе
Қытырлақ картопты сіріңкенің көмегімен жағып көріп едім .Ол лезде жанып кетті.
Қорытынды
Күнделікті дүкеннен сатып алатын қытырлақ картоптың көз алдымада жанып кетуі мен үшін қызық жаңалық болды .Себебі оның құрамында әр түрлі адам денсаулығына зиян келтіретін қоспалар көп екенін анықтадым.
Пікір
Бұл жұмыста оқушы қазіргі таңдағы ең өзекті тақырыпты қозғап отыр, нақтырақ айтқанда, дұрыс тамақтану, оның адамның денсаулығына әсері жөнінде. Ең маңыздысы – жылтырақ қағазға оралған немесе теледидардан көрсетіліп жатқан жарнаманы көріп өз жасына, өмірлік тәжірибесінің жоқтығына қарамастан,сол өнімдерді пайдалы деп санайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы. Олар өз жұмысында балалар түгілі ересектер де назар аудара бермейтін немесе жай ғана не жазылғанын түсінбейтін өнімнің сыртқы бетінде көрсетілетін зиянды қоспаларға жеке тоқталып өтті. Кітапханаға барып көптеген материалдар жинақтады. Интернет желісінен көптеген мағлұматтар алды. Чипси өнімдерінің құрамын және адам денсаулығына ұшан-теңіз зиянын анықтады. Алдағы уақытта осы тақырыпты әлі де болса жан-жақты қарастырады деп сенемін.
Жетекшісі: Мусипова Жанар Сагдатовна