Атырау облысы. Құрманғазы ауданы. Жамбыл ауылы.
И.В Панфилов атындағы жалпы орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі: Лукпанова Куралай Кыдыровна
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы Сағи Жиенбаев «Әлия» өлеңі
Сабақтың мақсаты
Өлең мазмұның түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Оқушылардың өткен сабақтардан алған материалдардың терендету, білімдерін пысықтау. Ұйымшылдыққа, бірлікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Отанды қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Өленнің мағынасына түсінеді, мәнерлеп оқуға жаттығады. Жұптық жұмыс жасайды, бірін – бірі бағалауға үйренеді.
Ресурстар (сілтеме)
Ана тілі оқулығы «Тағзым» энциклопедиясы, АКТ, слайд, бейнефильм т.б.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер
Армысың көк аспан
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос міне менің қолым!
Бір, екі, үш
Отырамыз тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ Үй тапсырмасы
С. Машаковтың «Мәншүк» өлеңін мәнерлеп оқыту
Әр шумағын сұрақ – жауап алу
1. Өлең кім туралы жырланған?
2. Мәншүктің пулеметінің аты не?
3. Мәншүк не үшін шайқасты?
4. Сіз Мәншүкке ұқсағыңыз келеме? Не үшін?
ІІІ Миға шабул
Бейнеролик «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында»
Сұрақтар қою
1Ұлы Отан соғысы туралы туралы не білеміз?
2 Қазақтың соғысқа қатысқан батырларын ата
ІҮ Жаңа сабақ
Автор туралы мәлімет.
Қазақ ақыны, нәзік сезімді, қайырымды азамат, поэзия зергері және ақындардың әлденеше буынының ұстазы – Сағи Жиенбаев 1934 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында туған.
1955 жылдан Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітіргеннен кейін Жезқазған қаласының 10 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді.
1956 жылдан әдеби қызметке ауысып «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналының редакцияларында істеді. Ұзақ жылдар бойы «Жазушы» баспасының поэзия редакциясын басқарды. Соңғы жылдары «Ақ Орда» журналының бас редакторы болды.
Бейнебаян «Әлия Молдағұлова»
2)Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова
1925 жылы 16- маусымда Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Әлияны анасы «Ақмоншағым деп еркелеткен.» Әлия сегіз жасқа толғанда анасы қайтыс болады. Әкесіне бағу қиын болғандықтан оны нағашылары тәрбиелейді. Кейін ол нағышыларының отбасының жағдайына байланысты Ленинградтағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Орыс тілін білмеген Әлияға орыс тілін үйрену қиынға соғады. Дегенмен қайсар қыз сабақты жақсы оқиды. 1941 жылы соғысқа аттанады. Соғыс басталғанда 17 жаста болады. Майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді. Әлия Казачиха деревниясы үшін болған ұрыста оққа ұшырайды. Әлияның денесі Казачиха селосында батыр жауынгер зиратына қойылған. Сол жерде ескерткіш орнатылған. Кейін Кеңес одағының Батыры атағы беріледі.
Оқулықпен жұмыс
2) Өлеңді мәнерлеп оқып беремін (видео арқылы)
а/Әлия. өлеңдерінің мағынасын ашу.
ә/ Сөздік жұмысын жүргізу.
Мәрмәр-құрлысқа пайдаланылатын жылтыр тас.
Өлеңдерді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке
Өлеңнен түсінгендерін ортаға салады
"Бағдаршам " әдісін қолдану .
Жаңа ақпарат «Х.Доспанова туралы мәлімет» беру
Сергіту сәті
Р. Рымбаеваның «Әлия» өлеңін тыңдату
Тапсырма.
Жұппен жұмыс
І –жұп
«Венн» диаграммасы арқылы Әлия мен Маншүкті салыстыру
2-жұп: Әлия туралы өлең шығару
3-жұп : "Дөңгелек үстел " әдісі батырлыққа ,ерлікке байланысты мақалдар жазу
«Батыр туса –ел ырыс,
Жаңбыр жауса –жер ырысы
« Батыр- елдің сәулет,
Бал құрақ-жердің сәулеті»
Ер жігіт елі үшін туады,
Елі үшін өледі.
Жұптар бір-бірлерін "Басбармақ "арқылы бағалайды.
Бекіту
«Келісемін, келіспеймін»
1 Майдандас достары Лия деп атады .
2 Желтоқсан оқиғасына қатысқан.
3 Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келді.
4 Ұлы Отан соғысына қатысқан .
5 Шын аты Әлия .
6 Шын аты Ілия .
7 Анасы "ақмоншағым " деп еркелеткен .
Кері байланыс " Бес саусақ " әдісі
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін және тілектерін бес саусаққа жазып оқиды .
Үйге тапсырма
Өлеңді түсініп оқуға және ерлікке ,батырлыққа байланысты мақалдар жаттауға беремін.
Бағалау ,мадақтау
Смайликтер арқылы бағалау