Сабақтың тақырыбы: Отбасы және туған-туыстар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: отбасы мен туған-туыстар арасындағы байланыстарды ұғынуға көмектесу.Отбасы шежіресі жайлы түсінік беру;
Дамытушылық: туыстық жақындықты жете түсіндіру арқылы туыстарға деген қарым-қатынастыдамытуға,оқушының ой-өрісінің дамуына жағдай жасау.
Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға,туған-туыстарын құрметтеуге,сыйлауға,бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,ой толғаныс
Көрнекілігі: сызба,топтастыру,т.б.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері
Балалар шеңберде бір-бірінің қолынан ұстап,күлімдеп қарап тұрып:
Далада күн жарқырап,
Айнала нұр шашылды
Қайырлы күн!
Біз ару қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз батыр ұлдармыз!
2.Үй тапсырмасын сұрау
«Отбасындағы қарым-қатынас»мазмұндау. Мақал-мәтел жазу.
Өз отбасыларың туралы әңгіме құрастыру.
Ітоп Мазмұндау.
ІІ топ Өз отбасы туралы шағын әңгіме құрау.
ІІІ топ Мақал-мәтел айту.
Үй тапсырмасын бекіту.
- Қазақ отбасында қалыптасқан қандай әдеп-ғұрып бар?
- Үлкендерді сыйлау,құрметтеу.
-Үлкендер деп кімдерді айтамыз?
Топтастыру.
Ата әже
әке ана
ұл
қыз
Отбасы тағы кімдермен қарым-қатынаста болады?
Үш топқа бөлу.
І. Нағашы
ІІ. Жиен
ІІІ. Немере
3.Жаңа сабақ .
Оқулықпен жұмыс.
-Мәтінді оқып беру,оқушыларға оқыту.Оқылған мәтін бойынша әңгіме жүргізу.
Отбасындағы басты мәселе бір-бірін сүю және бір-бірін сыйлау.Отбасындағы ең басты адамдар- ата мен әже.Солардың арқасында сенің мықты әкең мен сүйкімді анаң бар. Ата мен әже қартайған,сондықтан саған әкең мен анаң сияқты қамқорлық жасай алмайды. Дегенмен,олардың даналық кеңесі отбасына көмектеседі. Қазақ халқының отбасы туралы даналық сөздері бар. Әрбір есімнің өзіндік мәні бар.
Шежіре - араб сөзі, мағынасы ағаштық бұтақ-тармақтарын білдіреді. Мен қазақпын, дей алатын азамат өзінің шыққан тегін, жеті атасын жадында тұтуы шарт. «Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді біледі» деп сөз салмақтап, ой байқап атамыз қазақ тегін айтпаған. «Қырық рулы еліміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөздер баяғыдан келе жатыр. Бұрын үлкен қариялар әкелеріміз кім, кімнен туатынын аталарынан тармақтаған ұрпақтарды тәптіштей таратып, балалардың құлақтарына құйып отыратын. Кейінгі ұрпақтары аталарын мақтан тұтып жүріп, жомарттылыққа, ерлікке, саяттық істері мен жайсаң мінездерінен тәлім-тағылым алған.
Жеті атаның балаларын бір атаның балалары деп аталады.
Жеті ата – ата-әке-немере- -шөбере-шөпшек-немене-туажат.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.Өзіңнің ең жақын туған-туыстарыңды ата.
2.Туған-туыстарыңнан сенің отбасыңа кімдер келіп тұрады?
3. «Ұядан не көрсең,ұшқанда соны ілесің»деген мақалды қалай түсінесің?
Сабақты қорыту.
І топ. Бақытты отбасының суретін салу.
ІІ топ. Бақытты отбасы туралы әңгіме жаз.
ІІІ топ. Сәйкестендіру.
Әр топ өзінің жұмыстарын түсіндіріп қорғайды.Нағашы,жиен,немере деп қойылған топ аттары туыстық атауларды білдіреді екен. Туған-туыс, отбасы тату-тәтті болу керек.Бауырмашыл,өз отбасын қорғайтын туған-туыстар көп болсын деп сабағымызды аяқтаймыз.
Үйге тапсырма
Отбасы және туған-туыстар туралы мазмұндау.
Өз әулетіңнің шежіресін жасап көр.
Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалап,мадақтау.
№167 жалпы білім беретін мектеп