Сынып сағат: Өз құқықыңды білесің бе?

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп





Сынып сағат

Тақырыбы:

«Өз құқығыңды білесіңба?»





















3 «Ә»сынып жетекшісі:Айымбетова Р.

2016 оқу жылы







Сабақтың тақырыбы:Өз құқығыңды білесің бе ?

Сабақтың мақсатты:оқушылардың құқықтық білімін арттыру.Құқық жайында ой жүйесін дамыту

«Ата заңына» бағына отырып өз елін қорғап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, ойын түрінде.

Сабақтың көрнектілігі:буклеттер,суреттер

Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа әзірлеу,түгендеу.

Әнұран орындалады.

Мұғалім:Біз бүгін тәрбиелік шарамызды әнұранмен бастадық.Осы әнұран арқылы елімізге деген сүйіспеншілігімізді білдіреміз.Осы байтақ елімізде халықтың құқын қорғайтын заңымыз бар.Сіздерді қонақтармен таныстыру үшін «Менің атым кім және ол нені білдіреді?» деген ойынмен бастағалы отырмыз.Ортаға әр бала шығып өзінің есімін таныстырып өтеді.

Жақсы ,балалар сендер өздеріңнің есімдеріңді, оның нені білдіретіндерін айттыңдар.Енді балалар,осы жерде қандай құқық туралы айтуға болады.

Оқушы:Бала туғаннан кейін есім алуға құқылы.

Балалар сендер сабақтан кейін үйге барғанда не істейсіңдер?Осыны ойын арқылы жүзеге асырып көрейік.Менің қолымда доп бар.Допты әрқайсыңа лақтырғанда сендер бос уақыттарыңда не істейтіндеріңді маған айтасыңдар.Осыған сай қандай құқық туралы айтуға болады?Дем алу құқығы.Осы құқықтардың барлығы біріктіріліп, жинақталып жазылған.Оны заң деп айтамыз.

Конституция 98 бап,9 тараудан тұрады.Енді балалар,бізге ертегі елінен қонаққа Тазша бала келуі керек.Мінекей,өзіде келіп қалған сияқты.Тазша .Сәлемдесіп мен ханның жарлығымен өзімнің тапқырлығымен өтірік өлең,қырық өтірік әңгіме айттым.Сонымен халықты риза еттім.Осы жерде қандай құқық айтар едіңдер маған.Ал осы жерде қандай құқығы бар?

Тазша өз пікірін еркін айтуға құқылы.1.9-бап.Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы.

2.Баланың өмір сүруге,жеке басының бостандығына,қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы.10-бап

3.15-бап.Баланың білім алуға құқығы

4.19-бап.Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы.

5.21-бап.Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы.

6.25-бап.Баланың ата-анасымен бірге тұру құқығы

7.34-бап.Ұлттық және әлемдік мәдинетке баулу

8.38-бап.Баланы есірткі, психотротық,күшті әсер ететін немесе улы заттардан қорғау

9.41-бап.Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу

10.48-бап.Бала жауапкершілігінің ерекшеліктері

Бала құқықтары туралы конвенция

1989жылға 20қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады.Оқушыларымыз осы конвенцияда бала құқықтары туралы не айтылғаны жайлы айтады.

6-бап.Қатысушы мемлекеттерәрбір баланың өмір сүруге деген ажырамас құқығы бар екені н таниды.

Қатысушы мемлекеттер барынша мүмкін дәрежеде баланың тірі қалуын және денсаулығының мықты болып өсуін қамтамасыз етеді.

7-бап.Бала туылған бетте тіркеуге алуға құқығы бар,сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы.

16-бап.Бірде бір бала оның жеке өміріне ,отбасылық өміріне, баспанасына қол сұғылмау немесе хат жазысып-алысу құпиясына не болмаса оның ар-намысы мен абыройына заңсыз араласушылықты болдырмау құқығын жүзеге асыруда ерікті түрде немесе заңсыз араласу объектісі бола алмайды.Бала осындай араласу немесе қол сұғушылықтан заңның қорғауына құқылы.

Мінекей ,балалар ,біздің ойшыл қазақ аталарымыз адам құқығы мен бостандығын қорғаған.Атап айтқанда олар үш жүздің билері:Төле би, Қазыбек би,Әйтеке би.Абай атамызда да адам бостандығы үшін күрескен ақын.Мақал-мәтелдерді аяқтау.

Бүгінгі сабағымызда айтылған барлық ьқұқықтарыңды біліп жүргендерің абзал.Ешқашан біреуге қиянат жасамай,тек жақсылық жасап,заңды құрметтеуіміз керек.

Сабақты қорытындылау.Бағалау.