С.Қондыбай атындағы №22жалпы білім беру орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Моргова Асем Сеилихановна.
Еңбекке баулу
Бөлімі: Ермексазбен жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Көбелек мүсінін жасау.
Сабақтың мақсаты: 1) Бейнелеу өнері пәнімен байланыстыра отырып, ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық тәрізді» созу әдістерін меңгерту. Жұмыс орнында материал мен құралдарды дұрыс орналастырып, қолдана білуге үйрету.
2) Оқушылардың іске деген икемділігін, шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту.
3) Көбелек мүсінін жасау барысында адамгершілік тәрбие беру.
Сабаққа қажетті материалдар: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері (сурет салу тәсілдері), ана тілі (өлең оқу), тіл дамыту (ой шақыру).
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Балалар біз өткен сабақта қандай жұмыс жасадық?
- Көлдегі аққу мүсінін жасадық.
- Аққу қандай құс?
– Балалар, бүгін біз ермексазбен жұмыс жасауды жалғастырамыз. Гном бізге ермексаздан «Көбелектің» мүсінін жасауға көмектеседі.
Қауіпсіздік ережесі
– Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолыңды сулап отыруды ұмытпа. Сонда ермексаз қолыңа жұқпайды. Қолыңды жұмыс кезінде аузыңа салма. Айналаңды ұқыпты ұста.
II. Жаңа сабақ
1. Ой ашар
Біз көбелекті күнделікті көріп жүрміз. Олар көктемде көбееді.Гүлден гүлге қонып,бізді қызықтыра түседі. Біз бүгін көбелек мүсінін жасаймыз.
- Көбелек туралы не білеміз? Ойланайық. (оқушылардың мүмкін жауаптарын толық тыңдау).
1. Жұмысқа қажетті материалдарды түгендеу
– Сонымен, біз ермексаздан көбелек мүсінін жасаймыз. Ол үшін ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық тәрізді» созу әдістерін үйренеміз. Қажетті материалдарды тыңдайық.
Қажетті құралдар: ермексаз, ермексазды бөлетін кескіш,, тақтайша немесе қатырма қағаз., су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
– Балалар, құрал - жабдықтарымыз түгел ме? Тағы бір түгендеп жіберейік: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
Құрал - жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қоямыз. Ұқыпты бол!
2. Түсіндіру
Көбелек мүсінін жасау үшін алдымен қатырма қағаздың үстіне көбелек сұлбасын салып аламыз.Содан соң,ермексаздан кішене дөңгелекшелер жасап аламыз.
Мүсіндеуді денесінен бастаймыз.
- Алдымен дөңгелектеп шар жасаймыз
- Содан кейін сұқ саусақпен шардың ортасынан басамыз.Дайын шарларды түстеріне сәйкес жапсырып отырамыз.
- Міне денесі дайын болды.
Біріккен жерлерді саусақ ұшымен тегістейміз. Саусақтарыңды сулап отыруды ұмытпа. Енді көбелегімізді әрлеу ғана қалды. Оған мұртша жапсырамыз.
Сергіту сәті: Көбелектер әні
IІІ. Оқушылардың сарамандық жұмысы
Оқушылар түсіндіру негізінде жұмыс жасайды. Мұғалім жұмыс жасауда қиналған балаларға барып көмек көрсетіп, нұсқау беріп отырады. Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолды сулап отыру ескертіледі.
Жұмыс аяқталған соң, балалар кімнің жұмысы әдемі болды, кімде кемшілік бар, оны қалай түзетуге болатынын айтады. Басқа жұмыстармен салыстырады.
ІV. Жаңа түсінікті сабақта қолдану
– Көбелек туралы өлең білесіңдер ме? Қазір мен сендерге өлең оқып беремін. Мұқият тыңдайық. Өлең қандай көңіл күйде жазылғанына назар салыңдар.
(Өлең оқылып біткен соң, балаларға көбелектің пайдасы туралы, оны қорғауы керектігі айтылады).
V. Қорытындылау
– Балалар, біз бүгін не үйрендік?
–...
– Не білдік?
–...
– Ермексаздан мүсінді қалай жасауға болады екен? Ермексазды созудың қандай тәсілдерін үйрендік?
–...
VІ. Бағалау
Балалар өз жолдастарының еңбегіне баға береді. Әдемі жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру.
VIІ. Актуализация
– Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Неге?
(пікірлерін тыңдау).
[pic]