Сабақтың тақырыбы: З.Шашкин. Азаттық жолында.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Сабақтың тақырыбын хабарлау, негізгі идеяны суреттеу,әңгімелеу. Автор туралы қысқаша мағлұмат ,Тоқаш Бокин туралы нақты мәлімет алады. 2.Дамытушылық: азаттық жолында күрескен басқа да батырлар жайында әңгімелейді,біледі.
3.Тәрбиелік: Болашақта өз намысын, өз халқын қорғай алатын азамат болып тәрбиеленеді.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой ашар, ой қозғау,болжау, топпен жұмыс, негізгі идеяны суреттеу,баяндау.
Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, мақалдар,сұрақтар Сабақтың барысы: І.Психологиялық дайындық. Ана тілі – өлеңімнің бастауы, Ана тілі – өмірімнің асқары. Ана тілі – Абай тілі, ұлы тіл, Намысты бол, қазағымның жастары. ІІ.Алдыңғы білімді тексеру. Н. Байғаниннің ″Амангелді″ өлеңін жатқа сұрау. - Амангелді Иманов не үшін күрескен ер? -Ол қандай көтеріліске қатысты? -А. Имановтың қол жинап, көтерілісшілер тобын құрған жерді ата. ІІІ.Жаңа сабақ
Зейін Жүнісбекұлы Шашкин ″Азаттық жолында″ (өткен сабақпен байланыстыру).
ІҮ.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді бөлімдерге бөліп мәнерлеп әр қатардан бір оқушы немесе машықкер оқиды.
Ү.Түсініксіз сөздермен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы арқылы мәтіндегі сөздерді оқушылар тауып белгілейді.
″Қарлы кесек″ ойыны. ( Қар кесектеріне жазылған сұрақтарына жауап беру).
3.Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам?
4.Түрмеде оған қандай айып тағылған?
5.Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсың?
6.Тоқашқа жолығуға кімді алып келді?
7.Ол анасымен не жайында сөйлесті, анасына не айтты?
8. Түрмеде Тоқаштың арманы не болды деп ойлайсың?
″Бостандық″ сөзіне мәндес сөздерді ата.
Біздің де тілегіміз – бейбітшілік!
Сергіту сәті.
Тапсырмалар:
1.Тоқаштан алынған жауап жөніндегі айтылған тұсты тауып,рөлге бөліп оқыңдар. 2.Анасымен арасындағы болған тұсты тауып рөлге бөліп оқы. 3.Әңгіменің әр бөлігіне ат қой. 4. Суретпен жұмыс.
1.Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаны бейнелейді?
2.Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құра.
″Ортада қаламсап″ стратегиясы (топпен жұмыс).
1-топ. Әңгімені оқып отырғанда өз сезіміңді қай оқиға қозғады.
2-топ. Неліктен әңгіме ″Азаттық жолында″ деп аталған?
3-топ. Әңгімеге лайықты мақал-мәтел айт.
Тоқашқа тән қасиетті тап.
Ұйқыдан қажыды, құлағына дейін қызарды, есіне шешесі түсті, не киім болсын, сырын
шертті, қорлықты енді көрді, жасы кеудесіне тамады, кісені сылдыр-сылдыр етіп, жүрек
дүрсілі шешесінің зарымен үндесті.
Сабақты қорытындылау.
Мәтін кестесін құрыңдар:
Мәтін авторы? Мәтіннің тақырыбы? Мәтіндегі басты кейіпкер? Мәтіндегі негізгі ой? Мәтіннен не ұқтың?
-Міне, оқушылар, бүгінгі сабағымызда халқының азаттығы жолында өз басын
құрбан еткен халқымыздың тағы да бір қаһарманы туралы білдік.
″Жас Отан жастар қанатының″ ІІ съезінде елбасшымыз Н. Әбішұлы Назарбаев
″бабаларымыздың қан төгіп, тер төгіп, жете алмай аңсап кеткен тәуелсіздігіне біз қол
жеткіздік. Сондықтан да біз бақыттымыз″ деген болатын. Олай болса, ата-бабамыз қан
төгіп, тер төгіп, осы жолда жанын құрбан еткен тәуелсіздігіміздің көк туы мәңгіге
биікте желбірей берсін деп тілейміз. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: Бөлім бойынша мазмұндау, осы әңгіме бойынша сахналық көрініске дайындалу.