Пәні | Әдебиеттік оқу 3 сынып |
Сабақтың тақырыбы | «Бала Тұрар» |
Сілтеме | Әдебиеттік оқу-Алматыбаспасы-2013ж., Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО, Блум таксономиясы, Интернет желісі. |
Жалпы мақсаттар | Тұрар Рысқұлов туралы мағлұмат беру, Шерхан Мұртазаның «Бала Тұрар» атты шығармасымен танысады, ерлігі мен еңбегі туралы суреттеп айту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады. Достыққа, мейірімділікке тәрбиеленеді.. |
Негізгі мақсаттар | Жұппен, топпен жұмыс; Өз ойларын ашық, еркін жеткізуге дағдыланады; Тақырып мазмұнын ашуға, өздігінен ізденіп білім алуға; Топ жұмысына белсене араласуға; Өздігінен білім алуға жетелеу;
|
Күтілетін нәтиже | Тұрар туралы түсінік қалыптасқан, өз ойларын айта алады, кейіпкерге мінездеме бере алады, бір-бірін бағалай алады, шығарманың мазмұнын айқындай келе мейірімділікке, достыққа тәрбиеленеді. |
Білу
2 мин
7 мин
2 мин
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылармен жылы шыраймен амандасу, Өткен сабақты «Даналық ағашы» әдісі арқылы бекіту.
Қима қағаздар бойынша топқа бөлінеді:1-топ , 2-топ, 3-топ, 4-топ
| Шаттық шеңбері: Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық!
Әр топтан шыққан оқушылар «Даналық ағашынан» сұрақ жазылған алманы ала отырып, тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап береді. Жасыл Қызыл Сары Көк |
Түсіну
9 мин | «Мюнстенберг әдісі» арқылы топқа бөлінген түрлі түсті қағаздарындағы жасырын сөздерді табады 2-тапсырма. Қалай ойлайсыңдар сонымен бүгінгі сабағымыз кім туралы екен?
| Бала, оқу, жыртық, бешпент сөздерін пайдаланып, қысқаша мәтін құрастыр. Бүгінгі сабқта Тұрар Рысқұлов туралы екенін жасырын сөздердің ішінен табады. |
Қолдану
9 мин | Шерхан Мұртаза шығармашылығы мен өмірбаянымен қысқаша таныстырып өту. 3-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. ДЖИГСО әдісі арқылы шығарманы өз беттерінше оқып, талдайды. Портрет дегеніміз не? Бейнелеу сабағында өткенді қайталау. Таныс емес сөздермен таныстыру. | 1топ-Оқиға заманын ажырататын сөздерді тап.. 2-топ- Тұрар мен Айбаровтың портретін түртіп алып оқы. 3-топ- Үлгілі сөзді тауып, оқы. 4-топ-Ұстаз бейнесін сипатта. |
Сергіту сәті 1 мин | Қимыл жаттығулары «Кел, билейік!» |
Талдау 5 мин | 4-тапсырма. Айбаровтың қылығына қандай мақал-мәтел айтуға болады? Әр топ бір-бір мақал айтып, талдайды. |
Жинақтау
4 мин | 5-тапсырма. Топтастыру : «Бала Тұрар» шығармасынан не білдік? | Шығармадан алған білімдерін топтастыру арқылы көрсетеді. |
Бағалау 3 мин
| Жеке парақшамен бағалау: * Сұраққа жауап берулері; * топтық жұмыста белсенділігін * мәтін мазмұнын түсініп, дәлелдеуін; * өз ойын анық жеткізе білуін. |
Рефлексия 2 мин | Тақырып бойынша нені түсінді, нені түсінбеді, не білді т.б.. түрлі-түсті қағазға жазып, шынжыр жасайды. |
Келесі тапсырма 1 мин | «Бала Тұрар» мазмұндау, Т. Рысқұлов туралы қосымша ақпарат жинау. |